71
отырады. Ол үшін анатомиялық бұлшық еттің басталатын және
бекінетін жері білу керек.
Ал көкірек ішінде орналасқан мүшелерге де массаждың тигі-
зер пайдасы көп. Арқа бұлшық етін массаждағанда, әсіресе, ты-
ныс жолдары өзіне көп әсер алады. Мысалы, бронхы, өкпе қа бын-
ғанда, туберкулез ауруларына массаждың пайдасы айтарлықтай.
Қабырғааралық аймаққа әсер еткенде саусақтардың ұшымен
тырма секілді әдісті қолданып сипайды, ысқылайды,
штрих-
тау әдісін жүргізеді. Кеудеге массаж жасағанда оны тыныс алу
жаттығулармен үйлестіреді. Бұл тәсілді 3-4 рет қайталайды.
Арқа бұлшық етінің ішіндегі ең ұзыны – желкеден құйымшыққа
дейін, омыртқа жотасының екі жағында білеуленіп созылып
жатқан – ұзын бұлшық ет. Ол барлық өн бойымен омыртқа жо-
тасына және қабырғаларға жабысып қалған. Бұлшық ет арқаны
қозғауға, әсіресе, артқа қақайтуға үлкен күш береді. Сондықтан
осы бұлшық етке берілетін массаждың түрі де күштірек, көбінесе
жұмсарту (жоғарыдан төмен және төменнен жоғары) түрінде бо-
лады. Оны тек желке тұсында бәсеңдетеді.
Массаж алақанмен
орындалады.
Жалпақ бұлшық ет жоғарғы жағы трапеция тәрізді етпен жа-
былады, ал негізі бөлігі терінің астында орналасқан. Ол бесінші,
алтыншы кеуде, барлық бел, сегізкөз омыртқаларынан,
мықын
қырынан басталып, төменгі төрт қабырғаны қоса алып, иықтың
үстіне дейін созылады. Осы бұлшық етті массаждағанда кеуденің
ортасынан сегізкөзге дейін жеткізеді. Жалпақ бұлшық еттің қыры
қолтық астандағы ойыққа сәйкес келеді, сондықтан оны қамтып
ұстау оңай. Бұлшық еттің талшықтарының бойымен белден ба-
стап иыққа дейін массаж жасайды. Бас бармақ омыртқа жотасын
жағалай жоғары кеуде омыртқасының тұсына дейін, ал басқа
саусақтар, қолтық астынан кеткен сызықтың бойымен жылжиды.
Осы жолмен сипайды, ысқылайды, жұмсартудың бірнеше әдісін
қолданады.
Сонымен арқа бұлшық еттеріне
жеке-жеке немесе бәріне
бірдей массаж жасауға болады.
Омыртқа жотасын жағалай шыққан жүйке жүйесінің ұшта-
рына арнайы тәсілдері қолданады. Ол үшін орталық сызықтан
2-3 см алшақ қойып, саусақтардың (1-2)
ұшымен нығарлап
72
басады. Кейінгі жылдары нүктелі массажды осы аталған жерлер-
ге жиі қолданып жүр.
Есте ұстайтын бір жай – арқаға массаждың барлық түрін қол-
данады дедік, бірақ екі жауырынның ортасына, бүйректің тұсына
ұру, қағу, шапқылау, дірілдету,
тәсілдерін абайлап, өте жеңіл
түрде қоланады.
Бұл маңызды шарт.
Достарыңызбен бөлісу: