Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Парсы тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер



бет32/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111
2. Парсы тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер:
Барабдал, Бадал, Албасты, Әбігер, Әмпей, Бетпақ, Дырау, Жадыгөй, Дуанбек‚ Зәре, Зікір, Қалжа, Далбаса, Алуа, Орамалова Дардана, Гүлдария, Меймангүл, Мұнтаз, Жорабай, Найсап, Жебе, Бетперде, Пәлек, Орамалова, Кебіс,
Араб пен парсы тілдерінде жүрген ортақ сөздердің жігін айыру қиын. Бұл қабаттың басымы қазақтың сөйлеу тіліне ертеден еніп, өз сөзі болып кеткендер. Әсіресе дүние, мейман, момын, құдай, заман, пасық, арам, намаз сияқты сөздерді академик Р.Сыздықова «түп негізі араб-парсынікі болғанмен, халық тіліне сіңіп, қазақ лексикасының байлығына әлдеқашан айналған» [Сыздықова Р., 1993, 154] дейді, «аффикстері де әбден сіңісіп, қазақ сөздеріне де жалғана бастады» [А.Есенқұлов,1986;72-б]. Сондықтан кейбір сөздер қазақ тілінің заңдылығымен жасалған деуге болады. Мағыналық жағынан оқырманға ерекше экспрессиялық әсер беретін коннатациясы күшті тілде белсенді қолданылатын Әмпей, Жәмпей, Жадыгөй, Найсап дейтін СЮП-тер туралы сөз етеміз.
Әмпей – ҚТТС-де «бірімен бірі ауыз жаласқан, сырлас, әкей-үкей, ашына, тамыр, көңілдес» [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1 том. А-Ә, 1974, 624 б] деп берілген, сондай-ақ әмпей-жәмпей, ауызекі тілде біреуді алдау, айналдыру деген мәнді білдіреді. Осы шығармада Жәмпей деген де кейіпкер аты бар.
Найсап оңбаған, жексұрын, арамза, сұрқия мәнінде, көбінесе біреуді балағаттау мәнде жұмсалады. Мағынасындағы осындай жағымсыздық, ұнамсыздық семасы кейіпкердің болмысына лайық алынған.
Жадыгөй сөздікте жадігөй деп берілген, мағынасы көз бояушы, әзәзіл, азғырушы дегенді аңғартады. Батыс өңірінде бұл сөз өтірік сөз айтып жағыну, яғни маймөңкелеу бұлтару, жұмсартып сөйлеу деген мәнде жұмсалады. «Бұл күнде жәдігөй сөзі «сиқыршы» деген тура мағынасынан ауысып, «алдаушы, қастандық етуші, екі жүзді адам» деген ұғымда жиірек кездеседі [Сыздықова Р., 1994, 90 б].
3. Түркі тілінен енген сөздерден жасалған СЮП-тер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет