Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Түркі тілдерінен – Башмачкин татар



бет33/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   111
Байланысты:
annotation30756

Түркі тілдерінен –
Башмачкин татар,
Мәшура, Колбаса,
өзбек тілінен - Тәшкен+бай, Узбек+улла, Таш+мат+ов.
Ал Сестібай > сес+ті+бай қарақалпақ тілінде сес сөзінің мағынасы – дыбыс. Мәшура сөзі түркінің мишура деген сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі.
Орыс жазушысы Н.В.Гоголь бір кейіпкерін Башмаков, одан кейін Башмакеевич, ең соңында Башмачкин деп өзгерткен. Бірақ әңгіме Н.Гогольдің кейіпкері емес, Ү.Уайдиннің Титім Башмачкин дейтін кейіпкерінің аталуындағы башмак сөзі о баста орыс тіліне татар тілі арқылы өтіп, уақыт келе, түркі тіліне қайта оралып ‘башмақ’ – башмақ, ‘туфля, агач башмак- башмак с высокой дерявянной подошвой’[Татарча-русча сүзлек, 1966, 64 б] деген мәнде жұмсалады. Мұндай тілдегі ауыс-күйістер қатар отырған елдің тілінде болатын құбылыс, кейде төркіні танымастай өзгерген сөздер болады. Михельсонның «Словарь 700 иностранных слов» еңбегінде разгялдяй сөзіне этимологиялық талдау жасаған. Татарларда ораза келіп, аяқталғаннан кейін айт сияқты той-думан, ел қыдырс басталады. Татар-башқұрттар ежелден орыстармен көрші отырғандықтан, «ащы судың» да дәмін басқалардан ертерек татқан ғой. Ораза кезінде маскүнемдікке салынып, сүйкімсіз қылығымен елдің мазасын адамдар болған. Содан орыстар Ораза келді дегенді разгялдяй деп кеткен. Е.Н.Шипованың «Орыс тіліндегі тюркизмдер сөздігі» деген еңбегінде түркі тілдерінен орыс тіліне енген атаулардың ұзын саны 50 мыңдай екен.
4. Алтай тілінен енген сөздерден жасалған СЮп-тер:
Қытай тілінен
Бұрқан, Заң+ғой,
Шай+құяр, Шай+бике,
Әтір+шай, Шен+дібай
Шыны+бек, Сипаң+бай.
Шай сөзі өте ертеде әлемнің түкпіріне тараған.Ал шынының отаны China болғандықтан, жер атына сәйкес шыны аталынғандығы дау тудырмайды.
Сипаңбай > сипаң+бай. Жазушы Б.Қыдырбекұлы сипаң сөзінің шығуы жөнінде қызықты дерек келтіреді: Сипаң – аяр, қазақ жеріне діндар, сопы болып келген жансыздың аты. Жүрген жерінде елді алдап, маймөңкелеп, жаманды жақсылап, сұмпайыны әдемілеп, сылап-сипап жіберуге бейім болған. Сипаңдап деген міне осыдан алынған» [,85]. Тіліміздегі жалпы есім болып тұрған сипаң сөзіне бай сыңары жалғанып, жалқы есім Сипаңбай жасалып тұр деуге негіз бар.
Шендібай > шен+ді+бай ↔ «шен» атауы қазақ тілінде тым ертеден қолданылған, қытайдың монархиялық заманынан келе жатқан атау чэнь – министр, вельможа, немесе чэн – атақ, цин – сановник, канцлер деген сөздерінен ауысқан болу керек.
Монғол тілінен
Ойрат+ хан > ойрат – моңғол тайпасы, осы тілде ой – орман, арат – халық, яғни орман халқы дегенді білдіреді.
Дом+бай ем, бақсылық, Далбағай кең,
Қоңқай жеке, жалғыз дегенді білдіреді,
Аңырақай, Ноқайтопас, надан, тілсіз мылқау
Ә.Қайдар нохой ит, оңбаған, ит мінезді болып, ит сөзімен қосарлана жұмсалғанмен, заман өте келе, ит сөзі ығыстырылып, пейоративтік мағынасы қалған дейді.
5. Орыс тілі арқылы енген СЮП-тер заманына сай орысша аттар дүниеге келген сәбилерге де қойылатыны секілді, кейіпкер арасында кірме аттардың болуы – сол үрдістің жалғасы сияқты. Қазақ халқының «16 қыз» әнінде Генодушка, немножко, жить етуге, молодушка т.б. орыс сөздері негізінен қағыту үшін, күлдіру мақсатында алынған. «Сөздік қор жағынан қазақ тілі солтүстіктегі орыс көршілерінің әсерімен де байи түскен»,– деп Радловтың жазғаны бар.
Ғалым Б.Тілеубердиев «Өзге тілдік, өзге мәдениеттік жалқы есімдерді адекватты түсіну үшін мәдениетаралық коммуникацияда «аялық білімдер» маңызды рөл атқарады. Аялық білімдер қандай да бір аталушы шындыққа қатысты лингвоелтану сипатындағы деректер мен білімдер кешенін білдіреді»[22,25] деп мәдениетаралық коммуникация түрінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет