134-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, хабарлы, сұраулы, лепті
сөйлемдердің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріңіздер.
Орман Не деген сөз десеңізші бұл Оған тірелмейтін тіршілік бар
ма адам баласында
Ең алдымен, орман ішінің ауасын айтсаңызшы Оған жақындай
бергенде-ақ шөптің, шатырдың, жапырақтың, топырақтың, ағаштың,
гүлдің, бір сөзбен айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрынды
жарады Неше түрлі нәрлі жемістің қосындысынан жасалған керемет
сусын іспеттес ауаны қайта-қайта жұтумен боласыз
Орман дегеніңіз отар-отар мал іспеттес екен ғой өзі Сол
отарлардан жыл сайын мал бөлініп, халықтың азық-түлігіне, керегіне
жөнелтіліп жатпай ма Сол сияқты жыл сайын орманнан да ағаш
кесіліп, халық қажетіне, мұқтажына жіберіледі
Алтайдың елгезек өзендері: Бұқтырма, Күршім, Нарын, Үлбе,
Уба облыстық ағаш таситын арбасы есепті Олар тауда құрылыс
ағаштарына арқаларын тосып дайын тұрады Содан соң жұп-жұмыр
83
бөренелер поезға тиеледі Қаз дауысты тепловоздар оларды
республиканың түпкір-түпкіріне тасиды
Нүкте, оның қойылатын жерлері
Нүкте екі түрлі қызмет атқарады: 1) белгілі бір ойдың аяқталуына
байланысты қойылады; 2) драмалық шығармаларда кейіпкер атынан
кейін, қысқартылып алынған адам есімдері, кіші әріппен жазылған
қысқартулардан кейін т.б.
Нүктенің қойылатын орындары
Мысалы
Хабарлы сөйлемнен кейін
Ол торға салған бір асымдай тоң балықты
босағаға тастай салды. (Ә.Н.)
Жай, лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді
сөйлемдерден кейін
Жақсы аттың жалын сақтағанша, Жақсы
жігіттің арын сақта. (Мақал)
Цифр не әріптер арқылы санамаланып
айтылған сөйлемдерден кейін
Дүниядағы жұрттың тілі негізінде үшке
бөлінеді: 1) Түбіршік тіл. 2) Жалғамалы тіл. 3)
Қопармалы тіл. (А.Б.)
Санамалы нөмірді белгілейтін айшықсыз
қолданылған цифр не әріптен кейін
Сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі: 1.
Сыйыса құрмаласу. 2. Қиыса құрмаласу.
(А.Б.)
Драмалық шығармалардағы әр
кейіпкердің атынан кейін
Ұмсынай. Мейлілерің, қарақтарым, мен не
қылайын, тек іші құтты болсын. (Ж.А.)
Кейіпкердің сөзіне қатысы жоқ, автордың
түсінігі ретінде айтылған ремаркадан
кейін
Ораз. Омыраулама! (Мылтығын оқтанып.)
Қалай аласың? (Ж.А.)
Бас әріптерінен не басқы буынынан
қысқартылып алынған адам, кітап, газет,
журнал, шығарма аттарынан кейін
Қазақ әдеби тілінің тарихы, басталу кезеңі,
қалыптасу дәуірлері туралы Ғ.Мұсабаевтың
да пікірлері бар. (С.И.)
Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы
басқа деген сөздер қысқартылып
алынғанда
Бұл кезеңнің әдеби тілін байқататын тілдік
материалдар
Махамбет,
Шөже,
Дулат,
Шортанбай, Шернияз, Жанақ т.б. ақындардың
шығармалары болып табылады. (С.И.)
Жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып,
тыныс
белгілерінің
бірі
қойылса,
қыстырма сөйлемнен кейін жақшаның
ішінен нүкте қойылады
– Жоқ, көк тиыным жоқ, ағай, – деп бала шын
пейілімен жыртық қалтасын айналдырып
көрсетті. (Екінші қалтасын тігіп тастаған
екен.) (Ш.А.)
Ескерту. Бас әріптерден және буындардан қысқарған сөздердің
әріптерінің не буындарының арасына нүкте қойылмайды: БҰҰ, ауатком.
Ұзындық, көлем өлшемдерінің қысқартылып қолданылатын шартты
белгілерінен кейін нүкте қойылмайды: км, т, га, мм.
Белгілі бір күн, тақырып атауы атынан кейін нүкте қойылмайды:
Қыркүйектің алтысы не Алтыншы қыркүйек, Үй жұмысы, Зат есім. Егер
тақырып атауы екі не үш аталымнан тұрса, әр тақырып атауын бөліп тұру
шартты түрде үшін нүкте қойылады: Зат есім. Жалқы және жалпы зат есім
84
135-жаттығу. Сөйлемдердегі нүктенің қойылуына назар аударып, себебін
түсіндіріңіздер.
Қазақ ертегілерін шартты түрде мынадай топтарға бөлеміз: а)
Қиял-ғажайып ертегілер. ә) Хайуанат жайындағы ертегілер. б) Салт
ертегілер. в) Балаларға арналған ертегілер. г) Аңыз ертегілер, күй
аңызы. (М.Ә.) Күннің бұлыңғырынан ба, жоқ ымырт таяу ма, әйтеуір,
айнала боран болғанмен, болжап болмастай қою сұр мұнар
қоршауында тұр. (М.Ә.) Тобықты ішінде Құнанбай айтты деген
сөздердің ішінде, «философ» айтарлық ақиқат сөздердің мына
сияқтысы бар: 1. Құл мен қожа майданда теңеледі, жас пен кәрі
білімде теңеледі, бай мен кедей жомарттықта теңеледі. 2. Адамның
қай мінезі өнері болса, сол мінезі айыбы болады. 3. Кісі айыбын
айтпақтан оңай жоқ, өз айыбыңды өзің айтқаннан ауыр жоқ. (М.Ә.)
Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері Н.Сауранбаев, С.Аманжолов,
Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов және
басқалары өз еңбектерінде қазақ әдеби тілінің тарихи бастауы,
қалыптасу жолдары мен кезеңдері сияқты мәселелер жөнінде
пікірлерін білдірген. (С.И.) Ақшаға сатып байығандары да аз емес.
(«Ей, балам, ақша жүрген жерде әділетке, адалдыққа орын жоқ», –
деп бұрынғылар бекер айтпаған.) (Ш.А.) Артқан түйеңнен сиынған
иең күшті болсын. (Мақал) Арсақай. Тұз бермек түгіл, у берсең де
берші, жарқыным! (Домбыраның құлағына, тиегіне түкіріп, шерте
бастайды.) (Ж.А.)
136-жаттығу.
Сұраулы,
лепті
сөйлемдерді
хабарлы
сөйлемге
айналдырыңыздар.
Сонда ана Сегізбаевтар мен Қашқатаевтардың айтқаны дұрыс
емес екенін Шора шынында сезбей ме? (Ш.А.) Адам баласына бір-ақ
рет берілетін өмірді қалай ғана дәті барып қия алады? (Ш.А.) Әлгі
ғаріп қайғы-мұңын кімге барып шағарын білмей, шыр айналып,
шырқырап жүр, селт етіп, оның зарын сезеді деген жан болсашы!
(Ш.А.) Үш бұзаулы сиыр, кер құнажын, екі тайыншадан басқа,
шауқар мен көк байталдан басқа мал бар ма? (Ж.А.) Жүністен жаңа
хат танып, үшкөлге барам деп жүргенде, мұндай күйге ұшырадым-ау!
(Ж.А.) Туғалы ұзап шықпаған, бауырмал әженің бауырында еркелеп
өскен, үлбіреген балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін? (Ж.А.)
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан
білсін? (Ж.А.) – Ғылым атынан тағлым айтады десе, топастыққа
85
топастық, жауыздыққа жамандық қоса түскені несі?! – деді. (М.Ә.) –
Әттең, шіркін бала шақ! – деген Базаралының өз бетімен айтқан
арманды тынысы дәл Абайдың ішімен сырласудан туғандай. (М.Ә.) –
Е, ондағы ұстазын білмейсің бе? Үлгі алатын Қалдыбай ғой! – деп,
Кәкітай тың адамның атын атағанда, көпшілік сол адамның бәріне
мәлім күлкі мінезін еске алды. (М.Ә.) – Сол қаланың бар көшесінде
өткен балалық шағың да түспей ме есіңе? – деді ол шешесіне.
(Ғ.Мүс.) Оның үстіне орталықта үйлері бар, бала-шаға, кәрі-
құртаңдары бар емес пе? (Ғ.Мүс.)
137-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне нүкте қойып,
жаттығуды көшіріңіздер. Нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Тобықты ортасында Құнанбай айтты деген сөздердің ішінде
едәуір ойшыл адам айтарлық терең сөздердің мына сияқтысы бар: 1
Адамның қай мінезі өнері болса, сол мінезі айыбы болады 2 Кісі
айыбын айтпақтан оңай жоқ, өз айыбыңды өзің айтқаннан ауыр жоқ 3
Өткен істен оңай жоқ 4 Арымнан жаным садаға, жанымнан малым
садаға деген сияқты (М.Ә.) Күні-түні осылай мақтау-мадақтаудың
өзара шайқасы өтіп жатты («Ей, балам, жыршылар сөз қуып, бірімен
бірі жарыса бастаса, жырдың да, сөздің де құны қашады Ақырында
олар жыршыдан жырдың жауына айналады») (Ш.А.) Бәйділда
(жігіттерге қарамайды, екі көзі Рәбиғаны ішіп-жеп барады) Ертеден
қара кешке... ертеден қара кешке... есің шығып... есің шығып...
(Жолында жатқан домбыраны есікке қарай лақтырады) Домбыра,
ойын-сауық... Қыз ойнақ... Жынның ойнағы... (Жігіттер жөнеледі)
(Ж.А.) Көзің ауырса, қолыңды тый, Ішің ауырса, аузыңды тый
(Мақал) Мүсілім Құдай жеткізсе, осы сайлауда болыс болғанымды
көрерсің (Ж.А.)
138-жаттығу. Драмалық шығарманың тиісті тыныс белгілерін қойып,
ережесін түсіндіріңіздер.
Ұмсынай Қанапияға алақанын көлеңкелеп сығалап қарап
Қарағым-ау Қанашпысың
Қанапия Иә шеше Жүріп бара жатыр едім Қош айтысайын деп
келдім
Ұмсынай Ынтықбайды біз де жаңа жөнелтіп Шәрбанжан екеуіміз
жылап-жылап жаңа басылып отыр ек
Қанапия Тірі кетіп бара жатқан кісіге жылай ма екен Аман болсақ
бір күнгідей де болмайды
86
Ұмсынай Оның рас қой қарағым Сен бұрын түзге үйреніп қалдың
ғой Біздің жалғызды айтсайшы Әжең байғұстың да құр сүлдері
қалған шығар
Қанапия Қайтсін құдайдың салғанына көнеді де Жолдастар ұзап
кеткен шығар мен жүрейін дәм ауыз тигізіңіз шеше
Ұмсынай Тигізейін қарағым Наннан үлкен дәм жоқ деуші еді
бауырсақ берейін қарағым Тәрелкеге бауырсақ салып орамал жайып
алдына қояды
Қанапия бір бауырсақты аузына салып Шәрбану сен де ал
Ұмсынай Қарағым Қанашпен бірге сен де же Бір дастарқаннан
дәм татқанша әлдене заман Шәрбану бір бауырсақ алады Мен алайын
Алып жейді
Қанапия дастарқанды қайырып Абиыр бер Аман сақта Аллакпар
де Бата қылады
Ұмсынай Ей жасаған-ай сақтай гөр
Қанапия түрегелді өзгелері де тұрады Қош енді шеше
Ұмсынайдың қолын ұстайды
Ұмсынай жыламсырап бетінен сүйіп Қош қарағым қош Шәрбану
құрбыңды аттандыр қарағым Қанапия Шәрбану шығады
(Ж.Аймауытов «Қанапия мен Шәрбану»)
139-жаттығу. Драмалық шығарманың тыныс белгілеріне назар аударып,
жұптаса оқып шығыңыздар. Қазақша киім үлгісі түрлерінің өзіндік
ерекшеліктерін айтыңыздар.
Айсұлу (ауыз үйден келіп, айнаға барып, шашын, кимешегін
түзетіп). Бәтіш-әй! Әй, Бәтіш!
Батима (төр үйден). Немене?
Айсұлу. Менің киімдерімді алып берші, қажының тойына
шақырып кетті ғой, барып келейін.
Батима. Киімің абдырада, төрдегі үйге барып кисеңші.
Айсұлу. Мен келгенше үйден шықпа. Біреу бірдеңені алып кетер,
жалғыз отыруға қорықсаң, Биғашты шақыртып ал. Екеуің ойнап
отыра тұр, мен де көп болмаспын.
Батима. Апа-ау! Биғаш жасыл сәтеннен бір көйлек тіккізіпті,
көрдің бе?
Айсұлу. Қазақша мекен? Ноғайша мекен?
Батима. Ноғайшадағы, осы күнде қазақшаны кім киюші еді?
Айсұлу. Кім тігіпті?
Батима. Мәдескеге тіккізіпті, бойға бір түрлі қонады.
87
Айсұлу. Мәдеске тіккен соң, жаман бола ма?
Батима (белін қысып). Белі денеге жабысып тұрады, етегі
былайлау кең келген. (Омырауын көрсетіп.) Мынадан былай тағып
тастаған, үлкен жасыл түйме, етегі келтелеу бір түрлі жарасады!
Айсұлу. Тәйірі, орыстікіндей сылаңдаған бірдеңе де.
Батима. Апау, осы ноғайлардың өзі орысша киіп жүрген жоқ па?
Жаңа моды сол емес пе?
Айсұлу. Етекті қымтауға келмеген соң не киім сәндігі бар?
Батима. Ие, бәрібір, көк паплиннен сондай бір көйлек тіктіріп
аламын.
Айсұлу. Қоя тұр енді не болса соған әуес болмай.
(Ж.Аймауытов «Сылаң қыз»)
140-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, нүктенің қойылуына назар
аударыңыздар. Қалай сәлемдесу керектігіне мән беріп, оны есте сақтаңыздар.
Сәлемдесу әдебі
Әркім сәлемдесу міндетін ғана емес, сонымен қатар сәлемдесу
әдебін білуі және өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын
қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыруға талпынуы тиіс.
1. Сәлемдесудің әдеп тұрғысынан алғандағы ең басты шарты –
жылы лебіз.
2. Қабағын түнертіп, жүзін суытып немесе сүйкімсіз тыржиып,
естілер-естілмес сәлем беріп, міндетімнен құтылдым деу – ізеттілік
емес, керісінше, кісінің көңіліне қаяу түсіретін қылыққа жатады.
3. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп кекірею,
жақтырмаған кейіп таныту – инабатсыздық, тәкаппарлық,
парасатсыздық, көргенсіздік белгісі.
(«Әдептілік қағидалары» кітабынан)
Тақырып бойынша тест тапсырмалары
І. Драмалық шығармаларда қойылатын нүктені белгілеңіздер
A) Олар келіп ханға жолыққан соң хан Елші болғандарың қалай
Келе елімізді дүрліктіріп ойран салғандарың қалай дейді
B) Хан олай болса елімнің билігін өзіме берсең болады депті
C) Әбутәліп Тұра тұрыңыз мен түн ұйқымды төрт бөліп һаман
сізді ойлап шығамын Омыраулап Мені сүйесіз бе
88
D) Бала топтан шыға бергенде Айғыз күліп Пай жаман қатындар
сілекейлеп баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау деп
паңдана күлді де Абайды көзінен сүйді
E) Батима төмен қарап Сөзіңіз болса апамдар келген соң басқа
уақытта айтарсыз Қазір сөйлесуге уақытым жоқ
ІІ. Драмалық шығармаларда қойылатын нүктені белгілеңіздер
A) Сонда Қасенхан айтыпты Айғыр даусын қорадағы бие естіген
жерден кісі даусын ит естімеуші ме еді
B) Бай айғайлап Батима Ә Батима Батимаға келеді төмен қарап
маңдайын ұстап тұрады Батимаға Мыналар қайдан қаптап кетті
C) Айсұлу екпіндеп кіріп келіп аңтарылып тұра қалып
Мыналарға не болған
D) Е досың ғой әлгі шебер бала ғой бар бар деп Шыңғыс рұқсат
етті
E) Мысықты өзіне ілестіре үйге кірген Шоқанға Зейнеп
Шоқанжан-ау мына сары сұңқарды тағы тауып алғансың ба деді
таңданып
ІІІ. Драмалық шығармаларда қойылатын нүктені белгілеңіздер
A) Қанипа оған ренжімей-ақ қой Сенің бауырыңа да Шоқанның
бір көнесі табылар деп Зейнеп Қанипа көңілін де жұбатып қойды
B) Немене жолдама алдың ба деп сиқырланып жолымды
тосқауылдай қалыпты
C) Ынтықбай Жүрсе арба-сайманымды даярлау керек еді ғой
Түрегеледі
D) Бай Батимаға қарап Қарағым апаң келген жоқ па
E) Хакім Мен төргі үйге барайын сен байды айналдырып жіберме
Төргі үйге кіріп кетеді Батима орындыққа отырып басын ұстай қояды
ІҮ. Автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін
жақшаның ішінде нүктенің қойылуы
A) Сазамбай Шәрбануға оқты көзімен қарап Сендер-ақ
құлағымның етін жеп бітірдіңдер ғой
B) Ұмсынай Қарағым Қанашпен бірге сен де же Бір дастарқаннан
дәм татқанша әлдене заман Шәрбану бір бауырсақ алады Мен алайын
Алып жейді
89
C) Ұмсынай Тигізейін қарағым Наннан үлкен дәм жоқ деуші еді
бауырсақ берейін қарағым Тәрелкеге бауырсақ салып орамал жайып
алдына қояды
D) Сазамбай кіріп келе жатып Пай пай тағы немене шаңқылдап
жатқандарың Не болды Не бүлініп қалды
E) Ұмсынай Оның рас қарағым Мен тысқа шығайын Шығады
Ү. Автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін
жақшаның ішінде нүктенің қойылуы
A) Сазамбай Құп тақсыр Бәрі болады Шайыңыз да майыңыз да
табылады Дуана кетеді
B) Дуана кетіп бара жатып Боқ қарным малыңды жайла
тамағыңды сайла шайыңды майла
C) Сазамбай есікке қарап Әй қайсың барсың біреуің мұнда келші
D) Дуана Құдайдан сұра құдайдан сұра Өзін нұсқап Мынадан
сұрама Сазамбайды қарынға түртіп қалып Мынадан да сұрама
E) Сазамбай Шәрбануға түйіліп Көзіңді ағызып жіберейін бе
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар.
Сұрау белгісі, оның қойылатын орындары
Сұрау белгісі, негізінен, сұраулы сөйлемнің соңына қойылатын
таңба болып табылады. Сұраулы сөйлем деп жауап алу мақсатында
жүзеге асатын сөйлемді айтады. Сұраулы сөйлем екі түрлі жолмен
жасалады:
1)
грамматикалық белгілер арқылы; 2) интонация арқылы.
СҰРАУ БЕЛГІСІ
Қойылатын орындары
Сұраулы
сөйлемдерден
кейін
Бірыңғай жеке сөздер не
сөз
тіркестері
сұрау
интонациясымен
айтылғанда
Жауап
қайтаруды
тілейтін,
таза
сұраулық мәні бар,
амандасқанда
айтылатын
толық
сөйлемдерден кейін
Сөйлемдегі
бір
сөздің мәні екіұшты
болып,
күмән
тудырғанда
жақшаға алынады
Бала бұл жағын
білмейтін,
шынында
балаға
мұндайды біліп
керегі
не?
(Ш.А.)
Шауып ала ма? Сотқа бере
ме? Өлтіріп жібере ме?
Өртеп жібере ме? Қалайда
не бірін, не бәрін істеуге
елдің беті түзелді. (Ж.А.)
– Е, Жаңбырбай, мал-
жан аман ба? – деп
Жылтыр
ұшып
түрегеліп, шұрқырай
кетті. (Ж.А.)
Тарта берер алдыға,
ұмтыла
берем
балаша (?)
90
141-жаттығу. Төмендегі хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге
айналдырыңыздар.
Танабай осыны айтып, уақыт шіркін мына жорғаның
шабысындай болып көзді ашып жұмғанша өте шыққанына өкінді.
(Ш.А.) Жаз айының жадыраңқы күнінде Танабай сайда пішен шауып
жатқан. (Ш.А.) Сол сапарда көз ұшынан ол шауып бара жатқан
жорғаның шаңын байқап қалып еді. (Ш.А.) Көз үйреніп, ішіндегі
адамдарын анық түстегеннен кейін бұл үйде қорқарлық дәнеме жоқ.
(Ғ.Мүс.) Ақ күртіктің үстімен келе жатқанда әуелі Қалишаның үйін
көрмейсің, үйдің төбесінде жатқан пештің мойнын жабатын күл
дорбаны көресің. (Ғ.Мүс.) Оспанның бір тума қарындасы тәрізді,
өзіне ұқсас, өзімен тұтас қара бәйбішесі бар. (Ғ.Мүс.) Қимылдаған
адам айып тартатындай ешкім тырс етіп дыбыс шығармады. (Ғ.Мүс.)
Жеті қараңғы түнде ауылдың ту сыртында Итемген мен Оспан отыр.
(Ғ.Мүс.) Жүністі бір жарлауыттың астына тастап, Қартқожа
бүкшеңдеп, буыны сыртылдап, Шамкештің іргесіне келді. (Ж.А.) Елге
келгеннен бері қарай Мағаш пен Кәкітайлардан Әбіш көп нәрселер
естіп қалған-ды. (М.Ә.)
142-жаттығу. Мәтіндегі сөйлемдердің тыныс белгілеріне назар аударып,
сұраулы сөйлемдердің қалай жасалып тұрғанын талдап көрсетіңіздер.
Уәде беру оңай болғанмен, сонау таудың ұшар басындағы құшақ
жетпес қарағайды қырқып, төменге жеткізу оңай ма? (Ш.А.) Осының
барлығы Оразқұлдың хайуандығынан, ақыр беретін дүниесі болған
соң, тым болмаса бір ай бұрын кесіп, шамалы дегдітпей ме? (Ш.А.)
Жаман айтпай, жақсы жоқ, ертең өзі көз жұмса, жанашыр маңында
ешкім қалмаса, бұл бейбақтың халі не болмақ? (Ш.А.) Мына жұмысқа
араласуға Оразқұл рұқсат бере ме, жоқ па? (Ш.А.) Туған қызым, мен
саған бақытты өмір тілемейді деймісің? (Ш.А.) Туған жердің
артығын, жазатайым іс етіп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден
айырылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер
білмесе, кім білсін? (Ж.А.)
143-жаттығу.
Ф.Оңғарсынова, Т.Молдағалиев өлеңдерінде сұрау
белгілерінің қойылуына назар аударып, себебін анықтаңыздар. Әр ақынның екі
өлеңін алып талдаңыздар.
91
Сұраулы сөйлемнің жасалуы
Ма, ме, ба, бе,
па,
пе
сұраулық
шылаулар
арқылы
Сұрау
есімдіктері
арқылы
Сұраулық интонация арқылы
Баяндауыш
құрамында
ғой,
ше
шылаулары
келу арқылы
Баяндауыш
құрамында
шығар,
болар
сөздері
келу
арқылы
Баяндауыш
құрамында
ә
одағайы
келу
арқылы
Бүгін
күн
қызарып
бұлтқа батты,
ертең
жел
көтеріле ме,
жоқ
па?
(Ә.Н.)
Бағып отырған
малыңды
тастап,
үй
тұрғызуға керек
дүниені қайдан
іздерсің? (Ш.А.)
Анау
адам
мұның сөзін
дұрыс түсінсе
жақсы,
түсінбесе ше?
(Ш.А.)
Топырлап
кіріп
жатқан
мына
кісілерді
де
қуанышына құтты
болсын
айта
келгендей көретін
болар? (Ә.Н.)
– Баламысың деген,
ә? – деді шал
мұртынан күліп. –
Әуелі үйге жетіп
алайық,
қалғанын
көрерміз. (Ш.А.)
144-жаттығу. Сұраулы сөйлемдер қандай сұрау мәнді сөздердің
қатысуымен жасалып тұрғанын анықтаңыздар.
Шабандоздар дәл қазір неге үндемейді, бет-әлпеті неге сіресіп
қалған, не тыңдап келеді? (Ш.А.) Дәл осы жерде алдында отырған
келіні емес өзге біреу болса, Танабай мұндай сөздерді айтқызып қояр
ма еді? (Ш.А.) Мүмкін, бұлар өздерінің түнде көрген түсін бір-біріне
баяндайтын шығар? (Ш.А.) Машинаны алғаш көргендей қуаныш,
алып ұшқан жүрек қайда кеткен, осынша неге қуанды, осынша
аптыққаны несі? (Ш.А.) Шалды ол қайдан қусын, бұл кетсе, кім
жұмыс істейді? Бұл шалсыз күн көре алар ма? (Ш.А.) Басқаларға
торайдай шұбыртып бергенде, бұған келгенде құдайдың көзі неге
жұмулы? (Ш.А.) Көп жылқы ана ауылдың шабындысына түскенін
көрдің бе? (Ж.А.) Туған жердің артығын, жазатайым іс етіп,
күштілерге күш етіп, еріксіз елден айырылған, шеттен дәмі бұйырған,
жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін? (Ж.А.)
145-жаттығу. Белгілі бір ақын не жазушымен кездесу ұйымдастырылса,
қандай сұрақтар қояр едіңіздер. Әркім бес сұрақтан дайындаңыздар.
146-жаттығу. Көркем шығармалардан сұраулы сөйлемнің әр түріне үш
мысалдан теріп жазыңыздар.
Тақырып бойынша тест тапсырмалары
І. Сұраулық шылаулар арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер
A) Соны шертіп-шертіп қойып: «Қара көже, мынаның не екенін
білесің бе?» – деді.
92
B) Хакім (түрегеліп, Батимаға жақындап). Өкпең қайтсе
жазылады?
C) Батима. Ноғайшадағы, осы күнде қазақшаны кім киюші еді?
D) Байбек (мылтыққа жармасып). Өй, өзің кісі өлтірейін деп пе
ең?
E) – Балтабек деген жігіттің үйін білесіз бе?
ІІ. Сұрау есімдіктері арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер
A) Есікті ашып жібересің бе
B) Ораз Қорабайға Сенде ат бар ма Мынаны қайттық
C) Сазамбай жақындап Не дейсің шырағым Не дейсің
D) Сонда Бөкеншіден қанша қыстау алмаққа ұйғардың мырза деп
Сүйіндік енді бұл салықтың көлемін байқайын деді
E) Шәрбану бойы үйреніп Жақсы көрмесек соңынан жүреміз бе
ІІІ. Сұраулық интонация арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер
A) Әдебиет пен тарихты салыстыра отырып оның құнарлы нәрін
ұрпақ бойына сіңіргенде ғана бұл мақсатымыз орындалатын шығар
B) Оның үні күндегіден қатқыл әрі оқыс шыққаны сондай мен
селк ете түстім
C) Біраздан соң Бекеттің айт-шу деген дауысы естілді де арба
салдырлай жөнелді
D) Қарабас Айтам деп еру қылғанша айттым бастадым десеңші
Абай оны сезбей келеді деймісің Іші бәрін сезеді бұның деп
мінбелете бастады
E) Кешеден бері көргені көңілін көтерер еді Ысқақ сөзі сейілтіп
жіберді
ІҮ. Сұраулық интонация арқылы жасалған сұраулы сөйлемдер
A) Апай Алматыға бармады сонан соң мен келдім
B) Балалар пойызы осы ғой ә
C) Сен оны өлтір болмаса өзің өлесің
D) Менің де ойлап жүргенім сол енді біз татуласайық
E) Сіз Пелагея Ниловна саудагер Корсуновамен таныссыз ғой
деді
Ү. Сұрау белгісі қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер
A) Құлаққа жағар дәмді сөз бар да құлақты сасытар жағымсыз сөз
бар
93
B) Не істеп жүрсің
C) Айтқанды істесін әйтпесе ісін сотқа беремін
D) Нұрым қамшыны да босатпады басқа соғар деп қауіптенді
E) Қайран менің жүрегім мұз болмай ма
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар.
Достарыңызбен бөлісу: |