Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет46/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   267
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006: Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

АФИНАЛЫҚ мектеп (б.д.д. 5 ғ.) – философияда антика ой өрісінің Афинаға көшіп, Платон, Сократ, Аристотель және өзгелердің шығармашылығында дамуы. Бұл мектептің философтары адамды табиғаттан ажыратып, оның рухани құбылыс екенін алғаш әйгілейді. Бұл құбылыстың басында алдымен софистер тұрып (Протагор: адам барлық заттың өлшемі), кейін ол өзінің классикалық нұсқасын Сократ философиясында табады («өз-өзіңді таны»). Ұлы итальян суретшісі Рафаэль Санти бұл философтардың бейнелерін өзінің әйгілі «А. м.» (1509 – 1511) жұмысына енгізген.

АФФЕКТ (лат. affects – жан толқынысы) адам көңіл-күйінің шұғыл өзгеріп, әсерленуі (үрейлену, масаттану, ызалану). А. кезінде стрестік жағдайлар туындап, адам өзінің жүйкесін толық бақылай алмайтын ерекше сезімдік кейіпке түседі (оқыс мимикалар, айқайлау, жылау т.б.). Бұл құбылыс, әсіресе, балаларда жиі кездеседі. (мазасыздану, үрейлену т.б.). Қуаныш кернеген немесе қайғы-қасіретке душар болған ересек адамның да жан толқынысы А. түрінде болуы мүмкін. А-тің мәдени жағын алсақ, онда оның тылсымдық не рухани тазарудың (катарсис) функциясын атқаратынын ескерген жөн. Әсіресе, өнір шығармаларынан ләззат алу, оны тамашалау кезіндегі А-лер адамның көңіл-күйін көтеріп, тұлғааралық ерекше бір ынтамақтастықты тудырады. А. феномендері қазіргі бұқаралық мәдениет тұрғысынан да жиі қолданылады (тартымды ету, адамның ішкі дүниесіне жақындау). Кейде А. пайда табуды көздеген адамдар үшін тылсымдық инстинктерді қоздыру мақсатында да қолданылады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

АХИМСА (санскр. aһіnsā ― тірі жанға қиянат жасамау) ― тек адамзат баласына емес бүкіл жан иесіне рахымды болу. Жалпы тірі жанға қиянат жасаудан сақтану. Үнді философиясы мен діни дүниетанымына тән бұл этикалық принцип адам табиғаттан ажырамайды, барлық тірі жан иесі бір-біріне жақын туыс деген идеяға саяды. А. ― индуизм, буддизм және жайнизм діндерінде адамгершілік қағидаларына негізделіп, маңызды рөл атқарады. Бұл қағида белгілі бір іс-әрекеттерді талап ететін императив қана емес, ол сондай-ақ барлық тірі жандар мен жәндіктерді аяп, жан ашырлықпен қарауға шақырады. А. идеясы упанишадада кездеседі, онда адам өз бойынан құдыретті бастама Атманды көрсе, оны басқалардан да көре алатындығы айтылады. Брахман, буддизм, жайна ілімінің рухани ұстаздары өмірді теріс ойлармен, ғайбат сөздермен, іс-әрекеттермен жоюға, ластауға болмайды деп насихаттайды. А-ның қатаң қағидалары әсіресе жайна ілімімен тығыз байланысты. Олардың доктринасы бойынша өзгенің басына қайғы әкеліп, қастандық жасау жанды абсолютті пәктікке жету қабілетінен айырып, соңында қайғы-қасірет қиянат жасаушының өзінің алдына келеді. Жайна ілімін ұстанушылар мен келеңдерге (монахтарға) тірі жандарды өлтіріп алмау үшін аңға шығуға, балық аулауға, жер жыртып, мал шаруашылығымен айналысуға тиым салынады. Жайналар қатаң тәртіпті ұстанатын әдеттегі вегетариандықтар да емес, олар тіпті өсімдіктерді жеуге де тиым салады. Өсімдіктерді өмірге пайдалану оларды жойып, құртуға алып келеді дейді. Олар үшін ең керемет тағам табиғи жолмен жерге түскен жеміс-жидектер. Майда жәндіктерге де зиян келтірмес үшін сүзгіден өткізілген су ішеді. Жайна келеңдері (монахтары) ауыздарына шыбын-шіркей кетіп қалмас үшін дәке таңып, жолда құрт-құмырсқаларды басып кетпеу үшін алдарын сыпырып жүреді.
Батыс мәдениеті А. ұғымымен Махатма Ганди (1869 – 1948) арқылы таныс болды. Ол осы ұғымның мазмұнын кеңейтіп, А-ны рухани тазалық, сабырлылық, қанағат, өзіңнің бар тіршілікпен бірлікте екеніңді саналы түрде ұғыну жолы деп түсіндіреді. М. Ганди А.-ны ұстану ақиқатты (яғни, Жаратушыны) танудың қажетті шарты, әлеуметтік-саяси мәселелерді шешудің кепілі деп санады.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.

АХМЕТ Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (ХІІ ғ-дың соңы, Түркістан өңірі – ХІІІ ғ-дың басы, сонда) – ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қ-нда туып өскен. А.И-дің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға өзған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай «Әдиб Ахмед» деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында А.И. қысқаша тақырып-тақырыптарға бөліп, Ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, «һибат ул-хақаиқ» («Ақиқат сыйы») деп аталатын дидактик. өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда «Ақиқат сыйы» Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Ясауи мұраларымен іштей астасып, IX – XIII ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды.
А.И-дің «Ақиқат сыйының» біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. А.И. мұрасының XIV-XV ғ-да жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі – 1444ж. Самарқанда Арсылан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Жужани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі – 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбулдағы Айя-София кітапханасы қорында сақтаулы; 2-нұсқа Стамбулда 1480 ж. Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірілген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбулдағы Айя-София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 ж., алғаш жариялаған; «Ақиұат сыйының» үшінші арабша нұсқасы XIV ғ-дың ақырында, немесе XV ғ-дың басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбулдағы Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты «Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі» деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен А.И. мұрасы туралы дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған ( көлемі төрт бет), Берлин ҒА-нда сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалардың із-жосықтары А.И. еңбектерінің қаншалықты кең көлемде таралғанын дәлелдей түседі.
А.И. үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. «Жас қартаяды, жаңа ескіреді», «Барлық толған (нәрсе) азаяды, түгел кемиді». Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өкінішті. Мұнда «менікі» деген жоқ. Өйткені «менікі дегеннің» ертең «өзгелердің еншісі» болып шығады. Сондықтан дүниқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек «уайым-қайғыңды көбейтеді, (одан да) еңбек ет» деп тұжырымдайды. Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлық пен көнбістікті мадақтайды.
Шығ.: Ахмед Йүгенеки. Ақиқат сыйы. Түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы, Баспаға дайындағандар: Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықов., А., 1985. Хибат-ул хақайық, Ташкент, 1971. Ә. Құрышжанұлы, Б. Сапарұлы, А. Көшкенова (ҚҰЭ – 572 бет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет