в) өздік:Өзге, Өзден, Өзгегүл, Өздебай. г) болымсыз мәнді: Ешкім Жоққұлов, Ештеңе Ешкімбілмесов, Ештеңе Айтпайтынов, Іштеңкей Іштеңкеевич. Сөйлемде болымсыз есімдіктердің қайталануы да оған экспрессивтік мән береді.
Болымсыздықтың экспрессивті-эмоциональды мағынасы лексикалық тәсілмен де жасалады. Оған сөйлемде түк, дым, дәнеңе, еш, ешбір, ешкім, ештеңе, ешқайсысы, ешқайда, ешқашан сияқты болымсыз есімдіктердің болымсыз формалы баяндауыштардың мағыналарын күшейтуін жатқызуға болады. Функциялық қызметі жағынан анау, мынау, сол есімдіктері мегзеу; әлдекім, пәленше белгісіздік; кім, қай сұрау; ештеңе, ешкім болымсыздық мәнге ие. Ал сөйлеу барысында аталған есімдіктер тобы белгілі бір лексикалық мағынаға ие, яғни бірнәрсені немесе біреуді бүркемелеу, жұмбақтау, ишаралау арқылы жасырын эвфемистік сипат алады.
5. Етістік – сөз таптарының ішінде ең ауқымды, кең өрісті, бай семантикалы, көп формалы тілдік құбылыс және орасан бай категория. Етістік тұлғалардың қызметі, түрлі мағыналық реңктері, нақыш-бояулары, экспрессивтілі көркем шығарма тілінде айқындалады. Мәселен, шақ, рай, көсемше т.б. тұлғалы етістіктердің, болымсыздық формасының стильдік жұмсалу мүмкіншіліктері кең. Етісітк тұлғаларының модальдылығын, экспрессивтілігін күшейте түсетін элементтер де (демеулік шылаулар, одағай, қыстырма сөздер, есімдік, үстеу) айрықша қызмет атқарады. Сондықтан біз оны тақырыпқа орай лексика-семантикалық мағынасы тұрғысынан қарастырып, етістіктен жасалған түрлерін ғана атап өтеміз: .
а) етістік + зат.е:Азына+гүл, Берді+гүл, Бөсер+бай, Жөнде+гүл, Көнген+бас, Күлмес+жан, Қаңғы+бике, Қопар+гүл, Қойқой+бек, Қысқар+бек, Құса+ғали, Қайра+ғали, Сипа+гүл, Зытты+ғали т.б.
ә) есімше формалы СЮП-тер: -ған/-ген: Жұт+қан(ов), Түрт+кен(ов), Тұр+екен+ов, Ұм+тыл+ған, Үр+ген, Көр+ген(ов), Кез+ер+ген, Мас+ыл+ған, Той+ған, т.б. Асап Күйсе+генович, Той+ған+гул Семір+геновна, Тілепал+ған, Тауып+ал+ған, Бере+сал+ған, Жайпап Жегенович, Көріп Білмегенович т.б