Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет95/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
226-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, тыныс белгілерін тауып қойыңыздар.
Өлсе өлер табиғат адам өлмес 
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес 
Мені мен менікінің айрылғанын 
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес 
Көп адам дүниеге бой алдырған 
Бой алдырып аяғын көп шалдырған 
Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған 
Кім жүрер тіршілікте көңіл бермей 
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей 
Міні қайда екенін біле алмассың 
Терең ойдың телміріп соңына ермей 
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас 
Екеуі тап бірдей орныға алмас 
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас (Абай) 
 
227-жаттығу. Мәтінді оқып, сөздердің білдіретін мағынасын есте 
сақтаңыздар. Тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріп жазыңыздар. 
Мәулен – ұрғашы мысық 
Күнделікті өзіміз пайдаланып жүрген кейде әредік қана естілетін сөздердің 
де түптегін яғни мән-мазмұнын біле бермейміз Айталық мәулен алан абдан 
мәлике әңгі әздек жусақ марғау шағал мамыр ызақор сынды сөздердің мәнін 
біреу білсе біреу білмейді 
Осындағы мәулен мәлике абдал дегендер адамдардың есімі ретінде кездеседі 
Ызақор мамыр марғау сөздерін жиі қолданамыз Алан әңгі әздек жусақ 
сөздерінің көне екені көрініп тұрғандай Дегенмен тегіне үңілсек мұның бәрі біз 
бен сіз жақсы білетін жан-жануарлардың есімі 
Сөзімізді анықтай түссек мәулен ұрғашы мысық алан барыстың күшігі 
абдан арыстанның баласы мәлике ұрғашы жылан әңгі есектің еркегі әздек жас 
еркек есек жусақ 1 жасар тау ешкісі яғни туша марғау мысықтың есейген 
баласы шағал қорқау қасқыр мамыр әлі ұшпаған отқа семірген балапан қаз 
ызақор арыстанның еркегі (Д.Қожаберген) 
228-жаттығу. Төмендегі салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін 
қойып, көшіріп жазыңыздар. Салаластың қай түріне жататынын анықтаңыздар. 


113 
Оңтүстіктен ыстық жақтан келгені бірден байқалады жүзін күн қақтап 
тотығып кеткен. Сүйрік саусағымен іліп тастағысы келіп еді күннің ерке нұры 
кеткісі келмеді оның томпиған бетіне шығып алды. Бірде сөнеді бірде жануға 
бет алып шоқтанған темекінің ақшуланған түтіні үзіле дөңгеленеді бірде ол 
қоюлана бұрқырайды. Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді және өз ойы 
сияқты көрінді. Әзіл де жарасты мінез де үйлескендей болды. Бұл Абайдың да 
ойы еді бірақ ол іштегі рахат күйін бұл арада сөзбен айтып жеткізе алар емес. 
Сапардың сүйетін екі нәрсесі бар-ды біріншісі көгершін ұшыру да екіншісі көл 
бетінде қайықпен жүзу болатын. Әлдекім хабарлап қойған болуы керек қыз-
бозбала дүркірей қашып шықты. Перизат сұрап үлгере алмады өйткені машина 
гүр етті де сырғи жөнелді. Тұңғиық қара теңізге қара дауыл соқты сондықтан 
теңіз шайқалып күңіренді. Маған жолға жеткендей қаржы жіберсін болмаса мен 
бара алмаймын. Әлде шайға құмартқан ба әлде Мария апайдың сөзі жылы тиді 
ме ана стаканды қолына алды. Біресе терезеден қараңғы түнге қадала қарайды 
біресе стол үстіндегі жаюлы жатқан картаға үңіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет