Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет63/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

БЕРГСОН Анри (1859 – 1941) – француз философы, интуитивизмнің негізін салушы. Оның философиясы және «интуиция» мен «өмірлік талпыныс» сияқты ұғымдары классикалық емес философия мен модернизмнің қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Позитивизм мен рационалдық парадигмалардың басты қағидаларын теріске шығарып, Б. уақыт, яғни «ұзақтық» ұғымына субьектілік және психологиялық түсіндірме беруге ұмтылды («Сананың тікелей көріністері»). Б. бойынша, заттық дүниенің қозғалыссыз бітімдеріне сай келетін ұғымдарды пайдаланушы интеллект қозғалысты, соның ішінде «тіршілік талпынысын», шындықты жасаушы, әсіресе, сананың атрибуты болып табылатын «ұзақтықтық» шығарм. стихиясын түсіне алмайды. Ол тек жануарлар инстинктеріне ұқсас тікелей сезіну, иррационалдық интуиция арқылы ғана қабылдана алады. Интуиция мүдделісіз болғандықтан, дейді Б., шындықты күнделікті өмір қажеттіліктерімен және пайдалы нәрселерді іздеумен ғана байланысты интеллектіге қарағанда, тереңірек ашады. Дүниені интуициялық жолмен қабылдаудың бір түрі ретінде Б. «таза өнер» дегенді қояды. Комедия, Б. бойынша, таза өнерге жатпайды, өйткені, ол әлеум. айыптаудың түріне жатады. Б. өнерді ғылымға қарағанда танымның маңызды әрі әмбебапты формасы ретінде алады. Кейін ол рухани мәдениет бітімдерін «статикалық» дін рухтарын бейнелейтін мифологиялық шығарм. деп қарастырады («Мораль мен діннің екі бастауы»,1932). Жоғары құндылық ретінде Б. құдайға жеткізетін қасиетті интуицияны алады. Б. шығарманың кейбір жақтары постмодерндік мәдениетте көрініс тапты.
Әдебиет: Два источника морали и религии. М., 1994; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – 87-88 бб.

БЕРДЯЕВ Николай (1874 – 1948) – көрнекті философ, персонализм мен экзистенциализмнің идеологы. Ғасыр басында жария марксизм дегенге жақындап, кейін діни философияға бет бұрды. 1922 ж. Кеңес үкіметі оны шетелге жер аударып жібереді. 40-тан артық кітаптарының ішінде филос. түбегейлі трактаттар («Еркін рух философиясы», 1927 т.б.), мәдени-тарихи туындылар («Ресей тағдыры»,1918, «Орыс идеясы», 1946 т.б.), әдебиеттану саласында («Достоевскийдің дүниетанымы», 1923) және өмірбаяндық («Өзін тану», 1947) эсселері бар. Б. ұлт пен мәдениет, мәдениеттегі жалпыадамзаттық және ұлттық бастаулар, мәдениет және өркениет, соғыс және мәдениет сияқты түбегейлі мәселелерді талқылауға көп көңіл бөлді. Б. аталған сұрақтарды бірінші, батыл және ашық қойды және олар қалыптасып келе жатқан ғылым – мәдениеттануда үлкен қызымет атқарады. «Орыс рухы» туралы пайымдауларында Б. орыс рухының «пейзажы» орыс жерінің «пейзажына» сәйкес келеді деді. Сонымен бірге, Б. орыс халқына тән бюрократтық орталықтандырылған билікті жақтау, саяси өмірдегі стихия мен иррационалдылық, ұйымдастыруға әлсіздік сияқты ділдік белгілерді атап өтті. «Орыс халқында, – деді Б., – кез келген мәдениетке, тұлғалық бастауларға, оның құқықтары мен абыройлығына, барлық құндылықтарға қарсы мистикалық толассыз қарсы әрекет бар». Жалпы орыс мәдениетіне, оның пікірі бойынша, амбиваленттік тән. Б. орыс халқындағы мейірімділікті, тынымсыз адамгершілікті, қарапайымдылықты жоғары бағалады. Сондықтан 1917 жылдан кейін рухани мәдениетті талқандау ұзаққа созыла алмайды, түбінде мәңгі рухани күш қайтадан құдіретіне енеді. Басқа да орыс философтары сияқты Б. «мәдениет» және «өркениет» ұғымдарын бір-бірінен ажырата қарастырады. Мәдениет рухани және ақсүйектік құбылыс болып табылады. Өркениетте техникалық, «машиналық» жақтар басым. Б. халықтың бірлігі мен рухани егемендігін қызу қолдады, дәйекті демократ болды. Адамдық тұлға және оның тіршілігі Б. ізденістерінің өзегі болды.
Әдебиет: Судьба России. М., 1990; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – 88-90 бб.

БЕРЕКЕ – қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетінде ауызша жасалатын келісім түрі. Ол айырбас, сауда-саттық барысында қолданылған. Жалпы әдет жосындарында б. ин-ты бүкіл келісімнің, мәміле атаулының негізгі шарты болған. Билер сотында оны дауласушы тараптарды татуластырып, бітімге келтіру үшін де пайдаланылған. Яғни, дау қуып, талап қоюшы жақтың материалдық мүддесін мүмкіндігінше қанағаттандырып, разы қылатын Б-лі келісім табуға тырысқан.

БЕРКЛИ, Джордж (1685 – 1753) – англо-ирландық спиритуализмді насихаттаушы философ. 1685 жылы 12 наурызда Ирландияның Килкенни графтығының Томастаун елді мекенінің маңында дүниеге келген. Бастапқыда Килкенни колледжінде, кейін Дублиндегі Тринити-колледжінде оқып, осы колледжде дәріс берді. 1710 жылы дін қызметкері болды. 1713 жылы Лондонға көшіп келіп, «Көрудің жаңа теориясының тәжірибелері», «Адамзат білімінің ұстындары туралы трактат», «Гилас пен Филонус арасындағы үш әңгіме» атты философиялық еңбектерінің және тапқыр шешендігінің арқасында танымал философқа айналды. 1713 – 1721 жылдары Еуропаны кезді; 1723 жылы Бермуд аралдарында үндіс балаларына арнап колледж ашпақшы болды, бірақ қаржы тапшылығынан аша алмады. 1728 – 1731 жылдары Род-Айлендте қалып, «Алсифрон, немесе Майда философ» еңбегін жазды. 1734 жылы Дублинде Клойн епископы болып тағайындалды және «Сейрис, немесе Философиялық толғаныстар мен зерттеулердің тізбегі» деп аталатын соңғы еңбегін жазды. 1752 жылы ол барлық қызметті тастап, отбасымен Оксфордқа көшіп келді. 1753 жылдың 14 қаңтарында Оксфордта көз жұмды.
Б-дің діни астарлы философиясы сол заманда сәнге айналған реалистік, атеистік және материалистік идеяларға қарсы бағытталды және Дж. Локктің сенсуалистік ілімінің ықпалын бойына сіңірді. Адамның танымға деген қабілетін бекті отырып, Беркли сезімдік тәжірибені білімнің көзі деп есептеді. Берклидің ілімінше, шындығында тек рух қана өмір сүреді, ал бүкіл материалдық әлем біздің сезімдеріміздің алдауы ғана, сондықтан Локктің «материалдық субстанциясы» қате идея. Рухтың екі түрі болады: соңғы ақылдар және Әлемдік Зерде (Құдай). Адамдар толығымен рухани әлемге бағынышты. Б.-дің негізгі тұжырымдамасының бірі – «өмір сүру – демек, сезіну». Осы тұжырымдаманың негізінде Б. субъективтік идеализм доктринасын жасап шығарды. Тек «Мен» жалқы субъектін ғана мойындау солипсизм деп аталады.

БЕНТАМ, Иеремия (сондай-ақ Джереми Бентам) – 1748 жылы 15 ақпанда дүниеге келіп, 1832 жылы 6 маусымда қайтыс болған ағылшын әлеуметтанушысы, заңгер, саяси либерализмнің аса ірі теоретиктерінің бірі, ағылшын философиясындағы бағыт – утилитаризмнің негізін қалаушы.
Б. адвокат отбасында өсіп, 1760 – 1763 жылдары Оксфордта заңгерлік білім алды. Өзінің этикалық ілімін «Деонтология, немесе мораль туралы ғылым» деп аталатын шығармасында баяндады. Жеке, дараланған мүддені жалғыз шынайы мүдде деп есептеді, ал қоғамдық мүддені солардың жиынтығы деп қарастырды. Б. этикасының негізінде «пайда ұстыны» жатыр, ол бойынша адамдардың әрекеті, олардың қатынастары әкелген пайдасына қарай моральдық тұрғыда бағалануы тиіс. Пайданы анықтауда адамның жеке мүдделері ескеріледі. Моральдың өлшемі «пайда, тауып, бақытқа жету» болып табылады. Адамдардың жеке табыстары, олардың саны көбейген сайын, бақыттың жалпы жиынтығының артуына әкеледі.
Саяси көзқарасы бойынша, либерализмнің жақтаушысы, Ж.Ж. Руссоның қоғамдық шарт теориясын қарсыластық рухын қоздырады деп сынады, алайда ағылшын парламентінде сайлау құқығын кеңейтуге байланысты реформа жасау қажеттігін қорғады. Еркін сауда идеясын қолдады, бәсекелестік қоғамның тұрақтылығын, әділеттік пен теңдікті қамтамасыз етеді деп санады. Сөз еркіндігін, шіркеудің мемлекеттен бөлінуін, әйел теңдігін, некені бұзу құқығын, құлдыққа тыйым салуды, қинау мен азаптауға тыйым салуды, гомосексуалистерді жазалауды доғаруды жақтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет