Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет35/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   111
Байланысты:
annotation30756

1 тарау бойынша түйін

- Сатиралық-юморлық кейіпкерлерді мағыналық-тақырыпқа топтастыру ономастикалық кеңістікте өмір сүретін топонимия, зоонимия, фитонимия, космонимия, астротопонимия, хрононимия, хрематонимия, мифонимия т.б. түрлерінің кездесетінін көрсетті.


- Адамның метафоралы мағынада, ауыс мағынада қолданылмайтын дене мүшесі жоқ екендігін соматикалық аттарды семантикалық жағынан топтастыру дәлелдеді.
- Зоофорлық аттардан кейіпкердің болмысы мен жаратылысы, әдет-дағдысы туралы берілер танымдық деректерді тануға болады, онда халықтың рухани әлемі, әлеуметтік өмірі, наным-сенім, тұрмыс-салты туралы мағлұматқа бай екенін дәлелдейді.
- Коннотативтік, денотаттық, сигнификаттық мағынаны ашу арқылы ұлттық мінез айқындалады, кейіпкер аттары демунитив, мелиоратив мағынадан гөрі пейоратив мағынаның басымдылығымен ерекшеленеді.
- Фитофорлық аттар, яғни өсімдік атауына қатысты қойылған кейіпкер аттары өсімдіктің түрлі ерекшелігіне, қасиетіне, сапасына, түр-түсіне т.б. белгілеріне байланысты жасалған. Ат беру уәждемесіне қаламгерлер әлеуметтік мән беріп, эмоционалды-экспрессивті ыңғайда жұмсалуына, мазмұнды мақсатты түрде қолданған.
- Сатиралық-юморлық поэтонимдерден халық тілінің жергілікті ерекшеліктері сақталған, қазіргі кезде қолданудан шығып қалған көне тілдік белгілерді табуға болады.
- Орыс тілінен енген сөздер арқылы жасалған кейіпкер аттары айтылу мен жазылу жағынан орыс тіліндегі нұсқасын сақтаса, кейбіреулері қазақ тілінің дыбысталу ыңғайына қарай өзгеріске түскен.
- Кірме аттар мен жасанды аттар сатира мен юморда эмоциялық - экспрессивті ыңғайда белгілі бір комикалық әсер беру үшін қолданылған және стилистикалық мақсат қойылғандығы дәлелденді.
- Кейіпкер фамилияларын жасауда отчество атауларының контексте мысқылдау, шенеу мақсатында бір-біріне қарсы мәнді сөздер және ирония жасаудың тамаша әдісі ретінде синоним, антоним сөздердің орынды, шеберлікпен пайдаланғандығы анықталды.
- Кейіпкер аттарының уәжділігі тікелей адам факторына, өмір сүріп отырған қоғамдық ортасына, сол ортада қалыптасқан тұрмыс-тіршілігіне байланысты жасалғандығын айғақтайды.
- Кейіпкер аттарының жасалуында халықтық ұғым, уәждік ұғым жатыр деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет