20
рау процесі жүреді. Заттардың өзгеруі
пигменттердің әсер етуі
арқылы жүреді де, жүйкелік гуморалдық жолмен реттеледі. Зат
алмасу процесінің ақырғы өнімдерінің нәсіп, нәжіс, тер арқылы
және тыныс шығарғанда ауамен бірге сыртқа шығарылады.
Сонымен заттардың ағзаға сыртқы ортадан енуіне бастап,
ыдырау өнімдерін шығаруға дейінгі күрделі өзгерту тізбегін зат
алмасу деп атайды. Массаждың негізін салып,
оның қасиетін
түбегейлі тексерген ғалымдардың бірі И.М. Саркизов – Серазини
(1963 ж.) массаждың әсерінен зат алмасудың барлық түрі өзгереді
деген. Оның айғағы – массаждан соң нәсіптің ұлғаюы, оттегінің
10-15% көбеюі. Сол сияқты массаждың әсерінен денедегі тұз,
азоттық заттар, сүт қышқылы көп бөлініп шығады. П.С. Васи-
лев, Н.И. Волков және А.В. Троицкий (1961 ж.) өз еңбектерінде
ауыр жұмыстан соң шаршаған бұлшық еттерге жасалған сүт
қышқылын шығару үшін массаждың өте қажет екенін анықтаған.
Алмасу процесі клеткаларда үлкен қарқынмен жүріп ыдырау
өнімдерімен артық су ағзаінен бүйрек,
тері және өкпе арқылы
үлкен жылдамдықпен шығарылады.
Зат алмасу туралы сөз болғанда денедегі су мен тұздың пай-
дасы зор екенін айтпаса болмайды. Адам денесінің 2/3-і судан
тұрады. Қанда, лимфада, ас қорыту сөлінде су өте көп. Сырт-
қа шығарылатын су ағзаға кіретін су мөлшерімен үнемі толық-
тырылып отыруы тиіс. Адам сусыз бірнеше тәулік қана өмір сүре
алады.
Денеге минералды тұздар өте қажет. Солардың негізінде
ор та дағы тұрақтылық сақталады. Мысалы, қанның ұюы үшін
кальций тұздары қажет. Сүйек тканінің едәуір мөлшері осы тұз-
дардан тұрады. Ағзаға қажетті тұздардың бәрі дерлік күнде лікті
жейтін тағамдарда болады. Онда натрий хлориді ғана жетіс пейді.
Сондықтан ас тұзын қосады.
Массаждың әсерінен денеге сумен минералды тұздың алма-
суы аса қарқынды өтеді.
Массаж тіпті ішкі секция белгілерінің қызметіне де өз ықпа-
лын тигізеді. Барлық ішкі секция
бездері зат алмасуды реттеу
рөлін атқаратыны белгілі.
Қалқанша безінің гармондары ағзаның өсіп дамуына әсер
етеді. Ондағы тотығу процесін реттейді. Қалқанша безі қызметінің
бәсеңдеуі микседема ауруына әкеп соғады. Сол сияқты балдардың
өсуі мен дамуын баяулатады. Егер қалақша безінің қызметі ша-
мадан тыс күшейіп кетсе, онда Базедов ауруы пайда болады.
Мұндай адам ашушаң әрі тез шаршағыш келеді. Жүректің жиы-
рылу жиілігі, қан қысымы, жүйке жүйесінің қозғыштығы артады.
Базедов ауруына шалдыққан адам үнемі ашқарақтанып тамақты
көп ішеді. Бірақ бойға қонбайды, өте арық болады.
Олардың
қалқанша безі ұлғайып мойнының сәнін кетіреді және көзі бады-
райып сыртына теуіп кетеді.
Осындай ауруға душар болған адамдар үшін гармондардың
түзілуін тежейтін дәрілер мен бірге массаж қолданылады. Массаж
денедегі тотығу процесін реттуге жүйке жүйесінің қоғыштығы
мен тежелуін теңестіруге көмек жасайды.
Адам ағзасында бүйрек безінің де орны ерекше. Ол бірнеше
гармондар түзеді. Олар углевод, белок, май алмасуына себепші
болады, тұз бен судың алмасуын реттейді.
Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда массаждың әсер етпейтін
жері жоқ. Ол орталық жүйке жүйесіне, гуморалды механизмге,
бұлшық ет қан тамырларына, ағзаның өзге жерлеріне үлкен әсер
етеді. Массажды физиотерапия немесе емдік гимнастикамен қоса
қабылдаса нәтижесі бұрынғыдан да аса түседі. Өйткені ол адам
денесіне жан-жақты күш түсіреді. Сондықтан массажды қолдау
әр – түрлі ауруларға пайдаланады. Өйткені науқастанған мүшенің
орталық жүйесімен үзіліп қалған байланысын жалғастырып жан-
дандырады. Көптеген ғалымдардың айтуынша массаж әлсіреген
денеге әл береді. Шаршаған ағзаға күш қосады. Бұзылған мүшені
қалпына келтіреді. Тек методикасын дұрыс білу керек.