Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



Pdf көрінісі
бет23/25
Дата13.04.2023
өлшемі1,76 Mb.
#82134
түріПрограмма
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Мұрагерлік 
Мұрагерлік деп – еншілес кластың өз бастамасы болып табылатын ата-ана класының 
барлық атрибуттарын иеленуін айтамыз. Атрибуттардың кейбірі ееншілес класта қайтадан 
анықталуы мүмкін немесе еншілес класқа жаңадан қосылуы мүмкін. Python тілінде кез 


29 
келген объект құрған кезде біз мұрагерлікпен кездесіп отырдық: объектіде класс атрибуттар 
болуы да мүмкін немесе өзіне ғана тән дербес жеке атрибуты болуы да мүмкін.
class A:
def sum(self, x, y):
num = x + у
return num
class B(A):
# "A" класы мұрагерін жасаймыз
def div(self, x, y):
num = x / у
return num
obj=B()
print(obj.div(2,4))
print(obj.sum(2, 4))
Нәтижесі:
0,5
6
Python тілінде сонымен бірге көптік мұрагерлік формасы да бар (multiple inheritance). 
Класты бірнеше базалық класпен анықтау мына түрде болады:
class ТуындыКлассАты(Базалық1, Базалық2, Базалық3):
<оператор-1> 
... 
 
# Мысал
class Base1:
def basemethod(self):
return "Сәлем"
class Base2:
value = 44
class MyClass(Base1, Base2):
def_init__(self):
self.a = 10
obj = MyClass()
print(obj.value)
print(obj.basemethod())
Нәтижесі:
44
Сәлем 
Полиморфизм 
Полиморфизм дегеніміз – бір операция немесе әдіс атын әртүрлі класс объектілеріне 
қолдану мүмкіндігі, бірақ объектімен орындалатын іс-әрекеттер айтарлықтай өзгеше болуы 
мүмкін.
class A:
def oper(self, x, у):
num = x + у
return num


30 
class B(A):
# "A" класына мұрагерлік етеміз
def oper(self, x, y):
# <--- 
num = x / у
return num
obj1 = A()
obj2 = B()
print(obj1.oper(2, 4))
print(obj2.oper(2, 4))
Нәтижесі:
6
0,5 
Көптеген кластарда объектіні құрған кезде оның атрибуттарын автоматты түрде құратын 
арнайы әдіс бар. Яғни, осы әдісті арнайы шақырудың қажеті жоқ, класты шақырған кезде ол 
өзі автоматты түрде іске қосылады. Нысан құрған кезде класс шақырылады. Осындай әдіс 
класс конструкторы деп аталады және Python тілінде __init__ деген атауға ие болады. 
Конструктор ішінде аргумент болмауы да мүмкін.
class MyClass:
def__init__(self, x, у): # Бұл конструктор
self.num1 = х
self.num2 = у
def sum(self):
numsum = self.num1 + self.num2
return numsum
obj = MyClass(6, 7)
print(obj.sum())
Нәтижесі:
13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет