Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Пейоратив-мелиоратив аттардың семантикалық ерекшеліктері



бет93/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111
Байланысты:
annotation30756

3.5 Пейоратив-мелиоратив аттардың семантикалық ерекшеліктері
Эмоциялық-экспрессивтік сөздер арасына тепе-теңдік қоюға болмайды. Тілдегі эмоциялық әлем адам сезімін білдірсе, экспрессивті амалдар эмоцияны білдіруде де мәнділікті, бейнелілікті күшейту үшін қызмет етеді.
Лингвистикада ұнамсыз, жағымсыз, экспрессивтік-эмоционалды бағалауыштық коннатацияға ие сөздер, яғни біреуді жақтырмау, кемсіту, қорашсыну, менсінбеу, олқысыну реңкілі мағынаны білдіретін тіл элементіне пейоратив (латын. pejor «кемсіту») деген дефиниция берілген [2,268 б]. Мұндай сөздер қатарына біреуді кемсіту, кемсіну, қорсыну, олқысыну, ұнатпау, жек көру, тілдеу, сөгу, ұрсу, балағаттау, қарғау т.б. мәндегі сөздерді айтуға болады.
Жазушы Ғ.Мүсірепов «Үлкен ойдың жазушысы өз халқының тұрмысындағы өрескелдіктерді шенегенде, сол халқын жек көргендіктен емес, жанын қия жақсы көргендіктен батыра сынайды... Безіне жазу, безіндіре жазу, қызықтыра, қыздыра жазу сияқты, бұ да бір жазушының ойланар саласы. Күлдіру жазушыға көбінесе жылату, өкіндіру үшін, сезіндіру үшін керек болады» [189,364], – деген екен.
Сатиралық-юморлық поэтонимдердің жасалуына негіз болған төмендегідей лексикалық топтарды анықтадық:
- арсыздық, айлакерлік, азғындық, араққұмарлық, астамшылдық;
- арандатушылық, аңқаулық, арызқой, атаққұмарлық, алыпсатарлық;
- әлімжеттік жасау, әлсіздік, әпербақандық;
- бас араздық, біліксіздік, билік құмарлық, бақталастық, бұзақылық;
-дұшпандық, дауасыздық, дарынсыздық, дөрекілік, дарақылық, дүмшелік;
- еріншектік, епсіздік, еркелік, енжарлық, еліктегіштік, есерлік;
- лепірмелік, ластық;
- жайбасарлық, жалқаулық, жанжалқұмар, жеңілтектік, жершілдік;
- жуастық, жасқаншықтық, жауапсыздық, жемқорлық;
- зорлық, зәбір көрушілік, зинақорлық, заң бұзушылық;
- имансыздық, иттік көрсету; нысапсыздық;
- кекшілдік, кісімсушілік, кекетушілік, күншілдік, кесерлік, кемсітушілік,
- көкірек көтерушілік, көзбояушылық;
- қатыгездік, қорқақтық, қайырымсыздық, қанағатсыздық, қиянатшыл,
- қызғаншақтық, қаныпезерлік, қулық;
- марапатшылдық, мақтаншақтық, мастық, мейірімсіздік, менменсушілік,
- мысқылшыл, міншілдік, мал шашпақ, мансапқорлық;
- неке бұзушылық, настық, немқұрайлылық, нұсқаушылдық, надандық, - олақтық, ойсыздық, ожарлық, опасыздық, озбырлық;
- өлермендік, өсек-өтірік, өркөкірек, өзімшілдік, өктемдік;
-пасықтық, парақорлық, пысықтық, пайдакүнемдік, партияшылдық;
- ырымшылдық, ызбарлық, ызақорлық;
- рушылдық, рақымсыздық;
- суайттық, саудагерлік, сатқындық, сараңдық, сауатсыздық, сыншылдық, санасыздық, сұмдық, сұрампаздық, самарқаулық;
- тоғышарлық, талапсыздық, төбелесқор, төрешілдік, топшылдық;
- ұранқойлық, ұрлық, ұрысқақтық;
- үстемдік ету, үкімдік ету;
- іші тарлық, ірілік көрсетушілдік, ішкіштік;
- шайпаулық, шалалық т.б.
Қазақ дәстүрлі ономастикасында қазақ тілінің жалқы есімдері негізінен семантикалық және құрылымдық-жасалымдық әдіс тұрғысынан жүйелі түрде зерттелді. Кейіпкер аттарындағы осындай әртүрлі семаны анықтау үшін лексика-семантикалық жағынан бірнеше топтарға бөлдік.
Сатира мен юмордағы кейіпкерлердің 70 пайызы жағымсыз семаға ие. Олардың көпшілігі адам бойындағы мінез-құлық, ерсі қылық, тұрпайы әдет т.б. ұнамсыз құбылыстарды бейнелейді, елестетеді.
Бетін арбаның ізіндей айқыш-ұйқыш әжім басқан Мәймөңке кемпір астындағы ернін ілгері бір жүгіртіп алды.
Оның рас, бикеш-ау, бүгінде доқтырыңа бармайтын болдық. Өзің айтпақшы, өлмелі шағымызда зәр тасыған да ұят екен. Олар да қазір ақша бермесең баспайды. Естіген адамға зәр тасыған жаман әсер етеді, құрысын. Мынау «Ну, пагади» қайнымыз да бал ашатын әулие болыпты дейді, рас па? Арақ ішумен қолы тимеуші еді,– деп Әйпін әже ғұмыры ұзындау әңгіменің ауылынан әрірек апарып қондырды.(Т.Әлімбекұлы.)
Мысалы: Адыраңбай, дөрекі, ожар, Барпылдақ мылжың, Былпық семіз, Былқылдақ тұрақсыздық, Жұман қырт қазымыр, Жылпос екі жүзді, Жылмаңбет жағымпаз, Жылпылдақ сөзуар, Көкекгүл бөспе, Көди, Сөди, ұсақ, Кәкір, Шүкір мәнсіз, Қомпылдақ мақтаншақ, Маймақ қисық аяқ, Мыртық тапал, Мыржық ұсқынсыз, Мырқымбай ынжық, Пысықбек арам, Суқылдақ өтірікші, Судырбай суайт, Селтеңбай қыдырымпаз, Сұрпақбай сұғанақ, Тарсылдақ ашушаң, Міңкілдек көлгір, Сыпсыңгүл өсекші, Суайтбек алдампаз, Шошаңгүл ұшқалақ, Шақшақай ызақор, Шыңқетпе Шіңкілдек мазасыз, Ыңқылдақ жанаяр, Іркілдек семіз, Ыржалақ күлегеш т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет