Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет92/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
219-жаттығу. Мысалдардағы төл сөз бен автор сөздеріне байланысты 
қойылған тыныс белгілерінің ережелерін анықтап, оларды есте сақтаңыздар. 
– Тыңдасайшы әуелі. Аңнан басқа алаңдатар ештеме жоқ деймісің мені, – 
деп саптама етігін шеше бастады. – Мына жолаушыларға Садуақасты ертіп 
жіберсек деп ем. (Т.К.) – Әкілдек талай жерді, талай елді аралады. Кімнің кім 
екенін де білесің. Мына жаманды, – деп Сәкенді иегімен нұсқап, – оқытсам ба 
деп ем. Ой бар, бірақ орындар шама жоқ. Орысша оқығанын жақсы көреміз, – 
деп Жамалға көз қиығын тастады, – бірақ соның жолын білмейміз ғой біз. (Т.К.) 
Қабағын қарыс жауып алған әлгі шой қара: – Е, тәйірі сонша салмақтағаныңа 
қарағанда күшке түсер ауыр бірдеңе екен ғой десем, – деп ыржая күліп, 
иығынан салмақ түскендей қозғалып қойды. (Т.К.) – Денім сау, Кәкітай! – деп, 
ауыл-аймақтың, әкесінің амандығын сұрап кетті. (М.Ә.) – Бұл вальс қой өзі, – 
деп тағы біраз ойланды да: – атына қарағанда, бір сезікті орыннан естілген күй 
сияқты ғой! – деп, Мұқаның жүзіне күле қарады. – Қайдан үйренгенсің?! (М.Ә.) 
«Иә, – деймін ішімнен тағы қайталап, – мен мұндайды әсте күткен жоқ едім 
ғой, Зағида. Мұнан әрі өмір не болмақшы!?» Бір кезде «дырр-ррт» деген 
дауыстан басымды көтеріп алсам, ат жаңа салынған қақпаға тұмсық тіреп тұр 
екен. (Д.И.) 
 
220-жаттығу. Көркем шығармалардан жоғарыдағы төл сөз бен автор 
сөздеріне байланысты қойылатын тыныс белгілерінің әр түріне үш мысалдан 
тауып жазыңыздар. 
221-жаттығу. Төменде берілген мәтіннің тыныс белгілерін қойып, көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін анықтап, ережемен дәлелдеңіздер. 
І. Кешігіп қалдыңдар деп Шәймерден шай үстінде сөз бастады Жыл мезгілін 
күннің көзіне даланың шөбіне қарап ажыратуды қазақ қашан қояр екен Табаны 
күректей он бес күнге кешіктіңдер (Т.К.) Болды болды жетеді деді Сафура 
күйеуін өзінен сәл ғана итеріп Смағұл сен неге селтиіп қалдың үйге жүр (Д.И.) 
Шіркін-ай сөзді сатып алған ба көбірек жазса қайтер еді деді ол тамсанып Тегі 
ол бар ғой әуелден осылай тоқ етерін айтады да қош болмен аяқтай салады 
(Д.И.) Жолдастар біздің қас жауымыз капиталистер ал мына кеңседегілер 
олардың шабалатып қойған иттері Бірлесіп күрессек қана біз өзіміздің 
талаптарымызды орындата аламыз деді (Т.К.) Қандай аяулы жан дедім Мәрия 
туралы Жас болса да нағыз ана ғой мейірімді ана ғой ол (Д.И.) Қайыр түндегі 
кереметтердің қайдан шығатындығын айта келіп сөзінің аяғында Түндегі 
көрініп жүрген ақ боз ат та сиырдың өкіруі де бәрі де адам істеген іс Мұнда 
құдайдың құдіреті де кереметі де дәнеме де жоқ Бұл біздің жауымыз байлардың 
ісі солардың қолы Мұны біз сендерге кешке дейін-ақ ашып берейік деген еді 
(Ғ.Мүс.) Бірақ деп жыламсыраған үні қатқылдай түсті менің де сенен тілер бір 
тілегім болса сенің бермесіңе бола ма Мен сенен аналық өтініш етем Сол 


109 
қолқамды бересің бе деп баласын иығынан құшақтай түсіп жауап күтті (М.Ә.) 
Қандай сүйкімді әйел дедім мен оны көз алдыма тағы елестетіп Ал бірақ ол 
соншалықты неге мұңлы Оның күйеуі қайда неге осы кезге шейін көзіме бір 
түскен емес (Д.И.)
ІІ. Е-е Адамның басы Алланың добы деген ғой не боларына кімнің көзі 
жеткен деді кемпір күрсініп Аздан кейін ол Еламанға қайта қарап жүзін тіктеп 
отырып Жөніңді білмесек те жүзіңді көріп отырмын Мыналар сені кісі өлтірді 
деп отыр Қайдан білейін адам аласы ішінде ғой түріңе қарасам иманмен қаптап 
қойғандай деді (Ә.Н.) Ақкемпір келініне көз қиығын тастап Ә құдайым-ау деді 
ішінен қайтейін Бұ да өзгеге күледі өзіне күлетін кісі жоқ па екен сонда (Ә.Н.) 
Дуана еке мен мен Мамырбай ақсақалдың дей берді Орыстар алып кеткенін 
айтуды ұят көрді Үндемеудің тағы да жөні жоқ қалайда бірдеңе айту керек 
болды Маңдайын сипап көзін жыпылықтатып төмен қарап Мен Мамырбай 
ақсақалдың баласы едім ауылымнан адасып ауылымды таба алмай жүрмін деді 
(Ж.А.) Бұлардың тынышын кім алыпты деді жалт қарап Оразқұл Біреу 
буындырғандай өзінен өзі қызарып кетті Алжи бастағансың-ау сен шал деді Үні 
баяу шыққанмен шалға деген зіл бар (Ш.А.) Ойбай-ау өз көзіммен көрдім ғой 
Былай қарай үрке қашқан маралдар деді Момын шал бой бермей Балам-ау өзің 
де көрген жоқ па едің Жоқ көрдің көрдің (Ш.А.) Ол оңай ма шырағым-ау 
Үстіндегі жүгін былай қойғанда мына боранды көрмеймісің. Оқасы жоқ құдай 
қаласа ертең бәрі орнына келер Тек әйтеуір мына боран басылса екен деді 
Момын оларды өзінше ақтаған болып (Ш.А.) Анадай жерде бағанадан үн-түнсіз 
тұрған Момын шал шыдамай Не айтып тұрсың Сейдахмет бұларды атуға 
тыйым салынған деді міңгірлеп (Ш.А.) Ере келген өзге еркек-әйелдің бәріне 
Мәніке өзінің әмірлі қатаң үнімен бұйрық етіп Жә біздің ауылдың кісілері 
Ахкем үйінде қонақ болдың ішер асыңды іштің Ахкем деп ол қайнағасы 
Тәкежанды айтатын Енді қайтыңдар Малдарыңа шаруаңа жөнел түге деді 
(М.Ә.) Сен немене еш нәрсені сезбейсің бе деп Света қабағын көтеріп таңырқай 
қарады Шекарада тұрмыз (Т.А.) Әй жарқыным деп қасына келді тұрмайық біз 
де талап қылайық (Ә.Н.) Дуана Ақбілекке жетіп келіп А балақайым алақайым 
шырақайым Қайдан келесің деп басын сипады (Ж.А.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет