Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет41/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   111
Байланысты:
annotation30756

-ар/ер: Ал+да+р, Жет+ер, Қу+ан+ар,Қос+бас+ар, Бөс+ер, Дөң+ас+ар+ов, Тау+ас+ар+ов, Тас+бас+ар, т.б.
-с: Ес+кер+ме+с+ов, Дес+бер+ме+с, Ел+е+мес, Күл+ме+с, Той+ма+с+ов, Жалық+па+с+ов, Қи+ма+с, Қап+па+с, Тап+тыр+ма+с+ов, Өл+ме+с+ов т.б.
б) бұйрық райлы: Зау+ла+т+бай, Зу+ла+т, Кой+бақ, Ұрда+жық, Кел+кел, Қой+қой, Іліп+тарт, Жалт+ар+ма, Түлкі+бақ, Қой+болды, Жандай+шап, Барып+кел, Шауып+кел, Бар+бол, Жоқ+бол, Жөн+де+гүл т.б.
в) етістік + сын.е: Де+гіш
6. Үстеуден туындаған СЮП-тер. Қазақ тіліндегі үстеулер – қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін жүзеге асу тәсілін, мекенін, мезгіл, жай-күйін білдіретін сөздер, бұл сөздер әр стильде өзінің белгілі стильдік салмағымен ерекшеленіп отырады. Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқаратын етістікпен жанасып, кейде сын есім, кейде үстеу түрінде келетін сөздер табиғатын талдау оңайлыққа түспейді. Үстеулердің стилистикалық мәні мен мағынасын көрсетуде оны жеке-дара алып қарағаннан гәрі басқа сһз таптарымен селбестіре қарастыру арқылы стилистикалық мүмкіндіктерін ашуымызға болады.
Бұл жолмен жасалған кейіпкер аттары тым аз кездесті: Әлі+бала, Әлі+қыз, Әлі+тірі, Егеу+әлі, Екеу+әлі, Нақ+тан, Жік+жаппаров, Бірдібірге Шағыстырғанова, Нағыз. Бірдібірге < бір+ді бір+ге түбірі– бір, қосымшалары табыс және барыс жалғаулы, тура мағынасында толықтауыш болады, объективтілік мәннен адвербиалдық мағынаға көшіп, үстеулік мәнге ие болған.
7.Одағайлардан жасалған СЮП-тер.
Одағай эмоционалды-экспрессивті реңкі күшті сөздер болғандықтан, кейіпкер атын әсірелеу, көріктендіруде түрлі сезімді дыбыстық ишаратпен білдіретін СЮП-тер жасалған.
Сөз таптарының стилистикалық қызметін зерттеген Д.Әлкебаева одағайлар туралы «сөз таптарының ішінде адам эмоциясының өте нәзік қатпарларын беруде оның астарлы қатпарларын, стильдік мәнерін танытуда одағайлар ең қуатты эмоционалды-экспрессивтілік көркемдік дәрежесіне көтеріле алады» [Әлкебаева Д.Ә., 2007, 166] деп баға берген.
Бұлар зерттеу барысында сан жағынан өте аз екенін көрсетті. Дегенмен, іштей микротоптарға бөліп қарастырдық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет