Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


-ТАРАУ Массаждың әр мүшеге орындалу әдісі



Pdf көрінісі
бет30/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
6-ТАРАУ
Массаждың әр мүшеге орындалу әдісі
Массаждың қасиетін, әдісін, негізін білмей қолдану – адамға 
зиян келтірумен бірдей. Кейбіреуі сол массаждың қандай бұлшық 
етке салмақ түсіргенін тіпті сезбейді. Сондықтан массаж жасар 
алдында әр адам анатомияны тыңғылықты бір қарап шығу керек. 
Тек сонда ғана қолдың шипасы тиеді. 
Массаж дененің барлық бөлшегіне әсер етеді. Теріден бастап, 
тамырлар мен бұлшық еттердің ішкі ағзаларының бәрін қамтиды. 
Терінің жалпы қасиетін жоғарыда арнайы бөлімде айтып кеттік. 
Бұл жерде қайталап айтатынымыз – массаж адамның қандай 
мүшесіне әсер етсе де, тек сол тері арқылы ғана жетеді. Теріден 
өткен массаждың әсері басқа органдарға беріледі. Оның методи-
касына, жылдамдығына, ырғағына, мөлшеріне байланысты ішкі 
ағзалар әртүрлі күйге түседі, бірде босаңсиды, бірде қатайып 
шынығады. Массаж, әсіресе жоғары жүйке жүйесін өзгертіп оты-
рады, ал өзіне қатысты барлық мүшелерінің қарым-қатынасын 
реттейді. Осыған орай оқырман қауымды әр мүшеге жасалатын 
массаж техникасымен қысқаша таныстыруды мақсат тұттық.
Басқа жасалатын массаж. Бетке және бастың шашты 
бөлігіне екі түрлі әсер етеді. Сондықтан олардың әрқайсысына 
жасалаған массаждың өзіне тән ерекшеліктері бар. 
Ал бастың терісі қалың, ол тез жиырылып, тез жазылады. Онда 
май және тері бездері өте көп орналасқан. Қан тамырлары бір-
бірімен тығыз байланысып, өрмекшінің ұясындай өріліп жатады. 
Олар қан тамырлар ішіндегі ең ірісі, күре тамырдан тармақталып 


60
жайылып кеткен. Мұнда артериялар бастың төбесіне қарай ба-
ғытталса, веналар (көк тамырлар) керісінше ағады.
Лимфа түйіндері құлақ түбінде, мойында шоғырланған. Сон-
дықтан құлақ артындағы шүйдеден желкедегі лимфа түйін деріне 
бағытталады. Шаштың өсуі де осылай тармақталады.
Жүйке жүйесі, жүйке талшықтары бас терісіне мойын өрі мі-
мен таралады.
Басқа массажды шашты өсіру үшін, тері ауруынан (себоря)
құтқару үшін және әртүрлі ауруларда (қан қысымы жоғарылғанда 
сақина болғанда) қолданады. Массаж жасауда шашты ыңғайлап 
бөліп алады. Ауруды отырғызып, массаж жасаушы артында биік 
орындыққа отырады немесе түрегеліп отырады.
Қолданылатын тәсілдер: сипау, ысқылау, жұмсарту, дірілдету.
Бастың терісіне массаж жасағанда шаштың өсуіне, без түтік-
шелерінің шығу бағытына қарай қолды жүргізеді. Керісінше 
қимылдатса шаштың түбі жарақаттанады.
Сипаған кезде қолды ұзынан және көлденең жүргізеді. Маң-
дайдан желкеге дейін шашты жарып тастап, бір сипап өтеді. 
Ұзыннан-ұзақ сипағанда алақанмен тең жарған сызық бойын-
ша маңдайдан желкеге дейін жүргізеді. Ол 3-4 рет қайталанады 
қолды келесі жүргізгенде батырып, жылдамырақ, екпінді өткізеді. 
Тек бір емес, екі қолмен алма-кезек орындауға болады.
Бұл тәсілді басқаша орындауға да болады. Мәселен, бір 
қолмен төбеден маңдайға, ал екіншісі қолмен-желкеге қарай си-
пайды. Екі қолдың қимылы бірдей шығу керек.
Сипап болған соң, ысқылауға кіріседі (жарты шеңбер немесе 
зигзаг жасап). Мұнда бірінші және екінші саусақтармен алдыңғы 
көрсетілген бағытта ысқылап шығады. Массаждың бұл тәсілін 
оң қолмен орындаса, сол қолмен басты сипап ұстап тұрады. 
Ысқылау саусақтардың ұшымен екпінді, жылдам қимылмен жа-
салады. Оны да төбеден төмен қарай шаштың шекарасына дейін 
жеткізеді. Кейде бас бармақты пайдаланады. Екі қолмен бірдей 
ысқылауда жиі қолданылады. Содан кейін жұмсарту тәсіліне жол 
беріледі. Ол үшін екі қолдың саусақтармен не бас бармақтармен 
бастың терісін қосып жиырады, жылжытады. Дірілдету саусақтың 
ұштарымен пунктирлі сызықша жасағандай немесе ақырындап 
ұрылғандай өткізіледі. 


61
Соққан кезде саусақтардың ұштарымен алма-кезек күш түсіре 
жылдам қимылдайды. Қолды білезік буыннан бастап екі үш не-
месе бес саусақпен бірдей соққыласа да жақсы әсер етеді. 
Шашты ыңғайына қарай жара отырып, аталған қимылдарды 
оңға-солға, алға-артқа, бүкіл басқа толық жасап шығуға болады. 
Кейде шаштың арасын ашпай да массаж жасай береді.
Аталған тәсілдердің бірнеше түрін жасайды. Лимфа-қан ай-
налымын күшейту үшін массаж баспен қоса желкеге, иықтың 
үстінеде жасалады. 
Шаштың түбін қопсытуға, түрлі бездердің көзін ашуға, он-
дағы қабыршақтардан құтылуға, қайызғақтан тазартуға массаж-
дың тигізер пайдасы айтарлықтай. 
Ал қан тамыры тарылып, бас ауырған кезде, сақина ұстап, ше-
ке солқылдағанда, қан қысымы көтеріліп, шүйде тырысқанда бір-
ден-бір ем осы массаж. Тек тәсілдерді дұрыс қолдана білу керек. 
Массаж жасау уақыты 5-10 минуттан, 15-20 минутқа дейін со-
зылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет