Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет114/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ зерттеу объектісі жалпы болмыс, табиғат құбылыстары болатын ғылымдардың жиынтығын беретін ұғым. Ж. ғылымдары ежелгі грек ғылымынан бастау алады. Алайда, ол ХV ғасырдың екінші жартысында, яғни Қайта өрлеу заманында табиғаттың зерттеу нысанына айналуына сәйкес қарқындап дамыды. Ж. – ауқымы кең, әмбебеп ұғым. Ол ғарыштық (макроәлем), жасушалық (микроәлем) табиғат нысандарын, ғаламның жалпы қасиеттері мен құрылымын, тірі табиғатты қамтиды. Ж. ғылымдары ғылыми нақтылығымен, жүйелілігімен және табиғат байлығы көздерін игеру жолдары ретіндегі практикалық мәнімен ерекшеленеді. Ж. ғылымдары: а) физика, химия, физикалық химия; б) биология, ботаника, зоология; в) анатомия, физиология, генетика; г) геология, минералогия, палеонтология, метрология, география (физикалық география); д) астрономия (астрофизика және астрохимия) деп топтастырылады. Зерттеу нысанына байланысты математика Ж. ғылымдары қатарына жатпайды, дегенмен оның зерттеу әдістемелері әмбебап рөл атқаратындықтан, басқа ғылым салалары үшін таным құралы ретінде қарастырылады. Қазақстанда ХХ ғасырдың бірінші жартысында, білім ордаларының ашылуына сай Ж. ғылымдарының зерттеулері қалыптасып, дамиды. 1946 жылы Ғылым академиясы ашылып, Ж. және техникалық ғылымдар салалары бойынша зерттеулер басталды. 1976 жылы оның құрамында: физика-математикалық ғылымдар бөлімдері; жер туралы ғылымдар бөлімдері; химия-технологиялық ғылымдар бөлімдері; биологиялық ғылымдар бөлімдері; қоғамдық ғылымдар бөлімдері жұмыс істеді.


ЖАСАНДЫ интеллект – адам ойының белгілі бір функцияларын қайталайтын, қолдан жасалған жүйелердің метафоралық ұғымы. «Сomputer science» (сөзбе-сөз аударғанда компьютер ғылымы) ұғымын ғылыми қауымдастық, осы проблема бойынша өткен бірінші Халықаралық біріккен конференция барысында (Вашингтон, 1969 ж.) айқындады. Ж.и-нің практикалық қолданылу саласы – компьютерлік сарап жүйесін жасау.
Ж.и. проблемаларымен жан-жақты айналысатын ғылымдар мен арнайы пәндер бағытты, саналы әрекет тәрізді әсер қалдыратын компьютер жұмысының алгоритм ережелерін құрастыруды жете зерттеудің керектігін көрсетеді. Саналы деп баға беруге болатын компьютерлік бағдарламалар жасаудың қажеттігі жұмыс нәтижесін белгілейді. Ж.и-нің кез-келген схемасы мен теориялық негізі ақпарат (әсіресе кодтау, қайта кодтау және оны тарату) болатыны болжанады. Ж.и. қалыптасқан проблемалар жиынтығында тек сандар мен берілген деректерге ғана емес, сонымен қоса, білімге, белгілер мен нышандарға да сүйену маңызды болады. Жалпы, Ж.и-ні жетілдірудегі өзекті проблемаларды шешудің уақытқа тәуелді екендігі күмән туғызбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет