Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет59/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Уәлиханов Ш., Таңдамалы шығармалары, А., 1985; Қазақ бақсы-балгерлері, А., 1993. А. Алдашев, Д. Омаров (ҚҰЭ – 2 том, 90 бет).

БАҚЫТ адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Б-тың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Арман сияқты Б. та мұраттың тылсымдық-эмоциялдық көрінісі болып табылады. Мұрат тұлғаның болашаққа деген сенімін білдірсе, Б. оның іске асу деңгейін көрсетеді. әдептану саласында Б. мәселесімен шұғылданатын ілімді фелицитология деп атайды. Б. көп мағыналы ұғым. Оның басты түсініктері: 1) бақ-дәулет, «қолға қонған құс», ырыздық; 2) қуаныш, ләззат, рахат; 3) жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық; 4) өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлғаға айналу. «Құс ұшуға жаралған, адам бақытты болуға жаралған» дейді халық мақалы. Б-ты өмір сүру – қуанышты болу, дәулетке кенелу, рахатқа бөлену. Адамға қуаныш әкелетін оқиғалар – табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы, алға қойған мақсаттың орындалуы, бала-шағаның қызығы. Қуаныш сезімі адамға күш беріп, кісінің жігеріне жігер қосады. Алайда қуаныш пен Б-тың арасында айырмашылық та бар. Қуаныш өткінші, жеке бір сәтке байланысты болса, Б. адамның бүкіл өмірінің арқауы. Өмірде адамгершілікке жат, әдептілікке симайтын жалған қуаныштардың да кездесуі мүмкін. Қазіргі жағдайда Б-ты өмір сүру мәселесі өркениеттілік құндылықтарымен (нарық, демократия, адам құқыларын қастерлеу т.б.) тікелей байланысты. Т. Джефферсон «Тәуелсіздік декларациясында» мемлекет өз табиғаты бойынша Б-қа ұмтылуды қорғап, тұлғалардың іскерлігі мен дербестілігін ынталандыруы қажет екенін, бұл Б. үшін мәнді болып табылатынын атап көрсетеді.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

БАЛАСАҒҰН Жүсіп (1017. ө.ж. белгісіз) Қарақандар мемлекетінде өмір сүрген ұлы түркі данасы, ақын, «Құтты білік» атты дидактикалық-этикалық поэманың авторы. Б-ның тарихи-мәдени рөлін мынадай түйіндермен айқандауға болады: 1) Б. Ислам Ренессансының арнасында әл-Фарабидің даналық өрісін ары қарай дамытып, түркі тілінде алғашқы философиялық, мәдениеттанулық, саясаттанулық туындыны дүниеге әкелді; 2) Б. поэзиясы, бір жағынан, ежелгі түркі жазбаларының (Орхон-Енисей жазулары, «Қорқыт ата кітабі» т.б.) төл дәстүрін жалғастырса, екінші жағынан, тәжік-парсы (Рудаки, Фирдоуси) поэзиясынан нәр алған; 3) Б. шығыс перипатетикасы дәстүрінде ақыл мен білімді жоғары бағалап, оған қоса түркі халықтарының маңызды дүниетанымдық принципі – сопылықты көркем бейнелерімен суреттеп берді; 4) «Құтты білікті» өзінің көтерілген мәселелерінің аумағы, исламдық және исламға дейінгі халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды бейнелеу деңгейі бойынша ортағасырлық түркі мәдениетінің энциклопедиясы деп бағалауға толық негіз бар.
«Құтты білік» төрт әлеуметтік-мәдени бастау: әділдіктің (Күнтуды елік), бақыттың (уәзір Айтолды), ақылдың (Ұғдүлміш) және қанағаттың (диуана Одғұрмыш) сұхбаты түрінде құрылған. Бұл поэмасында Б. кісілікке жетудің жолдарын зерделеп, ренессанстық «мінсіз жетілген адам» идеясын әсерлі бейнелейді, сол кездегі озық мемлекеттердің бірі Қарақандар еліндегі саяси, әлеуметтік, тұлғалық өмірге ғұламалық талдау беріп, оның жетістіктері мен кемшіліктеріне сараптау жүргізеді. Б. түркі халықтарының рухани аталарының біріне жатады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 5. Орта ғасырдағы түркі ойшылдары. – Астана: Аударма, 2005.

БАТА, бата беру қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі әдеп талаптарына сай адамға ізгі тілек білдіру. Қазақы тіршілікте адамның көңіл-күйі, кісілік қасиеттері, құт-берекелі өмірі жоғары бағаланған. «Жақсы ниет жарым ырыс» деген халық. Ниеттің ақтығы, тұлғалық қасиеттерді сыйлау, оның болашағына үлкен үміт арту күнделікті өмірдің күйкілігінен туындайтын қиындықтар мен сұрықсыздықтан арылуға көмегін берген. Б. әдетте, адам мен қауымның фәниден бақиға дейінгі өмірінің түйінді сәттерінің бәрінде (дастархан басында, той-думандарда, қиын сапар, алыс жолға аттанғанда, тұсау кескенде, құрбандық шалғанда т.б.) қадірлі адам қол жайып, Б. береді. Оны беретіндерге, әдетте, жасы үлкендер, сыйлы қонақтар, ел ақсақалдары, елеулі тұлғалар т.б. жатады. Б. дуалы тілек, сондықтан қысылғанда қуат, қиналғанда медет беріп, дұрыс жол ашады және бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Б. аруақтарға да бағыштап айтылады. Оның өзіндік қисыны, орны бар. Кез келген тілек Б-ға жатпайды. «Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деген халық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет