113
дәлелдеу оңай. Сол нүктені басқан кезде тітіркеніп қарсы әсер
пайда болады. Мұнда да сондай бір сезімталдық байқалады,
шағып алғандай реакция білінеді. Сол нүктенің
шамадан тыс
сезімталдығына сүйене отырып, қандай мүшемен кінәраттанға-
нын аңғаруға болады. Оны әлбетте тек дәрігер айырады және тек
емдеу әдісінде тағайындайды.
Нүктелі массажды қолданғанда әртүрлі тәсілдерді пайдала-
нады: сипау, ысқылау, басу, дірілдету және қысып ұстау.
Сипау бас бармақтың ұшымен, іш жағымен де қырындата
немесе ортаңғы саусақтың ұшымен орындалады.
Көбінесе бас
терісіне бетке, мойынға, қолға осындай нүктелі массаж тәсілдері
қолданылады.
Сонымен қатар массаждың соңында да орындалады.
Ысқылау да бас бармақ пен ортаңғы саусақтың жұмсақ ұшы-
мен орындалады. Оны алақанның білезік тірегі не қырымен ыс-
қылап белден жоғары мойынға жеткізеді. Ысқылау сағат тілі бой-
ымен орындалады. Ысқылауды басқан нүктелі массаж тәсіл дерін
кейін жеке орындайды.
Жұмсарту – екі қолдың бармақтарымен не екі саусақпен қатар
жатқан нүктелерді басу арқылы орындалады. Бұл тәсілді орын-
дағанда бір орында саусақты батыра ұстап тұрып шыр айналдыра-
ды. Бастапқы кезде жеңіл түрде, кейін түсіретін салмақты артты-
рып, сол нүкте сыздағанша басады, осыдан кейін сәл босаңсытып,
қайтадан жеңілдетеді. Ол ең күрделі және биологиялық активті
нүктеге мейлінше әсерлі күш көрсетеді.
Қысып ұстауда – үш саусақтың арасында орындалады. Био-
логиялық активті нүктенің орналасқан жерін қысып ұстап бел-
гілейді, үзіліспен үш-төрт рет қайталау орындалады. Массаж әсер
еткен жер жансызданып сыздап кетеді. Ине шанышқан қимылды
сұқ саусақтың ұшымен орындайды. Ол қалың еттерге жылдам
қатар алғандай, тесіп жіберетіндей сезім береді.
Дірілдету – бас бармақ немесе ортаңғы саусақпен орындала-
ды. Саусақтың ұштарын 1 нүктеге қадап қойып жылдам күшпен
дірілдете шайқайды. Оның салмағын арттыру үшін екінші қолды
саусақтың үстіне қойып қозғалтады. Бұл қоң еттерге пайдалы.
Осындай тәсілдердің орындалуына
байланысты қоздыру
және тежеу әдістері байқалады. Қатты басып ұзақ уақыт дірілдете
114
тежеуді арттырады. Ал қысқа және жылдам қоздыру әсерін
үдетеді.
Адамды тыныштандырып, көңілін орнына түсіру үшін теріні
жиырмай, бір нүктеге саусақтың ұшын басып сәл үзіліс жа-
сап қайталайды, мұндай тежеу әдісін әртүрлі буын ауруларын-
да, бұлшық ет сіресіп, түйіліп қалғанда, кішкене сәбилер қатты
ауырғанда қолданылады. Бір нүктеге 1-1, 5 минутқа дейін әсер
етуге болады. Адамның еңсесін көтеріп сергіту үшін
қыздыру
әдісін жылдам әрі қысқа жүргізеді. Қолды тез жұлқып алады.
Оны ертеңгі дене шынықтыру алдында, күнделікті тіршілікте
дайындық ретінде қолданады.
Ол екі түрлі әдісін тек шартты түрде айырады. Массаждардың
әдісі қолдың түсірген күшіне, саусақтардың қойылуына және
қысым қимылына тікелей байланысты. Әр адамның сезімталдығы
да жоғары болады, сондықтан оларға үстіртін және жылдам әдіс
жеткілікті. Классикалық массаж сияқты нүктелі
массажды да
шапқа, омырауға қолтық астына және қан тамырлары мен лимфа
шоғырланған жерге қолдануға болмайды.
Массаж жасар алдында алақанды бір-біріне ысқылап қыз ды-
рып алған жөн. Сонда қан айналысы жақсарып, қол жылынады.
Өзіне-өзі массаж жасағанда немесе жалпы нүктелі массаж
қабылдағанда, қуықты және ішекті босатып алады. Өзіне жайлы
орын алып қалайда бұлшық еттерді босаңсытатын жағдай керек.
Ғалымдардың айтуынша, ұйқы бұзылғанда, бел шойырылған-
да нүктелі массажды жасаған пайдалы.
Аурудың жедел түрлеріне массаждың күнде, ал созылмалы
түрінде күнара кейде екі күнде бір қабылдайды.
Жалпы емдеу курсы 10-15 күнге созылады. Арасында 1-2 ай
үзіліс жасап, тағы 5-10 күн қабылдауға болады. Аурудың әртүрлі
белгілері байқалмай, тәуір болса да басталған массажды аяғына
дейін жеткізу міндет. Ең алдымен белгілі нүктелерге 3-5 қана
нүктелі массаж жасалады. Күн өткен сайын басқа нүктелерге әсер
етіп орын ауыстырып отарады. Тек сонда ғана нүктелі массаждың
ықпалы артады. Әйтпесе адам белгілі нүктелерге жылдам үйреніп
кетеді де пайдасы болмай қалады.