Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет26/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111
Байланысты:
annotation30756

Зоофорлық патронимдер (patronyme – әке атауы).
Ономасиология өрісте ЗА-ды этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру – «тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеру, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына бойлай еніп, танып білу» [Ә.Қайдар, 1998; 20 б]. Жоғарыда зоофорлық аттарды талдадық, ал зоофорлық патронимдерді талдау себебіміз – кейіпкерге берілген фамилиялардың өзіндік ерекшелігін тану. Жан-жануар әлеміне қатысты тілімізде сақталып келген түрлі ұғымдар, түсініктер, салт-дәстүрлер, аң-құсқа біткен ерекше қасиет, қимыл-әрекет, түр-түс, тұлға, дыбыс, мінез халықтың да дүниетанымында, болмысында қалыптасқан.
Халық аузында:
«Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа, қарап мойыма,
Тайма, именіп ділмардан»,– деген шумақ жатталып қалған.
Мұндағы: түйе – тышқан, сеніп – сиыр, бойына – барыс, қалған – қоян, ұмыт – ұлу, жылдардан – жылан, жатпа – жылқы, қарап – қой, мойыма – мешін, тайма – тауық, именіп – ит, ділмардан доңыз. Міне, осылайша халық жыл қайыруды білген және есте тұтқан.
Халық сенімі бойынша, жыл қасиеттеріне байланысты адамдар да сондай қасиетке ие болады. «Тышқан жылы туғандар белсенді өмір сүреді, байлық-бақытқа ие болады. Сиыр шыдамды, еңбекқор болады. Барыс жылында туғандар бірбет, өркөкірек мінезді болады. Қоян – жігерсіз, ұстамсыз. Ұлулар – байсалды, шешімді, мақсатына жету жолында қайтпайтын қасиетке ие. Жылан жылғылар – көреген, кемеңгер, жігерлі. Жылқылар – қызу қанды, тыз етпе, шатақ мінезді. Қой – момын, көнгіш, қарапайым. Мешін – ұқыпты, кейде сараңдыққа бейім болады. Тауық жылғылар – еңбекқор, жайдары. Ит – мейірбан, ынталы. Доңыз жылында дүниеге келгендер ұшқалақ, жеңіл мінезді болады» [Ұ.Б.Әділбаева, 2001; 20-б] деп айтылады.
Ертеде түркі көсемдері қадірлі де ұлы қолбасшының бойынан аңдарға тән он түрлі қасиеттің табылуын талап еткен екен. Ол қасиеттер: бөрі, көкжал, арыстан – батылдық, қабан – қажырлы, аю, түлкі – қу, бит қан сорғыш, жылан улы, піл – күштілік.
Жыл басы тышқаннан – Тышқанбай; сиырдан – Бұзаубас, Бұқабаев, Танабике, Сиырғали, Өгізбаев; қояннан – Қоянгүл; жыланнан – Жыланкөз; жылқыдан – Бестіайғыров, Жорғагүл, Жорғабай; қойдан – Қойбай, Қойбағар, Қойсұлу, Қойтеке; мешіннен – Маймыш, Маймақ; иттен – Айтақ, Итқұл, Итаяқ, Итбай, Итбас, Итқара, Итқарын, Итгүл, Иттұмсық, Итбақбас; тауықтан – Тауықбике; доңыздан – Доңыз, Қабанқара т.б. СЮП-тер жасалған.
Зоофорлық патронимдер кейіпкерге берілген фамилиялар өте көп: Ақтабанов, Бестіайғыров, Бөртебаева, Көкбайталов, Қозыбағаров, Қоспақов, Тарпаңбаев, Тайшабаров, Текекөз Ешкіауызов, Төртқарин, Пырақбаев, Шыбыш Текебаев, Сиырғалив, Өгізбаев, Өгізұлы, Тазыбайдың Қаншығы, Итбай Шошқаевич, Шауыпкел Төбетов, Құтпан Итаяқұлы, Мысықмұртов, Итбақпасов, Жұлқарбай Итбаеш, Бөкен Арыстанович, Елікханов, Қоян Қорықпасов, Түкеш Түлкібаев, Бөдене Бұлдырықов, Бөденеев, Қаршыға Бүркітов, Күйкентаева, Қылқимойын Қытқытбек, Тұрымтаевна, Шымшықбек Жағалтаев, Ителгиев, Қораз Қоқиев .
Бұдан басқа Бақа Бақыш, Битбаевич, Ебелек Көбелеков, Сона Сопақов, Насеком Паразитович тәріздес ЗП аз да болса кездеседі. Сатириктер назарынан су жыртқыштары (Киттей, Шортан, Жайынауыз, Жайынгүл, Бекіре), ұсақ балықтар (Лақа, Шабақ), қос мекенділер (Айбақа, Бақа, Бақыш, Тістібақа, Шаянбек, Сары Шая), қан сорғыштар (Биттей, Бүрге, Сүлік, Сонашгүл, Сіркегүл, Таскене), Көбелек(ов), Инелік, Заршыбын тәріздес зоонимдер тыс қалмаған. Жоғарыда келтірілген ұғымдар халық танымында, тілдік санада қалыптасқан мағыналық ментальді өріс поэтонимнің қойылуына, атауыштық процесіне негіз – детерминант (лат. determino – анықтауыш) болады.
Қорыта келгенде, сатира мен юморда зоофорлық аттардың кездесуі қазақ дүниетанымында жан-жануар, аң-құстың үлкен орын алатындығын, бүкіл тіршілігінің көзі екендігін дәлелдейді. Жер бетінде аң-құстың түрлері жүз-мыңдап саналғанымен, сатира мен юморда кейіпкер ретінде зоонимдердің 100-ге жуық түрі қолданылыпты. Зоофорлық кейіпкер аттарында адам мен аң-құс арасындағы ұқсастық, бағалауыштық, эмоционалдық-экспрессивтік қосымша мол когнитивті ақпарат жинақталған мағлұматтарды сіңіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет