Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Шығ.: Толық шығ. жин., Қ-о., 1933; Таңд. шығ., А., 1957, 1987; Избр. А., 1958; Шығ. жин. 3 томдық, А., 2002 – 05



бет241/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Шығ.: Толық шығ. жин., Қ-о., 1933; Таңд. шығ., А., 1957, 1987; Избр. А., 1958; Шығ. жин. 3 томдық, А., 2002 – 05.

ТОТЕМШІЛДІК – ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі. Бұл атау Солт. Америкада тұратын оджибве тайпасының «ототем – оның тегі» сөзінен шыққан. Зерттеушілер Т-ті адамдардың тұрмыс-салтында ерекше орны бар жануарларды киелендіріп, қасиетті деп санауымен, тіптен табынуымен байланыстырады. Т-тің алғашқы кезеңдерінде бұл наным тотемдік хайуанды тамаққа пайдалануды да жоққа шығармады. Кейіннен Т-ке әлеум., қандас туыстық қарым-қатынастармен байланысты түсініктер енді. Ру-тайпа мүшелері өздерінің арғы тегін белгілі бір хайуанмен байланыстырып, оны қолдап, жебеуші күш деп білді. Т. аясында көптеген тыйымдар туындады, олар қазіргі ғылым тілінде табу деп аталады. Т-тің ертедегі адамдардың қоғамдық өмірінде өзіндік маңызы болды. Ол адамдардың белгілі бір ортақ нанымға тоқайласып, ортақ тыйымдар мен ырымдарға жүгініп, ынтымақтасуына ықпал етті. Т-тің неғұрлым айқын белгілері бар наным-сенімдік түрлері америкалық үндіс тайпалары мен австралиялық аборигендерде сақталған. Қазақ халқының салт-дәстүріндегі табулар мен тыйымдар бұрынғы Т. нанымдарына меңзейді. Мыс., Түрік қағандығы кезеңінде түркілердің арғы тегі көк бөрі деген сенім болды. Қасқырды тікелей өз атымен атамай «ит-құс» деп атауы осының мысалы. Сондай-ақ белгілі рухани адамдардың, батырлардың тұлғасы аңыз-әңгімеге арқау болып, оларды ерекше күш-қайрат пен қалыптан тыс қабілеттің иесі деп сенумен байланысты, оларға көмектесетін ғажайып киелі жануарлардың барлығына да сенген. Мәселен, Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) бурасы, Жәнібек батырдың жолбарысы, Абылай ханның, Райымбек батырдың бурасы, т.б. Бұл нанымдар ол жануарларды тікелей тотемдік мағынада қабылдамағанымен, айрықша рухани дәрежеге ие адамдарға ерекше қасиетті жануарлардың қапысыз қызмет жасап, қалыптан тыс рухани деңгейде түсінісетіндіктерінің ишарасы болған. Батырлар жырларындағы, ертегілердегі кейіпкерлердің астындағы атымен немесе басқа жануарлармен тілдесуі де, ерекше рухани кемелдікке жеткен адамның ұшқан құс, жүгірген аңның тілін біледі деген сеніммен үндеседі. Сондықтан Т-ті аң-құсқа табыну деп үстірт қарамай адам мен табиғаттың ерекше үйлесімін бұзбай өмір сүрген адамдардың жаратылыс дүниесінің киелілігін сезіне білуімен түсіндіруге болады.


ТОФФЛЕР (Toffler) Алвин – америкалық социолог, публицист, «постиндустриялық қоғам» тұжырымдамасы авторларының бірі. «Болашақпен қақтығыс» (1970), «Үшінші толқын» (1980) және басқа еңбектерінде адамзат қоғамы жаңа технол. төңкерісті басынан өткізіп жатқандығы және мұның ақыры әлеум. қатынастардың үздіксіз түбегейлі жаңарып, қалыптан тыс индустриялық өркениеттің құрылуына әкелетінін айтты. Қазіргі мемлекеттердің қоғамдық құрылымы ғыл.-тех. төңкеріспен бірге келген экон., әлеум. салалардағы қайшылықтарға төтеп бере алмай, жаїандық деңгейдегі дағдарыстарға соқтырады. Түбегейлі демократ. реформалар жасау арқылы әділетті қоғам құруға, дағдарыстардан шығуға болады деп білді.


ТӨЛЕ БИ, Төле Әлібекұлы (1663, қазіргі Жамбыл обл. Шу өңірі, Жайсаң жайлауы – 1756, қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Қазығұрт өңірі) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Әкесі Әлібек момындығы үшін ағайындары арасында «қарашоғыр» атанғанымен, өзіндік беделі бар би болған. Бала күннен жас Т. әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Т. б. Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға, үш жүздің ұлыстарын бір орт-қа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Т. б-ді ұлы жүздің бас биі еткен. Т. б. Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына ат салысты. Ордабасы жиыны кезінде Т. б. басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйтқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Т. б-дің қызметі орасан. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда оны тұтқыннан босатуда Т. б. белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Т. б-дің Орынбор әкімш-нен Абылайды тұтқыннан босатуға өтініш жасағандығы айтылады. Қазақтың үш жүзінен Т. б. бастаған 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Т. б. ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 ж. Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 ж. Орынбор губернаторы И. Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қой-ды. 1748 ж. орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шығынды жұрт көзінше төлеттіреді. 1748 ж. Әбілқайыр хан қаза тапқанда оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Т. б-ге шағымданады. Т. б. Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Т. б-ден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Т. б-ге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Т. б. билер сотына қазақ билерінің ішінен, Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Т. б. Барақ сұлтанды ақтап алады. Т. б. Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеді. Т. б-дің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемл. деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады. Т. б. хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оның елге танымал «Елге бай құт емес, би құт» дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Т. б-дің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Т. б. өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса халқын сатады. Халық азса хандыққа таласады». Т. б-дің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Оның Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал. Т. б. Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Т. б. халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деген атпен танымал. Оның бұлай аталуы жайлы да аңыз сақталған. Т. б. Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленген. Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Т. б. қабіріне кесене салынған. Ғибратты ғұмыр кешкен бидің жарқын бейнесіне көптеген ақын мен жыраулар оралып, оның даналығын шығармаларына арқау етіп отырды. Өткен дәуірлерде А. Левшин, П. Маковецкий, Л. Баллюзек секілді, т.б. орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Т. б. есіміне ілтипат білдіріп, құрмет тұта атап өтті. Әр кезде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Шәкерім Құдайбердіұлы, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Б. Адамбаев, Н. Төреқұлов, т.б. Т. б-ге байланысты әр тараптағы зерттеулері мен ой-қорытындыларын жариялады. Жамбыл обл-нда Т. б. есімімен аталатын елді мекен бар. Оңт. Қазақстан обл-нда бір ауданға Т. б. есімі берілген. Жамбыл, Оңт. Қазақстан обл-нда және Астана қ-нда Т. б-ге ескерткіш қойылған. Алматыда, Шымкентте және бірқатар елді мекендерде Т. б. есімімен аталатын көшелер бар. Е. Жасыбаев
Әдебиет: Казахско-русские отношения в ХVІ – XVІІІ вв. Сб. Документов и материалов, т.1., А., 1961; Төле би, А., 1991; Үш пайғамбар, А., 1992; Төле би мен Қойгелді батыр, А., 1992; Левшин А.И., Описание киргиз-кайсацких или киргиз-кайсацких орд и степей, А., 1996; Қазақстан тарихы, 3-т., А., 1998.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет