113
Оңтүстіктен ыстық жақтан келгені бірден байқалады жүзін күн қақтап
тотығып кеткен. Сүйрік саусағымен іліп тастағысы келіп еді күннің ерке нұры
кеткісі келмеді оның томпиған бетіне шығып алды. Бірде сөнеді бірде жануға
бет алып шоқтанған темекінің ақшуланған түтіні үзіле дөңгеленеді бірде ол
қоюлана бұрқырайды. Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді және өз ойы
сияқты көрінді. Әзіл де жарасты мінез де үйлескендей болды. Бұл Абайдың да
ойы еді бірақ ол іштегі рахат күйін бұл арада сөзбен айтып жеткізе алар емес.
Сапардың сүйетін екі нәрсесі бар-ды біріншісі көгершін ұшыру да екіншісі көл
бетінде қайықпен жүзу болатын. Әлдекім хабарлап қойған болуы керек қыз-
бозбала дүркірей қашып шықты. Перизат сұрап үлгере алмады өйткені машина
гүр етті де сырғи жөнелді. Тұңғиық қара теңізге қара дауыл соқты сондықтан
теңіз шайқалып күңіренді. Маған жолға жеткендей қаржы жіберсін болмаса мен
бара алмаймын. Әлде шайға құмартқан ба әлде Мария апайдың сөзі жылы тиді
ме ана стаканды қолына алды. Біресе терезеден қараңғы түнге қадала қарайды
біресе стол үстіндегі жаюлы жатқан картаға үңіледі.
Достарыңызбен бөлісу: