Байланысты: Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)
ҒЫЛЫМ логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтiн филос. ғылымның бiр саласы. Fылым, ғылымитеория өзiнiң зерттейтiн затын ұғыммен ой формаларында бейнелейдi. Соның арқасында ғылым берiлген пән саласында ой-өрiсiнiң барысын, ережелерiн анықтайды. Осыған орай әрбiр ғылымның өзiндiк логикасы бар деуге болады. Олай болса ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесi әбден заңды. F. л. жалпы ғылымға, ғылымибiлiмге тән заңдылықтарды зерттейдi. Филос. зерттеудiң арнайы бiр объектiсi ретiнде F. л. жөнiнде мәселе алғаш позитивизм философиясында көрсетiлген. Позитивизм философияны формальды логика деп түсiнедi де, философияның мiндетiн ғылымыныңтiлiне талдау жасау деп анықтайды. Көрнектi позитивист Рейхенбахтың айтуынша, философтың қолынан бар келерi – ғылымнәтижелерiн талдау, оларға мағына беру және дұрыстығын анықтау. Таным теориясы ғылымды талдау болады. Философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығаратын бұл концепция, әрине, қате. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың объектісі бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формальды логика дайын, қалыптасқан білімді қарастырады; білімнің жалпы ғылымға тән формальдық құрылымын, элементтерінің байланысын зерттейді. Ғылыми білімді талдап зерттеуге формальды логиканың дайын аппаратын қолданудың практикалық пайдасы зор. Қазіргі оны пайдаланбайтын ешбір ғылым саласы жоқ. Мұндай зерттеу адамның кейбір іс-әрекет функцияларын машинаға жүктеуді жүзеге асыру үшін де қажет. Сайып келгенде, «ғылым логикасы» – өз алдына ғылым саласы ғана немесе ерекше логикалық жүйе емес, ол ғылым сияқты күрделі объект жайындағы білімдердің жиынтығы.
ҒЫЛЫМ философиясы – адам іс-әрекетінің ғылыми білімдер өндіретін айрықша формасы болып табылатын ғылыми танымның тұтас алғандағы қалыптасуы мен дамуының және қызмет етуінің жалпы үрдістерін, заңдарын тарихи өзгеріп отыратын мәдени-әлеуметтік аяда зерделейтін философиялық білімнің бір саласы. Ғ.ф-ның пәніне жататын мәселелер: ғылым дегеніміз не, ол қашан пайда болды және қалай дамиды; оның адам танымының басқа формаларының (мифология, дін, философия, кәдуілгі таным, көркем таным және т.б.) арасында алатын орны, атқаратын қызметтері; ғылыми танымның объектісі мен субъектісі, даму заңдылықтары, құрылымы, жаңа білімге бастайтын әдістері; ғылыми ақиқат дегеніміз не, оның критерийлерін талдау; ғылыми танымға тән идеалдар мен нормалар, ғылыми құндылықтар, ғылымның әлеуметтік институт ретіндегі болмысы; ғылымның жалпы адам мәдениетінде алатын орны, даму кезеңдері, мәдени-әлеуметтік сипаттары, ғылыми іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері; ғылыми революциялар және ғылыми рационалдылық мәселесі, қазіргі ғылымның адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудегі рөлі, болашағы және т.б. Ғ.ф. өзіне қажетті деректерді ғылым тарихынан алады, сондықтан ол тарихи-ғылыми зерттеулермен тығыз байланыста дамиды. Ғ.ф. ғылымды мәдени-әлеуметтік феномен есебінде қарастырып, оның қазіргі өркениет дамуындағы рөлін, адам ойының, білімінің, мінез-құлқының, адамгершілік қасиеттерінің өзгеруіне тигізетін әсерлерін (мысалы, биоэтикалық мәселелерді) зерделейді. Ғ.ф. философиялық білімнің айрықша бір облысы ретінде ХІХ ғ. орта тұсында пайда болады. Бұған дейін философия мен ғылыми танымның өзара байланысына қатынасты мәселелер философия тарихының ұзына бойында әр дәуірдің өз тарихи ерекшеліктеріне орай қарастырылып отырған. Бұл мәселелер Жаңа заман философиясында (Ф.Бэкон, Р.Декарт, Г.Лейбниц, Дж.Локк, И.Кант, Г.В.Ф.Гегель және т.б.) орталық орын теуіп, Ғ.ф. пайда болуының алғышартын жасауға зор үлес қосты. Ғ.ф. алғаш Батыс Еуропада ХІХ ғ. ортасында үстемдік құрған позитивистік философияның құзырына ілігіп, оның тарихи үш формасы (алғы позитивизм, эмпириокритицизм және непозитивизм) құрамында дамып, өзіндік мәртебеге ие болады. Содан бері Ғ.ф. бойынша зерттеулер қарқынды түрде жүргізіліп, қазіргі философияның өзекті бір саласы ретінде дамып келеді. Әлеуметтік-саяси, гуманитарлық және жаратылыстанулық ғылымдар философиясы бойынша академик Ә. Нысанбаевтың ғылыми басшылығымен халықаралық философиялық мектеп қалыптасты. Әдебиет: Степин В.С. Философия науки. Общие проблемы. М., 2006; Абдильдин Ж.М. Развитие материалистической диалектики в Казахстане. Алма-Ата, 1975; Абдильдин Ж.М., Нысанбаев А.Н. Диалектико-логические принципы построения теории. Алма-Ата, 1973; Нысанбаев Ә. Ғылым тарихы және философиясы. – Алматы, 2013.