Мерзімдер. Талап мерзімі
Мерзім.
Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.
Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін деркезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім-бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады.
Мерзімнің түрлері:
Талап қою мерзімі – бұл бұзылған құқықты сот арқылы қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім. Осы уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде жүзеге асыруды немесе қорғауды талап ете алатын мерзімді азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі деп түсінеді. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою мерзімі деп аталады.
Талап қою мерзімі ниституты негізгі үш міндетті атқарады: азаматтық айналымның тұрақтануына, оның қатысушылары арасындағы екі ұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға қатысты олардың арасында туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдемдеседі (азаматтық құқықтық қатынастарға айқындық және жүйелік енгізеді); соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді, сөййтіп осы арқылы дұрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі; шарттылық тәртіптің нығайуына қызмет етеді, шарттағы талаптардың белсенділігін ынталандырады және міндеттемелердің орындалуына өзара бақылауды күшейтеді.
Қазақстан Распубликасының Азаматтық құқығында талап қою мерзімінің екі түрін ажыратады:
Достарыңызбен бөлісу: |