Пунктуациясы


Леп белгісі, оның қойылатын орындары



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата28.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#666
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Леп белгісі, оның қойылатын орындары 
 
Леп  белгісі  –  лепті  сөйлемнен  кейін  қойылатын  таңба.  Лепті 
сөйлем  деп  адамның  көңіл  күйін,  түрлі  сезімін  білдіретін  сөйлемді 
айтамыз. 
 
ЛЕП БЕЛГІСІ 
 
Қойылатын орындары 
Лепті 
сөйлемдер
ден кейін 
Ұран, 
үндеу 
мәнді 
сөйлем
дерден 
кейін 
Одағай, 
қаратпа 
сөз 
сөйлем 
басында 
келіп, 
көтеріңкі 
дауыспен 
айтылса 
Бұйрық,  тілек, 
өтініш 
мәніндегі 
бұйрықты 
сөйлемнен 
кейін 
Ішінде  сұраулы 
сөйлем жасайтын 
элементтері  бар, 
бірақ  ерекше  бір 
сезіммен 
айтылған 
сөйлемдерден 
кейін 
Ма, ме, ба, бе, 
па, 
пе 
шылаулары 
бар, 
сәлемдескенд
е  айтылатын 
сөйлемдерден 
кейін 
Шіркін,  дәл 
осындай 
жігіт  болып 
өсер  ме  еді! 
(Ш.А.) 
Жасас
ын 
бірлік, 
бейбіт
шілік! 
Оны естігенде 
Бекболат: – Е, 
бәрекелді!.. 
Япырай! 
Түгел 
түсіп 
пе?  –  деді. 
(Ж.А.) 
Төлеген  әнтек 
қипалақтап 
тұрып:  –  Кәне, 
жолдастар! 
Тамаққа 
жүріңіздер!  – 
деді. (Ж.А.) 
Көзі тостағандай, 
терең,  тұңғиық, 
қандай 
тамаша 
десеңізші! 
(Ш.А.) 
– 
Сәлеметсіздер 
ме! – деді оған 
бейтаныс 
біреулер. 
(Ш.А.) 
 
147-жаттығу. Леп белгісінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер. 
І.  Қазақтың  домбырасы  мен  қырғыздың  қобызынан  күмбірлеп 
шығатын  күй  дәл  осы  лек-лек  тасқын  шабыс  емес  пе  екен!  (Ш.А.)  – 
Үрбие-ау! Бетіңді кішкене жуып жүрсейші! – деп, қазаншы қатынның 
алдына  бір  уыс  бауырсақ  тастады.  (Ж.А.)  Шалқаңнан  жатып  алып, 
көк  аспанның  тұңғиық  теңізін  барлап  жатқан  деген  қандай  рақат! 
(Ш.А.) Күлгенде де, ренжігенде де арасы қосылып кететін қалың қара 
қасы  қандай  әдемі!  (С.Ш.)  Қала  мен  жолда  талай  күн  бірге  болған 
уақытта бірде-бір сездірсеші! (М.Ә.) Сол уақытта Абай үлкен ықылас 
білдіріп,  айрықша  бір  тағзыммен  төсін  басып,  қатты  дауыстап:  – 
Ассалаумағалайкүм!..  –  деп  сәлем  берді.  (М.Ә.)  Үй  артындағы  қоста 
Қартқожа  бала  оқытып  жатыр  еді,  бір  күні  Кәрібай  қажы:  «Бері 

 
94 
шығып кетші!» – деді. (Ж.А.) Енді бір басып еді, аяқ асты қарауытқан 
шұқыр  болды,  шұқыр  түбінде  бірдеме  ағараңдаған  тәрізді,  қимыл 
етті: – Ағатай-ай! – деді біреу ышқына сыбырлап. (Ж.А.) 
 
ІІ.  Жапырақтар-ау,  сыбдырлап  жерге  төгілгенше,  шерлі  сұлуға 
сая болсаңдаршы! Ызғырық-ау, ызылдағанша жапанда жалғыз қалған 
баланың  әкесіне  хабар  берсеңші!  (Ж.А.)  «Заула  отым,  заула!  Мазда 
отым,  мазда!  Қорқақ  аңдар,  тілсіз  жаулар!  Қаш,  маңыма  жолама! 
Күйдіремін,  өртеймін!»  –  дегендей  Ақбілек  от  тәңірге  сүйініп,  таң 
атқанша  маздатып,  жаны  аман  қалды.  (Ж.А.)  Ақбілек  қай  үйге 
барарын  білмей,  дағдарып  келе  жатыр  еді,  дуана:  –  Анау  үйге 
барайық! – деп, адырдың бауырындағы үлкен қораны нұсқады. (Ж.А.) 
– Ойбай-ау! Олар қайда? Көргеміз жоқ... – десіп, таңданып, олай да, 
бұлай  да  жүгірісті.  (Ж.А.)  Дос  алдында  жауап  беруден  дұшпан 
қолында  өлген  жеңіл  емес  пе!  (Ш.А.)  –  Иә,  сүйтіңдер,  тізелесіп 
отырыңдар!  Ұялатын  үлкен  кісі  жоқ  қой,  –  деп,  Ақберген  де  айтты. 
(Ж.А.)  «Құлыным-ау!»  –  деп  Қалиша  құшағын  жайып  құшақтай 
алғанда-ақ,  Шәйза  өзіне  деген  бір  сұмдықтың  болғанын  сезіп  еді. 
(Ғ.Мүс.) 
 
148-жаттығу. 
Сұраулы, 
хабарлы 
сөйлемдерді 
лепті 
сөйлемге 
айналдырыңыздар, қалай жасағандарыңызды айтыңыздар. 
Бұғы  ана  баурына  басып  жылытпаса,  ертелі-кеш  сүтін  беріп 
асырамаса, бұлардың күні не болар еді? (Ш.А.) Жадағай шананың өн 
бойын  алып  теңкиіп  жатқан  бір  алаша  бидайды  қалай  көтермек? 
(С.Ш.)  –  Басқалар  әзір  шатасқан  жоқ  па?  –  деді  Есілбай  баласына. 
(Ғ.Мүс.) – Үстінде жабуы бар ма, немене? – деді Қиналған қараңғыда 
толық айыра алмай. (Ғ.Мүс.) – Сиыры құрысын, өлмесе өрем қапсын, 
керек  болса  ауылнайдың  өзі  асырап  алар,  енді  ол  қораның  маңына 
барма  деп,  «әлгіні»  үйден  шығармай  қойдым...  (Ғ.Мүс.)  Бейсенбі, 
Әбділда  Жігітектің  малды,  әлді  ауылдарынан  атқамінер  атаулыны 
жинап  алып  ақылдасты.  (М.Ә.)  Қар  басқан  кең  дала  қыбырсыз,  ұзақ 
жота  үнсіз  де  момын  тыныштықта.  (М.Ә.)  Мағаш  ақырын  ғана 
жымиды да: – Әбіш аға, оныңыз рас қой. Зорлау жоқ, апамдікі өтініш 
емес  пе?  Ал  және  осы  өтініштің  мезгілі  жеткен  жоқ  па  еді?  –  деді. 
(М.Ә.) – Рас, солай бопты. Ал ендеше, істің артына, аяқталуына ғана 
қараса,  сол  Базаралының  әрекеті  ел  көпшілігін  өкіндірер  іс  болған 
жоқ  па?  Осыған  сахарадағы  кедейлер  нендей  байлау  жасады?  Және 
дәл осы туралы өзіңіз не қорыттыңыз? – деді. (М.Ә.) 

 
95 
 
149-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, леп белгісінің қойылу мәнін 
түсіндіріңіздер.  Оны  қабылдаудағы  өз  тебіреністеріңізді  қандай  тыныс 
белгілерін қою арқылы жеткізер едіңіздер, ойларыңызды білдіріңіздер. 
Шөгіп  жатқан  түйедей,  ортасы  кезеттеніп,  денесін  қошқыл  қара 
түк басып, қырарқасы тарақтай ирек-ирек болып,  шудасы желкілдеп 
тұрған,  мынау  өзіміздің  Баян  тауы!  Жарықтық,  қандай  салауатты! 
Қандай  айбатты!  Міне,  Ащының  бойы!  Әне,  Бөрікөл,  Быламбай, 
Қарасор.  Ана  көрінген  Мойылды.  Ой,  шіркіндердің  көзі  жаудырап, 
самаладай болып жарасып тұрғанын-ай! 
Анау сары адырдың иығынан түсіп, созылып келе жатқан қалың 
көшті қара! Сүйіндіктің көші! Әлде бұл қай ауыл? Көші қалың, малы 
шоғыр не қылғанмен көші бай ауыл ғой! Анау Ащының бойын өрлеп, 
сыпылдатып  бара  жатқан  құс  салушылар-ау!  Қаз,  үйректі  көк 
жендетің  қырып  жүр  екен!  Әне  тастады.  Түйді  дабылды.  Жарқ  етті. 
Алды  білем.  Атты  қойды  ғой.  Не  деген  қыран!  Балаларды  қара! 
Көштің артында қалып, тай, құнанмен жарысып келе жатқанын! Көк 
құнан  озды!  Жоқ,  құлалы  да  жетті,  озады-ау  енді,  озады-ау! 
Айдасайшы,  шірік  ит!  Қап!  Қарсы  алдынан  сиыршылар  киліккенін 
көрдің бе? Жығылады-ау енді. Жоқ, тоқтады. Әне бір сиыршы кейін 
қарай шапты. Арбасы қирап қалды-ау! Сиыр ит сүйкенбей жүре ме? 
Бәрін  бүлдіріп  келе  жатқан  әне  бір  күйлеген  қызыл  құнажын  екен. 
Көп  жылқы  ана  ауылдың  шабындысына  түскенін  көрдің  бе? 
Байлардың осынысы жаман-ау! Жоқ, жер қорушылар да шапты. 
(Ж.Аймауытов «Қартқожа») 
 
150-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  лепті  сөйлемнің  әр  түріне  үш 
мысалдан теріп жазыңыздар. 
 
151-жаттығу.  М.Мақатаев,  М.Шаханов,  Қ.Мырзалиев  туындыларынан 
лепті  сөйлемі  бар  шумақтарды  келтіре  отырып,  не  себепті  қойылғанын 
анықтаңыздар. Әр ақынның екі өлеңін алып талдаңыздар. 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Леп белгісі қойылатын орындарды табыңыздар 
A) бұйрық, тілек, өтініш мәніндегі бұйрықты сөйлемнен кейін 
B)  кейіпкердің  сөзіне  қатысы  жоқ,  автордың  түсінігі  ретінде 
айтылған ремаркадан кейін 

 
96 
C) айтып отырған ой желісі түрлі себептермен (қысылып сөйлей 
алмаушылық, логикалық ойдың бөлінуі, сөйлеушінің ойын аяқтатпай, 
бөліп жіберу т.б. сияқты) үзіліп қалған жағдайда 
D)  ма,  ме,  ба,  бе,  па,  пе  шылаулары  бар,  сәлемдескенде 
айтылатын сөйлемдерден кейін 
E)  ішінде  сұраулы  сөйлем  жасайтын  элементтері  бар,  бірақ 
ерекше бір сезіммен айтылған сөйлемдерден кейін 
 
ІІ. Леп белгісі қойылатын орындарды табыңыздар 
A) санамалы нөмірді белгілейтін айшықсыз қолданылған цифр не 
әріптен кейін 
B) Ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден кейін 
C)  Айтып  келе  жатқан  ойға  кенет,  тосын,  күтпеген  не  алшақ 
жатқан нәрсе қосылып кетсе 
D) Көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа сөзден кейін 
E) Мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдерден кейін 
 
ІІІ. Леп белгісі қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Арада екі ай өтпей малшылар да келіп қалды 
B)  Елі  жөнді  болыстар  мақтанып  жүр  тарқылдап  күлкісі  бөлек 
қарқылдап үні бөлек сартылдап 
C)  Тоқтат  жаным  Бар  Айтқаныңды  қумаймын  Тек  ашуыңды 
аулақ әкет Болды Бар деп жай ғана бітірді 
D) Жасасын бірлік бейбітшілік 
E)  Менің  кім  екенімді  қысқаша  түрде  Жұмабайға  әкесі  айтып 
берді сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі 
 
ІҮ. Леп белгісі қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Оны  естігенде  Бекболат  Е  бәрекелді  Япырай  Түгел  түсіп  пе 
деді 
B) Металды қорытып осы қалыптарға құяды содан кейін токарлар 
станокке салып өңдейді 
C) Қыз әңгіме айтқызайын деп соғысты сұрай беріп еді Жарқабай 
оған жөнді жауап қатқан жоқ 
D)  Төлеген  әнтек  қипалақтап  тұрып  Кәне  жолдастар  Тамаққа 
жүріңіздер деді 
E) Тоқсан кішкене денелі адам екен ал Ізбасты ірі денелі кісі екен 
 
Ү. Леп белгісі қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 

 
97 
A)
 
Қала  қазағының  сахарадағы  туыстарынан  әлі  өзгеріп 
кетпеген бір қасиеті сол шама келгенінше өлердей қонақшыл 
B)
 
Сәлеметсіздер ме деді оған бейтаныс біреулер 
C)
 
Көзі тостағандай терең тұңғиық қандай тамаша десеңізші 
D)
 
Ол тез кететін болсыншы біз үндемейік 
E)
 
Сөз таба алмаған Секен қу шөппен аузын сүрткендей болды 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
Көп нүкте, оның қойылатын орындары 
 
Көп  нүкте  –  белгілі  бір  себептермен  ойдың  аяқталмай 
қалғандығын  немесе  асығып-аптығып  сөйлеуге  байланысты 
айтылмақшы  ойдың  толық  айтылмағандығын  білдіру  үшін 
қойылатын тыныс белгісі. 
 
КӨП НҮКТЕ 
 
Қойылатын орындары 
Мысалы 
Алынған  дәйексөздің  арасынан  сөйлем  не 
сөздер қалдырылған жағдайда 
Қол еңбектің органына айналумен бірге, өзі де 
еңбек  процесінде  жетіліп  дамиды:  «...  қол 
еңбек  органы  ғана  емес,  ол  сонымен  қатар 
еңбектің жемісі де». (К.А.) 
Жазушы  айтып  келе  жатқан  оқиғаның 
жалғасын созбай тоқтатқан жағдайда 
Кім біледі, бұл түнгі жортуылдар әлі қаншаға 
созылар  еді,  егер  де  мына  бір  жағдай 
болмаса... (Ш.А.) 
Айтып  келе  жатқан  ойға  кенет,  тосын, 
күтпеген  не  алшақ  жатқан  нәрсе  қосылып 
кетсе, оның алдынан қойылады  
Сол  жылы  қызылшадан  көп  өнім  алдық.  ... 
Жарықтық балажан еді ғой. 
Сөйлеушінің  белгілі  бір  себептермен 
(ентігу,  тұтығу,  асып-сасу  т.б.)  сөздерін, 
ойын бөліп айтқанда 
–  Мен  ұл  туған  жоқ  ...  тек,  осы  қызым  ... 
Ақбалам  болмаса  ...  –  деп  Сүйеу  үйде,  түзде 
бірдей мақтанатын. (Ә.Н.) 
 
152-жаттығу.  Төмендегі  сөйлемдердегі  көп  нүктенің  қойылу  себебін 
түсіндіріңіздер. 
Қайырып  берген  зеренді  де  алмай,  ұршық  ұстаған  қолы  тізесіне 
түсіп  отырып  қалды  ...  (Ә.Н.)  Тек  бірақ  рет  Шораға  деген  сеніміне 
шек  келтірді,  бірақ  оған  көбінесе  Танабай  өзі  кінәлі  еді...  (Ш.А.) 
Құлыным,  Қайырлым...  қайда  жоғалып  кеттің  ...  –  деп,  әлсіз  ғана 
шыққан  дауыс  естіледі.  (Ғ.М.)  Гүлсары  сонда  таныс  соқпақ  жолға 
түсіп, сонау өзен сыртындағы жайлауға тартып бара жатады... (Ш.А.) 
Бағзы  бір  замандарда  барымтаны  осылай  алып  қашып,  жаралы 
батырларды жау қолына түсірмей қауіп-қатерден осылайша қаумалап 

 
98 
алып  шыққан  болар-ау...  (Ш.А.)  Күн  райы  қысып  кетпесе,  бірдеңе 
етіп лаждап шығармыз, қайтеміз... (Ш.А.) Ойша санай бастады. «Шет 
тілін  біледі,  машина  жүргізе  біледі...  біледі...  Би?..  Әрине,  биді  өте 
жақсы билеуге тиіс».  (С.Ш.) Аянғаны болған жоқ, қолынан келгенін 
жасады бәрі де... (С.Ш.) 
 
153-жаттығу. Көркем шығармалардан көп нүктенің әр түріне екі мысалдан 
теріп жазыңыздар. 
 
154-жаттығу.  Мәтінді  көшіріп  жазып,  көп  нүктенің  қойылу  себебін 
түсіндіріңіздер. 
 
Жолда 
(үзінді) 
...  Ауылда  жүргенде  қысы-жазы  дөң  басында  өтетін  кеш,  қазір 
тағы да бір өзгеше боп серпілтіп, өз қуатын айрықша білдіріп, Абайға 
қатты әсер етеді... 
Өзі  салмаса  да,  Абай  қаршыға  салған  үлкендердің  қасына  өткен 
жазда көп еріп еді. Сонда ымырт жабыла бергенде, апақ-сапақта, кеш 
қараңғылығы  қоюланған  сайын,  көк  қаршыға,  өрттей  қаршыға, 
секунд санап жалындай шалқып, жайнай беруші еді... Абай өз ойын, 
өз  көңілінің  күйін  мына  кеште  дәл  сол  шабыттағы  беті  қайтпас 
қаршығадай сезді. Бүгін бір түрлі сергектік, сезімділік бар... 
Өзге  күндерден  дәл  бүгінгі  күннің  уақиғалары  әлдеқайда  бөлек. 
Күндізгі  әкелер,  әлгі  Шөже,  жаңағы  Бөжейлер...  Бір  Қарқаралы 
қаласының алақандай аясының ішінде болғанмен, осы адамдар арасы 
соншалық  кереғар.  Тіпті  дүниенің  төрт  бұрышындай  алшақ  жатыр. 
Бір  жерде  күш,  бір  жерде  өнер,  бір  жерде  мінез...  Аралары  және 
бітімсіз  боп,  әр  салада  жатқаны  несі!..  Бәрі  бір  орынға  жиылып, 
ынтымақпен бір арадан табылса не етер еді?.. 
Бұл  ой  Абайға  ең  алғаш  келген  ой  еді  де...  және  тіпті  өз  ойы 
сияқты  көрінді.  Анығында:  «ақыл,  қайрат...»,  «ақыл  мен  бақыт, 
байлық»  дегендердің  өзара  дауы,  таласы  деген  «парсы,  түрік» 
тіліндегі кітаптардан былтырлар бір оқыған нақыл әңгімесі бар-ды. 
(М.Әуезов «Абай жолы») 
 
155-жаттығу.  Тыныс  белгілерінің  қойылуы  мен  қандай  қызмет  атқарып 
тұрғанын талдап айтып беріңіздер. 
Жер  үстінде  адам  баласы  болудан  қасиетті  не  бар  дейсің.  Тек 
қандай адамның баласы болу керек, соны айт. Бұған қосатын бір сөз – 

 
99 
адамды  езетін  адамның  баласы  болма,  адамды  езетін  адамды  адамға 
да санама... 
Әрине,  адам  өмірінде  көп  қиындықтар  ұшырасады.  Онсыз 
өмірдің өзі де өлімтікпен тең, сұр көлеңке болар еді. Күрес пен күлкі, 
қайғы мен шаттық,  алыс пен жақын,  жеңіс  пен  жетіліс болмаса, бұл 
шіркіннің  өзі  де  тоңған  мұз,  ұйыған  айран  емес  пе?  Әңгіме  таудай 
қиындықты тымақтай сілетін заман жасауда ғой. Жасаймыз да ондай 
заманды! 
–  Иә,  адам  баласы  болуға  не  жетеді  дейсің:  не  көрмейсің,  не 
білмейсің,  істегің  келсе,  не  істемейсің.  Тек  істемесең  ғана  еш  нәрсе 
қызықтырмайды,  не  қинамайды,  не  қуандырмайды.  Қуаныш-
шаттыққа  да  бейжай,  шақырылмаған  қонақтай  ығысып  қарап, 
орныңда таба алмай, кездескен бұтаққа іліге кетесің. 
(Ғ.Мүсірепов «Адамның анасы») 
 
156-жаттығу.  Көп  нүкте  қойылған  сөйлемдерді  қатыстыра  отырып 
мамандығыңызға байланысты шағын әңгіме жазыңыздар. 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Көп нүкте қойылатын орындарды табыңыздар 
A)  Жалғаулықсыз  қарсылықты  салалас  құрмалас  құрамындағы 
жай сөйлемдер арасына 
B) Бірыңғай сөйлем мүшелерінің арасына 
C)  Жазушы  айтып  келе  жатқан  оқиғаның  жалғасын  созбай 
тоқтатқан жағдайда 
D) Мағыналық тұтастығы бар болғандықтан, рет-ретімен әріптер 
не цифрлар арқылы санамаланып айтылатын сөйлемдерден кейін 
E)  Сөйлеушінің  белгілі  бір  себептермен  (ентігу,  тұтығу,  асып-
сасу т.б.) сөздерін, ойын бөліп айтқанда 
 
ІІ. Көп нүкте қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Құлағына жайлы хабар тигендіктен Ақан киіне бастады 
B)  Ең  алдымен  арбалары  салбырап  машиналары  малтыға 
гүрілдеп тыл бөлімдері зыта бастады 
C) Арман сүйемелдей берді апасы бойын тіктеді 
D)  Айғыз  кәрі  әжеден  жасқанып  кейін  серпіле  берді  де  Тоқал 
демексің мүйіздемексің ғой бірігіп ап Көрермін келсін ертең деді 

 
100 
E)  Құдайберді  есікке  көзімен  нұсқап  Адам  бола  ма  Болар  ма 
Інілерің міне Кім боларын Не көрерін қайдан білейін деді 
 
ІІІ. Көп нүкте қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Сен мені мен мен сені дос ретінде түсіне алмадым кешір деді 
ол 
B)  Кейде  олар  балаша  шулап  таласа  қалады  кейде  олардан 
салмақты жан жоқ 
C) Сен келгенде Ә оны айту міндетті емес 
D)  Ағаңнан  да  сенің  алдыңнан  шықпақ  ойы  бар  еді  жұмыстан 
қолы тимеді 
E) Өзіңе қарай дос ізде тең-теңімен жарасады 
 
ІҮ. Көп нүкте қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Ол асығыс келді де аялдамай кетіп қалды 
B) Апам терең ғып тігіп берген ә ә сендерде ондай жоқ-ау 
C) Ұлбикенің асыққаны сонша даяр тұрған тамаққа да қарамады 
D)  Кісіге  біліміне  қарай  болыстық  қылады  татымсызға  қылған 
болыстық өзі адамды бұзады 
E) Сол жылы қызылшадан көп өнім алдық 
Жарықтық балажан еді ғой 
 
Ү. Көп нүкте қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Апа  Әже  Немене  мен  аурумын  ба  осы  деп  көзі  жасаурап 
шешелеріне қарай аунап түсті 
B) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді бұл егін дәнін 
қолымнан мен септім ғой 
C)  Апатай  құтқара  көріңіз  анда  анда  бір  обадай  нәрсе  өзі  дәу 
апатай қаш деп асығып-аптығып жайды айта бастадым 
D) Сөз бергенге ерме бөз бергенге ер 
E)  Өзі  бір  бөлімнің  бөлімшесінде  подотделение  орынбасарлық 
қызметін атқарушы еді 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы 
 
Кей кезде сөйлемнің айтылу ерекшелігіне қарай тыныс белгілері 
қабаттаса қолданылады. 

 
101 
 
Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы 
Сұраулы 
сөйлем  лептік 
интонациямен 
айтылғанда, 
сұрақ 
басым 
болса, 
сұрау 
белгісі  бұрын, 
көңіл күй екпіні 
басым 
болса, 
леп 
белгісі 
бұрын 
қойылады 
Сұраулы 
не 
лепті сөйлемдегі 
ой  аяқталмаған 
жағдайда  сұрау 
не  леп  белгісі, 
сосын көп нүкте 
қойылады 
Жалғаулықсыз 
қарсылықты 
салалас  құрмалас 
құрамындағы 
жай 
сөйлемдер 
арасына 
үтір, 
сызықша 
қойылады 
Төл сөз бен автор сөзі 
арасына 
сызықша 
үтірмен, 
леп 
белгісімен  қабаттаса 
келеді, 
сондай-ақ 
тырнақша  мен  үтір, 
көп  нүкте,  нүкте, 
сұрау,  леп  белгілері 
қабаттаса 
қойылуы 
мүмкін 
Драмалық 
шығармалард
а  ремаркалар 
келсе, 
ол 
жақшаға 
алынып, 
жақшаның 
ішіне 
не 
сыртына 
нүкте 
қойылады 
Шіркін, 
сол 
есіктің 
ар 
жағындағы 
дүние  қандай 
екен?! (Ш.А.) 
Мүмкін,  сонда 
бала 
осы 
бұзаумен  бірге 
мектепке  барар 
ма  еді,  қайтер 
еді?.. (Ш.А.) 
Сөз 
бергенге 
ерме, 
– 
бөз 
бергенге 
ер. 
(мақал) 
–  Қалқам-ау,  саған 
не  болды?  –  деді 
баланы 
тоқтатып. 
(Ш.А.) 
Сазамбай 
(ұшып 
түрегеліп). 
Кім,  кім,  не 
дейді? (Ж.А.) 
 
157-жаттығу.  Сөйлемдегі  тыныс  белгілерінің  қойылу  мәнін  түсіндіріп, 
дауыс ырғағымен оқып көріңіздер. 
Үйлеріне  келсе-ақ  есіктерін  жауып  алады,  бұ  не  деген  тірлік?! 
Есігін құлыптап та адам өмір сүре ме екен? (Ш.А.) Әке деген сорлыға 
өз баласының өзгеден естіп жатқан лағынеті мен  жеген таяғын көру 
оңай ма?! (Ш.А.) Апырау, сағына күткен сол ертең қашан келер екен 
десеңші!?  (С.Ш.)  Адам  көңілі  ғажайып  үндерге,  ғажайып  сырларға 
тұнып  тұрған  нәзік  перне  сияқты  емес  пе?!  (С.Ш.)  Шешесінің 
жүрердегі  сөзі  есіне  түсті  ме,  болмаса  қазіргі  көңіл  күйіне  сай  келді 
ме?.. (М.Ә.) Кейбір адамдар көбіне науқастан гөрі, мықты боп көріну 
үшін,  ақылды  атану  үшін,  жұрттан  артық  саналу  үшін,  соны  арман 
етіп,  бар  жігер-қуатын  соған  жұмсап,  дегеніне  жете  алмай  өледі. 
(Кімнің ақылды болғысы келмейді, кімнің көрікті болғысы келмейді, 
кімнің  атақты  болғысы  келмейді,  кімнің  әділ,  кімнің  қатал,  кімнің 
батыл  болғысы  келмейді  дейсіз?..)  (Ш.А.)  Оларда  пасықтық  бар,  – 
адамдық  жоқ;  қараңғы  жауыздық  бар,  –  жарқын  жүз  жоқ.  (М.Ә.) 
Ұлболсын  жауап  беруден,  сөйлесуден  тартынбайды,  –  неге  екені 
белгісіз, қаймығады. (Б.М.) 
 
158-жаттығу. 
Көркем  шығармалардан  қабаттаса  келген  тыныс 
белгілерінің әр түріне үш мысалдан теріп жазыңыздар. 
 

 
102 
159-жаттығу.  Өлеңді  мәнерлеп,  дауыс  ырғағын  құбылта  оқып,  тыныс 
белгілерінің ролін түсіндіріңіздер. 
 
Ұран 
Қазағым, қақтықпа, қамалма! 
Ел болар қамыңды амалда! 
Кетті түн, атып таң, шығып күн 
Сал малды, сал жанды аянба! 
 
Мал баққан, жай жатқан ел едік, 
Бейнетті көп тартқан ер едік, 
Қаны жат, тілі жат, діні жат 
Жат елден таяқты жеп едік. 
 
Жатқа жем бай едік, кен едік, 
Бағың жоқ биліктен кім едік, 
Партия сұрқия, қым-қиғаш, 
«Басы аман» көп надан сен едің. 
 
Зарыққан, талыққан шағыңа 
Тап болды бостандық бағыңа! 
Ұйымдас, ұрандас, жағалас! 
Сен де мін бабаңның тағына! 
 
Құның жоқ, қорлықта өшіп ең, 
Терезең төремен болды тең. 
Намыстан, қайраттан қатарға ен! 
Басқадан кем болған сенің нең? 
 
Ұраным, қорғаным, сен Алаш! 
Жолыңа құрмалдық мал мен бас! 
Өнер тап, өрге шап, қару ат. 
Аллалап алға бас, ал Алаш!!! 
(Ж.Аймауытов) 
 
160-жаттығу.  Өздеріңіздің  қатты  қуанған  кездеріңізді  еске  түсіріп,  сол 
сезімдеріңізді  тиісті  тыныс  белгілерін  қоя  отырып  жазбаша  түрде 
суреттеңіздер. 
 
 

 
103 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Тыныс белгілері қабаттаса келетін орындарды табыңыздар 
A) Сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылғанда 
B)  Жалғаулықсыз  ыңғайлас,  себеп  мәнді  салалас  құрмаластың 
арасына 
C)  Жалғаулықсыз  қарсылықты  салалас  құрмалас  құрамындағы 
жай сөйлемдер арасына 
D)  Жалғаулықсыз  ыңғайлас  салалас  құрмалас  сөйлемдердегі 
оқиға бір мезгілде, бір ыңғайда шұғыл түрде өткен болса 
E)  Шартты  бағыныңқылы  сабақтастың  баяндауышы  шартты 
райдан жасалып, бағыныңқы сөйлемге мән бере айтылса 
 
ІІ. Үтір мен сызықша қабаттаса келетін сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Сені іздеп едім көзіме түсе қоймадың 
B) Арман сүйемелдей берді апасы бойын тіктеді 
C) Ұлбикенің асыққаны сонша даяр тұрған тамаққа да қарамады 
D) Қыз өссе елдің көркі 
E) Көнгім келмеді амалым не 
 
ІІІ. Тыныс белгілері қабаттаса келетін сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Ешбір  өзгеріссіз  су  да  ақырын  тербеледі  қалтқы  да  жыбыр-
жыбыр қозғалады 
B) Апанның іші әрі салқын әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен 
C) Мына жайды байқадың ба 
D) Көзіңе қарамайсың ба деп шаңқ етті 
E) Жанбауырдың тұяғынан түлкі кетпейді бірақ ол бұталы жерге 
түспейді 
 
ІҮ. Тыныс белгілері қабаттаса келетін сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Жүсіп сөйлемекші еді оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған 
қолы бөліп бірсыпыра уақытқа шейін сөйлетпеді 
B)  Сонда  елдің  қамын  ойлап  белі  бүгілген  бір  қарт  тұрып  Уа 
ағайын  Арадағы  түйін-түйткілді  қан  төкпей  шешейік  деп  сөз 
бастайды 
C) Абай мен Ербол жастары үлкен болса да бұл өңірде қыс жүріп 
көрмегендіктен жол бастауды Шәкеге тапсырды 
D)  Үй  ішін  әлсіз  қызғылт  сәуле  жарық  қылған  уақытта  шешесі 
Абайдың қиналып отырған қалпын байқады 

 
104 
E)  Ол  отқа  жақындап  келгенде  қараңғыда  кісінеген  жылқының 
дауысы естілді 
 
Ү. Тыныс белгілері қабаттаса келетін сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Олжабек бұл жолы бөгелген жоқ жауапты қолма-қол қайырды 
B)  Ай  таяқ  бойы  көтеріліпті  маңдай  алда  дөп-дөңгелек  болып 
толықсып тұр 
C)  Бименденің  әкесінің  аты  Сыздық  еді  ауылды  Сыздық  ауылы 
дейтін 
D) Әлгі түсімді қайта-қайта көргім келгендей көзімді жұмып едім 
ұйқым келмеді 
E)  Майқы  би  баласы  Үйсінге  Хан  ақылды  әділ  болса  қараша 
батыл  ынтымақты  болса  қара  жерден  су  ағызып  кеме  жүргізеді  деп 
батасын береді 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет