224-жаттығу. Мәтіннің тыныс белгілеріне назар аударып, қойылу себебін
түсіндіріңіздер. Ертегілердің тағы басқа қандай жолдармен басталатынын еске
түсіріп, мысал келтіріңіздер.
Әже ертегілері
Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен.
Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады.
Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен
әңгіме айтуды сұрады. Сонда ол ойланып тұрып:
– Е, е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп, кішкене
тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда
әжесін тізесінен қағып:
– Е, е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп, тағы да
әңгіме тілегенін білдіруші еді.
Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар қорығы»,
«Құла мерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кеште де, тіпті
кеш бойы да Абай айтқыза беретін болды. (М.Әуезов «Абай жолы»)
Тыныс белгілерін қайталау 225-жаттығу. Ж.Баласағұнның даналық сөзіндерін оқып, есте сақтаңыздар.
Тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріңіздер.
1) Тіл арыстан есік баққан ашулы Сақ болмасаң жұтар ерім басыңды 2)
Қалар мұра сөз кісіден кісіге Сөзді мұра тұтсаң пайда ісіңе 3) Кісі көңілі түпсіз
теңіз ойласаң Білім інжу түбінде анық қойма сан 4) Кісі мәңгі болмас мәңгі ат
ары Мәңгі қалар оның жақсы атағы 5) Тірі өледі жер төсеніш жастығың Аты
өлмейді өлсе де өзі жақсының 6) Жамандық от от күйдіріп өтеді Жолын бөгер
күш жоқ күл қып кетеді 7) Ақыл көркі тіл тілдің көркі сөз Кісі көркі жүз жүздің
көркі көз 8) Ақыл шырақ қара түнді ашатын Білім жарық нұрын саған шашатын
9) Білім байлық азаймас һәм жоғалмас Еш қарақшы ұрыға да тоналмас 10)
Біліктіге білім күллі тон асы Білімсіздің қылығы сұм жолдасы 11) Құттың құты
ердің ізгі есімі Ізгі аты мәңгілік құт есігі 12) Ұстамды боп һәм көзіңе қарағын
Ұстамды әзіз алар күллі аларын Үш нәрседен жүр алыс сақ байқағын Бірі
қыңыр қисық болма айтарым Бірі жалған сұғанақтық үшінші Үшеуінің түбі
қорлық түсінші Кісі сөгіп ұсақ сөзге берілме Дұрыс сөйле теріс-қағыс керілме
Өзіңді адал ұста адалдық киелі Бектер адал адалдықты сүйеді 13) Жаһан заңы
112
құрмет тұту үлкенге Үлкен келсе тік тұрып күт іркілме Ұлыға кішік құрметі бек
жарасар Кішіге ұлық құрметтесіп санасар 14) Жібек мінез қыз-келіншек
шырыны Біле білсең әйел көркі қылығы