Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Фитофорлық патронимдер (ФП)



бет28/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111
Фитофорлық патронимдер (ФП) түрлі өсімдік (гүл, шөп, бұта, ағаш, жеміс, жидек т.б) атауынан жасалған: Адыраспанов, Бақбақов, Бәйшешекова, Бәдік Бәдірен, Жаңғақ Шиебайұлы, Желбір Жекенов, Жүгерин, Жусанбаев, Запыранов, Сандалбаев, Сарғалдақов, Мәми Тобылұлы, Қалқақбай Жантақов, Қамысбай Жантақов, Қызғалдақова, Қырыққабатов, Тасеменов, Тікенович, Шағырбаев, Уытбай Усойқынов, Ырғайбаев т.б.
Қазақ тіліндегі өсімдік атауларын жинап, жүйелеп зерттеген профессор Б.Қалиев 10 мыңдай өсімдік атауы бар деген [Б.Қалиев,1988;5-б]. Бірақ біздің зерттеуіміз фитофорлық аттардың зоофорлық аттармен салыстырғанда аз кездесетіндігін көрсетті. Бұдан өсімдік әлемінен кейіпкер атын жасап отырған қаламгерлердің тұрмыстық дүниетанымы, түсінігі, қазақтың ұлттық болмысы байқалады.
Адыраспанов < адыраспан – ыстық жақта өсетін, өткір иісті, дәрілік шөп, сөздің мағынасына қарап, аспан астындағы адырда өсетін өсімдік деуге болады. Ел аузында «Ассалаумағалейкум, Адыраспан! Жіберді ем болсын деп, Омар, Оспан» деп айтылатын сөз сақталған. Омар, Оспан – пайғамбар, шадиярлардың аттары. Халық адыраспанның дәрілік қасиетінен басқа, үйді аластайтын, жаман күштерден қорғайтын сиқырлы қасиеті бар деп сенеді.
Желбір Жекен < желбір жекен – сазды, батпақты жерде өсетін ұзын , жіңішке жапырақты өсімдік Жел – жерінде, жекен – суында « дейтін мақал бар.
ФА-ды құрамы жағынан төл атаулар мен басқа тілден ауысқан деп екі топқа бөлуге болады. Ғалым Б.Қалиев қазақ тіліне басқа тілден ауысқан өсімдік атауларының ішіндегі ең көбірегі араб-парсы тілінен енген атаулар екендігін айтады да, мына атаулардың ішіндегі жүгері, қына, пісте, шеңгел атауларының «араб-парсы тілдерінен түркі тілдеріне емес, керісінше, түркі тілдерінен араб-парсы тілдеріне ауысуы мүмкін деп ойлаймыз» дейді.
Фитофорлық аттар Бәдрен, Запыран, Күріш, Қына, Жүгері, Пісте, Сандал, Сәбіз, Шеңгел атаулары қазақ тіліне әбден сіңіп кеткендіктен, басқа тілден ауысқандығы байқалмайды. «Бір тілден екінші тілге көшіп, өзгертіліп айтылып, тіпті төркіні танымайтын сөздер болады [Қалиев Б., 1988; 52-б] деген пікірдің шындығы осы.
Ғалым Б.Тілеубердиев ономастикалық «өсімдік» концептісінің көп деңгейлі құрылымында наным-сенімдерге, эстетикалық талғамдарға, мифтік танымға байланысты түрлі когнитивтік ақпар бар [Б.Тілеубердиев, 2007; 193-б] екенін айтады. Зерттеу көрсеткендей, өсімдік атауынан жасалған сатиралық-юморлық поэтонимдердің саны аз. Мұның себебі қазақ халқының отырықшылыққа кеш көшкендігінің, егіншіліктің де кеш тууымен деп сабақтастыруға болар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет