2.1.2 Сөз табынан жасалған кейіпкер аттары
Сатириктер кейіпкер атын жасауда бірі – сын-сапаны, енді бірі – қимыл мәнді сөздерді жиі пайдаланады, ал үшіншісі – олардың екеуін де ұштастырады. Кейіпкер аттарының жасалымындағы тілімізде қалыптасқан тоғыз сөз табының әртүрлі деңгейдегі жасалымын, қатысын, сандық көрсеткішін анықтадық:
1.Зат.е + зат.е; 2.Зат.е + сын.е; 3.Зат.е + етістік; 4.Сын.е + сын.е; 5.Сын.е + зат.е; 6.Зат.е. + үстеу; 7.Сан.е + сан.е; 8.Сан.е + зат.е; 9.Есімдік + зат.е; 10.етістік + зат.е; 11.Есімше; 12.Үстеу; 13.Еліктеу сөздер; 14.Аббревиатураланған сөздер; 15.Одағайлар; 16.Шылау сөздер.
1. а) Зат. е + зат. е: Ақыл+қалта, Әтір+шай, Бал+қаймақ, Бетон+бет, Дәу+пері, Есек+тас, Жорға+гүл, Метал+тіс, Күл+бет, Қыз+бала, Қыл+мойын, Сері+жігіт, Су+мұрын, Тас+маңай, Теке+көз, Шөп+желке.
Кейбір біріккен сөздердің жігі айқын (Итаяқ, Қырықсақина, Шөпжелке, Күлшашар, Байсүйер, Қырыққабат), біріккендігі бірден көзге түсіп тұрады.
ә) Зат. е + сын. е: Кек+ала, Күкірт+сары, Ұйқы+сары, Үкі+сары, Мес+қара, Тас+қара, Қабан+қара, Ши+қара, Шот+қара, Ми+сыз, Май+лы т.б. Түр-түске қатысты жасалған кейіпкер аттарын танымдық тұрғыдан этнолингвистикалық зерттеуіміз толығырақ ІІІ тарауда жеке сөз етіледі.
б) Зат. е + етістік: Ат+келтір, Бас+имес, Бас+бұзар, Бой+бермес, Дым+білмес, Жамбас+сипар, Қыз+тумас, Май+басар, Май+жеген, Мөр+басар, Пұл+жеген, Тай+жұтқан, Тас+жарған, Теңге+жұтқан, Той+болсын, Ұл+емес, Ұл+табар, Ұл+шығар, Шай+құяр, Тай+шабар(ов).
2. а) Сын. е + сын. е: Асау+қара, Дәу+қара, Шала+қызу, Арам+қара, Семіз+қара, Қара+ала, Шой+қара т.б.
ә) Сын. е + зат. е: Ақ+долы, Ақ+балдақ, Ақ+кемпір, Ақ+қу, Ақ+сом, Ақ+туша, Ақ+тайлақ, Ақ+көз, Алай+көз, Ақ+қисым, Ақ+жем, Ақ+табан(ов), Ақ+тайлақ, Ала+бас, Ал+бике, Арзан+гүл, Аш+гүл, Әрлі+гүл, Бейпіл+ауыз, Боз+тайлақ, Боз+інген, Дәмді+гүл, Жыртық+гүл, Көк+аяз, Көк+қасқа, Көк+ми, Көк+долы, Көк+тиын, Көк+шақа, Көк+жал, Көк+бай, Көк+байтал, Көк+аяқ, Көк+қас(ов), Күрең+көз, Қара+қатын, Қара+бұқа, Қара+кемік, Қара+шаруа, Қара+бет, Қолаң+шаш, Қоңыр+құлжа, Қызыл+тазы, Майлы+жігіт, Майлы+тон, Сапты+аяқ, Сар+шолақ, Сары+бас, Сәнді+гүл, Сойдақ+тіс, Сұр+сұлу, Титтай+күл, Шайпау+гүл, Шала+мас.
Достарыңызбен бөлісу: |