Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(лат. universalis – жалпы



бет249/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)



УНИВЕРСАЛИЙЛЕР, ӘМБЕБАПТАР (лат. universalis – жалпы) – ортағасырлық философияда жалпы идеялар осылай аталады. У. жайлы пікірталасында ол жалпы идеялар шындық па, объектівті ме, немесе олар заттардый жай атауы ғана ме деген мәселе төңірегінде өрбісе «заттарда» өмір сүреді (орташа реализм, Фома Аквинский көзқарасы). Бұған қарама-қарсы көзқарас: У. тек ақыл – ойда ғана, «заттардан кейін», ақыл-ойдың құрылысын түрінде. (Концептуализм) немесе тіпті жай сөз түрінде ғана (шегіне жеткен номинализм, Росцелин, Оккам) болады.

УПАНИШАДТАР – Ведалардың төртінші және соңғы бөлігі. Онда ведалық әнұрандардың (гимндердің) философиялық мағынасы ашып көрсетілген. У-дың ең ежелгісі б.з.б. VII ғасырға жатады. У-да пайғамбарлардың Құдай, рух және космос туралы түсініктемелері берілген. Барша заттардың қайдан пайда болғандығы, қалай өмір сүретіндігі және олардың жойылып біткеннен кейін қайда кететіндігі, рухтың мазмұны, рухтың туып-өлу тамұғынан (сансарадан) арылу жолы, карма және т.б. мәселелер У-дың негізгі мазмұнын құрастырады. У-дың барлық саны – 108. Оның 16-ға жуығы «негізгі», «ұлы» У. деп аталады. У. санскрит тілінде жазылған.

Әдебиет: Кейпер Ф. Труды по ведийской мифологии. М., 1986; Литература и культура древней и средневековой Индии. М., 1979. Неру Д. Открытие Индии. Кн. 1. М., 1989.


УТИЛИТАРИЗМ (лат. utіlіtas – пайда) этикалық, мәдениеттанулық, дүниетанымдық ұстын. У. бойынша әрбір феномен әкелер пайдасы тұрғысынан бағалануы және қарастырылуы тиіс. У-нің негізін қалаған ағылшын моралисі И. Бентам болды. Оның айтуынша әрбір іс-әрекет өнегелі болуы үшін адамның жеке мүдделерін қанағаттандыруы тиіс. Тек сөйткенде ғана іс-әрекетпен «көп адамға үлкен бақыт» сыйлайсың.

Әдебиет: Милль Дж. С. Утилитарианизм. СПбг, 1900.Утилитаризм. // Философская энциклопедия. М., 1970.



ҰҒЫМ – дүниені танып-білу сатысындағы белгілі бір тұтастықта қарастырылып отырған заттың мәнін оның қалыптасуы тәсілін анықтау арқылы олардың тоериялық танымының формасы. Білімдердің дамуы негізінен алғанда Ұ-ның тереңдей түсуінен (берілген нәрселер жайлы) бір Ұ-нан нәрселердің әлдеқайда тереңірек мәнін көрсетіп олардың әлдеқайда дәл бейнеленуі болып табылатын басқа Ұ-ға өтуінен көрінеді. Ұ. белгілі бір тілдік формаларда бейнеленіп, тілдің соған сәйкес сөздік мәнін құрады. Ұ-ның бір логикалық функциясы практикада және танымда бізге керекті нәрселердің қайсыбір белгілері бойынша ойша бөліп көрсету болып табылады. Осы функцияның арқасында Ұ. сөздерді белгілі бір нәрселермен байланыстырады, ал бұл сөздердің дәл мәнін анықтап, ойлау процесінде оларды қолдауға мүмкіндік береді. Нәрселердің класын бөліп алып, бұл нәрселерді Ұ-да жалпылау табиғат заңдарын танып білудің қажетті шарты болып табылады. Әрбір ғылым белгілі бір ұғымдарды қолданады, оларда сол ғылым жинақтаған білімдер топтастырылады (тұжырымдалады). Ұғымның қалыптасуы, бейнелендірудің сезімдік формаларынан оған өтуі күрделі процесс: мұнда дүниені танудың салыстыру, талдау мен синтез, абстракциялау, идеализациялау, жалпылау сияқты әдістері және ой-қорытындысының айтарлықтай формалары қолданылады.
Ұждан Мұхаммед пағамбар: «Муфтилер саған пәтуа берсе де сен ұжданыңмен ақылдас» – деп бұйырады. Ұ. – адам блмысының «төрешісі», «қазысы». Ұ. үні – бұл адамға қойылатын қоғамдық талаптардың басқа түрге айналдырылған үні және адам адамгершілігінің көрсеткіші. Ұ. белгілі бір құндылығымен және тұрақтылығымен сипатталатын өмірлік іс-әрекет бағытына негіз болып табылады, борыш туралы ұғым да осыған сүйенеді.

ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ адам мен табиғатқа, құндылықтарға, моральдық нормаға тұлғаның көзқарасын білдіретін, қоршаған ортамен қатынасын қалыптастыратын қоғам мүшелеріне ортақ, ұлттық негіздегі жүйе. Ұ. д. адамның дүниені теор. және практик. жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-практик. тәсіл. Дүние мен адамның қатынасындағы әмбебап негіздерді өзара байланыстырып, қабыстырып тұрған тетік – мәдениет, ал ол қашанда этн. сипатта болады. Егер дүниетаным мәдениеттің рухани мәйегін, күре тамырын құраса, онда әрбір этномәдениеттің өзіндік дүниетанымы бар екендігі анық. Осыған сай әлемде қанша ұлттық мәдениет бар болса, сонша ұлттық дүниетанымдық жүйе болады.
Қазақ ой-санасының алғашқы кезеңдерінде дүние, оны түсіну мен ақпаратты жинап, сақтап және жалғастыратын коммуникативтік қызметті атқарушы үлгілік-бейнелеу (тасқа қашалған суреттер) және символдық-белгілік (таңба-ру белгілері) жүйелер болса, оның орнын басқан вербальды-дискурсивті ойлау орта ғасырларда қалыптасты. Енді басты рөлді халықтың ауызекі тілі атқара бастады, бірақ бұл тұрмыстық коммуникация қызметінің аумағынан шықпайтын тіл емес, адамдардың араласуының шығарм. формасына тән дискурсивтік, яғни пайымдық тіл еді. Қазақ дүниетанымдық ойының тағы бір ерекшелігі оның Ұ. д. ретінде шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігі, халық бақыты, мүддесі және болашағы үшін күресу жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуінде. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып-білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеум. мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың шығарм-нда қоршап тұрған табиғат пен әлеум. орта туралы ой-танымның қордалы жиынтығы болды. Олар негізінен бір қалыпқа сыя бермеуі мүмкін, бірақ адамдардың бай практик. өмірін, халық даналығын көрсететін филос. мәні бар еді.
Зерттеушілердің басым бөлігі Ұ. д-ның қалыптасуында миф пен діннің ерекше рөлін атап көрсетеді. Дүниетанымның тек рационалдық парадигмаға негізделген батыстық түрінен басқа да формалары жеткілікті. Мыс., К. Ясперс өзінің «Тарихтың мәні мен міндеттері» атты еңбегінде дүниетанымның мынадай типтерін атап өтеді: 1. Адамгершілік өлшемін берген әулиелер. 2. Филос. жасампаздар. 3. Филос. жаңғыртушылар. 4. Ұлы жүйе құрушылар. 5. Даналық өрісіндегі философтар. 6. Поэзиядағы философтар.
Қазақ дүниетанымының мынадай ерекшеліктерін атап өткен жөн: 1. Қазақ дүниетанымы филос. емес сарындағы даналық тәжірибесіне жатады. 2. Қазақ дүниетанымы табиғатты кие тұтумен сипатталады, оның терең экол. мазмұны бар. 3. Қазақ дүниетанымы көшпелілік менталитетпен тығыз байланысты. 4. Қазақ дүниетанымы онтол. және гнесеол. мәселелерден гөрі этика мен антропологияға көбірек көңіл бөледі. 5. Қазақ дүниетанымында аксиол. мәселелерге, әсіресе, рухани құндылықтарға ерекше назар аударылады. 6. Қазақ дүниетанымы өзінің ғарышпен, әлеммен үндестігі арқылы сипатталады. 7. Филос. мәселелер негізінен экзистенц., дидактик. және прагматик. сипатта қарастырылады. 8. Қазақ дүниетанымында байлықтан, табыстан гөрі ар-намыс, қанағат, тәубе, әділеттілік, т.б. адамгершілік мұраттар жоғары қойылады. 9. Ұжымдық мүдде жеке мүддеден жоғары саналады.
Өзіндік болмыс ұғымына жақын тұрған дүниетанымдық ерекшелік ұғымы, көбінесе салт-дәстүрде, рухани мұра мен адамдардың мінез-құлықтарында басым қолданылады. Бұл ұғым қоғамның сапалық ерекшелігін көрсетуде белсенді түрде көрінеді. Шығыс қоғамының ерекшелігі тұрақты рухани мұраны әлеум. байлықпен тығыз бірлікте қарастыруында. Ол адам тіршілігін қалыптастыратын дүниетанымдық әмбебаптылық дәрежесінде қолданылады. Сондықтан да шығыс «философемі» дәстүрлі көркем және діни әдебиеттерде шоғырланып, зерттеушілерді дүниетанымдық жүйенің әлеум. қырын қарастыруға, дүниетанымдық бағыттағы мәтіндерді тануға итермелейді. Дүниетанымдық типтердің алмасуы барысында ғыл. еңбектерде мифол., дәстүрлік және жаңашылдық кезеңдер ерекшеленеді. А.Х. Қасымжанов қазақ халқының рухани мәдениетіндегі мынадай кезеңдерді бөліп алады: 1. Мифология. 2. Ренессанс (Қайта өрлеу). 3. Ағартушылық. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы түркі тайпаларының этн. бірігуі тұсында қалыптасқан. Қазақ дүниетанымының дәстүрлі кезеңі түркі номадизмінің мәнін өз бойына неғұрлым толық сіңірген, өйткені ол ХХ ғ-дың басына дейін көшпелі мал ш-н сақтап келді. Ұ. д-дағы дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасы ең алдымен уақытты белгілі бір этнос өмір сүруінің негізі деп білген түсінікпен байланысты. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында уақыт адамнан бөлінбеген және «уақытты өткізу (немесе өлтіру)» ол үшін мүлдем жат. Дәстүрлі дүниетаным уақыттың сызықтық емес циклдік өлшемін пайдаланады және оның негізіне кәдуілгі табиғи ритмдер жатады. Мыс., қазақтың ай атауларын алсақ: «көкек» – құстардың оралу уақыты, «мамыр» – жаңару кезеңі, «отамалы» – мал барынша тойынады, «қазан» – шөптің таусылуы, «қаңтар» күннің қысқаруы, қаңтарылуы, т.б. Минут, сағат, секунд сияқты уақыттың сызықтық өлшемдерінің орнына қазақтар «ат шаптырым», «ет асым», «сүт пісірім», «бие сауым», т.б. өлшемдер қолданады.
Көшпелінің дәстүрлі дүниетанымы болмыстың тұлғалық тылсымдық ырғақтарына мән береді. Адам өмірі өткінші жағдайдан «бақи дүниеге» өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Бұл өмірде адамға мәңгілікпен жақындасу мүмкіндігі беріледі. Ең басты шарт – «адам болу» (Абай).
Этномәдениет уақытын бағыттарына қарай шартты түрде реликтілік (сақталу) және динамик. (өзгермелі), архаик. (көне), актуалды (өзекті) және футуристік (келешектік) деп бөлуге болады (Л.Н. Гумилев, А.Тойнби). Ұ. д. әр халықтың болмыс формаларымен тығыз байланысты. Өйткені әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру дағдыларына байланысты ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, тыныс-тіршілігі қалыптасады.

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ. Ұ. м. екі ұғымның тұтастануынан көрініс табады. Этнос (грек. тілінде – топ, тайпа, халық деген мағынада) белгілі бір жайда және қоғамдық жағдайда нақты тұрақты болып қалыптасатын халық немесе біртұтас этникалық сана-сезімдегі тұлғалардың, әлеуметтік топтардың, қауымдардың жиынтығы. Ұ.м-тің анықталған белгілері мен ерекшеліктері бар: бір тілде сөйлеу, біртұтас өзіне тән ұлттық экономика, бөлінбейтін, біртұтас территория, ортақ діл, ұлттық психология. Ұ.м. дегеніміз әр халықтың өзінің бүкіл тарихи даму барысында жинақталған материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы, оның шоғырланған қорытындысы, ғасырлық қазынасы. Ұ.м. құндылықтарына әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер жатады. Олар адамның бір-бірімен қатынас жасауын, ұлттың өмірін, басқалармен қарым-қатынасын реттейді. Отбасы мәдениеті, тіл мәдениеті, ұрпақ тәрбиелеу мәдениеті де ұ.м. құндылықтарында ерекше орын алады. Ұ.м. – ұлттық мінезімен, менталитетімен ерекшеленеді. Ұ-қ мінез сол халықтың тек өзіне ғана тән қасиеттері. Оған жүріс-тұрыс, сөйлеу ерекшеліктері, парықтылығы мен парасаттылығы, өзін-өзі ұстауы, көзқарастары, күлуі, жақсы көруі, жарасуы т.б. жатады.


Тәуелсіздікке қолы жеткен Қазақ елі алдында ұлттық архетиптерді сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік мәдениет құндылықтарымен үйлесімді ету міндеті тұр. Қазақстан үшін бүгінгі жаһандану дәуіріне аяқ басар тұста осы желеумен кіріп жатқан, мәдени төмендеуге ұшырататын көптеген діндік, ділдік ықпалдар шырмауында қалып қою қауіпі бар. Бүгінгі таңда қазақ мәдениеті алдында ұлт дәстүріне негізделген жолмен немесе бұқаралық мәдениет үрдісімен жүру жолын таңдау қажеттілігі өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі қазақстандық мәдениетте екі субмәдениет (қазақтілді және орыстілді) бар екендігі белгілі. Бұл типтік айырмашылықты дұрыс қолдану қазақ Ұ. м-інің мүмкіндіктерін арттырады. Өйткені орыстілді субмәдениет Батыс пен Ресей жетістіктерін тиімді қабылдауға икемді болса, төлтума мәдени тип құндылықтар сабақтастығының кепілі болып табылады. XXІ ғасырда болашағынан үміт күттіретін мәдениет партикулярлық ұстанымдарға сүйенбеуі қажет. Тек ашық, сұхбатқа икемді, басқалармен үйлесімді этномәдениет қана заман талаптарына сай бола алады. XІX ғасырда Батыс үстемдік етсе, XX ғасыр капитализм мен социализмнің текетіресі түрінде болды, ал XXІ ғасырда ахуал өзгерейін деп тұр. Әлем сахнасына С.Хантингтон жіктеген басқа да суперөркениеттер шығуы мүмкін.. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабында ұлттық-өркениеттік жүйелердің сұхбаты жағдайында қазақ мәдениетінің бірегейлік жетекші қызметі арқылы мәдениеттердің синтезі идеясы ұсынылады. Тоталитарлық мәдениеттен кейінгі Қазақ өркениетінде ұлттық ренессанс идеясы басқа да ТМД елдеріндегідей өзінің күрделілігімен көзге түседі. Көптеген архаистік мәдени бағдарлар (магия, хиромантия, гороскоптар, жалған діндарлық) көрініс тапты, қоғамда жаңа идеялардың аздығынан Ресейден, АҚШ-тан, Еуропадан, Қытайдан, мұсылман елдерінен алынған «дайын үлгілер» көбейіп кетті. Тек өнеркәсіп өнімдері ғана емес, сонымен бірге мәдени идеялар да «импорттан» алынды. Өркениеттік үдерістердің тенденциялары мен мәнісін ашу қашан да ауқымды мәселе болып табылады. Бұл сипатта өзгермелі қоғамдағы жаңашыл мәдени феномендер өз талдауын күтіп отыр. Айталық, ғаламдану үрдісіндегі индивидуалистік бастаулар, дәстүр, жаңашылдық және маргиналдық, мәдени инфрақұрылымдардың үйлесімдігі мен тиімділігі, нарық және мәдениет, виртуалды шындықтағы мәдени өзгерістер, мәтін және оны түсіндіру, симулакрум мәселесі, т.т.
Ұ.м-тің анықталған белгілері мен ерекшеліктері бар: бір тілде сөйлеу, біртұтас өзіне тән ұлттық экономика, бөлінбейтін, біртұтас территория, ортақ діл, ұлттық психология. Ұ.м. дегеніміз әр халықтың өзінің бүкіл тарихи даму барысында жинақталған материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы, оның шоғырланған қорытындысы, ғасырлық қазынасы. Ұ.м. құндылықтарына әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер жатады. Олар адамның бір-бірімен қатынас жасауын, ұлттың өмірін, басқалармен қарым-қатынасын реттейді. Отбасы мәдениеті, тіл мәдениеті, ұрпақ тәрбиелеу мәдениеті де ұ.м. құндылықтарында ерекше орын алады. Ұ.м. ұлттық мінезімен, менталитетімен ерекшеленеді. Ұ-қ мінез сол халықтың тек өзіне ғана тән қасиеттері. Оған жүріс-тұрыс, сөйлеу ерекшеліктері, парықтылығы мен парасаттылығы, өзін-өзі ұстауы, көзқарастары, күлуі, жақсы көруі, жарасуы т.б. жатады. Мәдениеттердің даму барысында, мәдениеттер сұқбатының күшеюінде әлемдік халықтардан барған сайын мол экономикалық-мәдени, әлеуметтік-саяси, ғылыми-технологиялық ықпалдарды қабылдау нәтижесінде ұлттық мєдениеттерде біркелкілік артады.

ҰЛТТЫҚ РУХ халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең арман-мұраттарымен сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-қуаты. Ұ. р. жалпы ғаламдық рух пен жеке адамдық рухтың дәнекері болғандықтан, кез келген ұлттың, мәдениеттің өкілі өзінің әлемдегі орнын өзіндік ұлттық төлсанасы арқылы бағамдауы заңды құбылыс. Сондықтан жеке адамның таным терезесі ұлт-тық таным тұрғысынан, әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды игеріп, рухани игіліктерге өз үлесін қосады. Қай халықтың болсын бойында өз табиғатына тән өзге де қайталанбас қасиеттері, мінезі, ділі болуы Ұ. р-пен тікелей байланысты. Көзбен көріп, қолмен ұстайтын зат болмағандықтан, Ұ. р-тың көрініс беруі ұлт өкілдерінің көркем шығарм-нан, халық даналығынан, ғасырлар бойы сабақтастығын үзбеген рухани мұраларынан көрінеді. Әрбір ұлттың өзіне тән Ұ. р-ы бар дегенде, оның өзі жайлы дүниетанымынан, дүниеге көзқарастары мен мінез-құлқынан, мұрат-мақсатынан даму, өзгеру, кейде әлсіреу, яғни үнемі қозғалыс үстіндегі құбылыс екенін аңғарамыз. Ұлт болып ұюдың өзі этностың мекендік және мезгілдік факторларына байланысты болуымен қатар, оның табиғи, тарихи, рухани бітім-болмысы, ұлттық санасы, ділі, мінезі, мәдениеті, әлеум.-саяси мұрат-мүдделерінің қалыптасып, тұлғалануы үздіксіз процесс және Ұ. р-тың түлеп-толысып отыратын өміршеңдігінің көрінісі. Ұ. р-тың буырқана бой көрсетер тұсы бодандық бұғауына қарсылық, тәуелсіздік мұратына ұмтылыс сәті болса, сол кезеңдерде қордаланған көркем рухани мұралардың ерлікке, елдікке үндер күш-қуатының маңызы бұғаудан босанып, болашаққа бет түзеген, баянды бағдарын айқындаған ұлттар үшін де зор. Ұлттың рухани тәжірибесін саралап-салмақтау үшін мол мағлұмат беретін басты байлығы оның сөз өнері. «Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды» деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, Ұ. р-тың көркем образдар арқылы бедерленуі қазақ әдебиетінен көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет