Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет122/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. Астана: Аударма, 2005.

ЖІГЕР – батылдық, тапқырлық. Жасқаншақтықтың, толқудың, орнықсыздықтың болмауы. Қазақ ұғымында Ж-лі адам деп, – қайратты, өзінің алған бетінен қайтпайтын, көздеген мақсатына жетпей тоқтамайтын, ерік күші, рухани болмысы мықты адамдарды айтады. Ж-лі болудың негізі рухтың мықтылығымен, сенімнің тереңдігімен астасып жатады. Сондықтан Ж. адами болмысты жетілдіруге қажетті қасиеттердің бірі.

ЖІКТЕЛУбелгiлi бiр ұстындар негізінде ғылымдaр aрaсындaғы өзaрa iшкi бaйлaнысты aшу және оның логикaлық жaғынaн негiзделгенiн көрсету. Ғылым тарихында ғылымдaрғa әртүрлi Ж. берiлiп келдi. Мыс., ежелгi грек философы Аристотель ғылымдaрды үшке бөлген: теориялық философия (логика, аналитика, физика, математика, метафизика), практикалық философия (этика, политика, экономика) және шығармашылық философия (поэтика, риторика, өнер). Ал Сен-Симон объективтiк ұстынға негiзделген (математика, астрономия, физика, химия, физиология) Ж. ұсынды. Оның шәкiртi Огюст Конт бұл Ж-ді одан әрi айқындай түстi және социологияны өз алдына ғылым етiп бөлдi. Жаңа диалект. Ж-ның алғышарты Гегельдiң «Табиғат философиясы» мен «Философиялық пропедевтикасында» координация ұстыны субординация немесе даму ұстынына ауыстырылды. Ол бүкiл ғылымды үшке («механизм», «химизм», «организм) бөлді. Қазіргі ғылымдарды Ж. ұстындары: ғыл.-зерт. пәніне байланысты объективтік ұстын, адамның практикалық және танымдық қызметінің табиғатына сәйкес субъективтік ұстын, субординация немесе даму ұстыны, құрылымдық ұстын, формальдық координация ұстыны, мазмұндық ұстын деп бөлді. Ж. – әрбір тарихи дәуірде пайда болатын, сарқылмайтын мәңгілік проблема. Ғылымдарды маркстік Ж.-дің олар зерттейтін пәндерді айқындау және ғылымның жаңа саясатын болжау, кітапханалық іс, ғыл.-зерт. ин-ттарының жоғары оқу орындары құрылымын және халық ш-ның перспективалық салаларын анықтау, сондай-ақ теориялық зерттеулерді практикасымен, ғылымды өндіріспен ұштастырудың жаңа формаларын табу үшін маңызы зор.
Ж. (логикада) – белгілі бір ұстын негізінде жіктелетін кластар немесе топтар арасындағы ішкі және қажетті байланыстарды ашатын, білімнің белгілі бір саласын логикалық жүйеге келтіретін логикалық операция. Ж. негізіне формальдық және диалект. ұстындар жатады. Осыған байланысты формальдық логикадағы Ж. формальдық, ал диалект. логикадағы Ж. мазмұндық деп аталады. Формальдық Ж. әрбір топ ішінде заттар арасындағы ұқсастыққа (абстрактілі-жалпылыққа) негізделген. Абстрактілі-жалпылық белгілі бір топқа жататын барлық заттарға тән сыртқы, қайталана беретін белгілер, қатынастар. Мұнда топ ішіндегі заттардың ортақ қасиеттеріне негізделген ұқсастық ұқсас емеске, тепе-теңдік айырмашылыққа қарама-қарсы қойылады. Формальдық Ж -де жіктелетін топтар арасындағы белгілі бір рет байқалады, бірақ ол сыртқы және жасанды сипатта. Мұндай Ж. ұғымының көлемін бөлумен және объектілерді кластары бойынша реттеумен байланысты. Формальдық ұстындарға сәйкес заттарды топтарға бөлу мазмұндық Ж-дің алғышарты, формальдық ұстындардың танымдық рөлі де осында. Мазмұндық Ж-де жіктелетін заттар кластары немесе топтары арасындағы ішкі және қажетті байланыстарды ашуды көздейді. Сондықтан диалект. ұстындарға негізделген Ж.-де формальдық логиканың кемшіліктері жойылды. Өйткені диалект. (мазмұндық) Ж. әрбір топтағы заттар арасындағы сыртқы ұқсастық қана емес, сонымен бірге тіпті ұқсас емес заттар, бірін-бірі жоққа шығаратын жақтар, белгілер арасындағы қатынастарды ескереді. Егер формальдық Ж. негізінде ұқсас емеске (айырмашылыққа) қарсы қойылған ұқсастық (тепе-теңдік) біржақты ескерілсе, онда мазмұндық Ж. ұқсастық (тепе-теңдік) пен ұқсас еместік (айырмашылық) диалект. бірлікте болады. Нақтылы жалпылық – белгілі топқа жататын заттарды біртұтас етіп біріктіретін терең ішкі байланыс заңы. Сондықтан мұндай Ж-де жіктелетін заттар дамуының бір кезі. Мыс., эволюциялық топтарға негізделген өсімдік пен жануарлардың биол. жүйесі, Д.И.Менделеевтің периодтық заңына негізделген хим. элементтердің периодтық жүйесі, Ф.Энгельс ашқан ғылымдардың Ж-і т.б. диалект. Ж. жіктелетін заттар арасындағы объективтік байланыстар мен қатынастар логикасының көрінісі. Демек, ол даму мен дүниенің материялық бірлігі ұстындарына негізделген.

ЗАЛАЛ – тұлғаға немесе жеке меншікке келтірілген қандай да бір зақымның, заттай шығынға ұшыраудың, заңды және заңсыз түрде тигізілген зияндықтың салдары. Заңды тұлғаның құқығы бұзылуы салдарынан ала алмай қалған табысы, бұзылған құқын қалпына келтіру үшін жұмсаған немесе жұмсауға тиіс шығыны, оның мүлкінен айрылуы немесе мүлкінің бүлінуі. ҚР Азаматтық кодексі бойынша, құқығы бұзылған тұлға, заңда немесе келісімшартта көрсетілсе, өзіне келтірілген З-дың толық өтелуін талап ете алады.
Билік және басқа да мемлекеттік органның немесе өзін-өзі басқару органының заңға сай келмейтін акт шығаруы салдарынан, осы органның лауазымды адамдары әрекетінен (әрекетсіздігінен) кісіге немесе заңды тұлғаға келтірілген З-ды мемлекет немесе жергілікті мемлекет органдары өтеуі тиіс. Осымен қатар З. шығыстың табыстан (пайдадан) артық болуы, кәсіпорынға немесе жеке кісіге қатысы бар, немесе қатысы жоқ себептермен келтірілген шығын. Өндірістік-шаруашылық қызметтің қаржы нәтижелері ретіндегі З. бухгалтерлік баланс бойынша және жекелеген операциялармен айқындалады. Шығынның бір бөлігі – айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыптары, ақауы бар өнім шығару және жұмыссыз бос тұрудан келген З. өнімнің өзіндік құнына кіреді. Келісімшарт талаптарын бұзған жақ, осы бұзудан қарсы жаққа келтірілген З-дың орнын толтыруға міндетті. Зардап шегуші тарап, келісімшарттың бұзылуынан туындаған З-ды заң көлеміне сыйымды тәсілдермен азайтуға тырысады. Мұндай қағида нарық экономикасы дамыған Америка мен Ұлыбританияда қолданылады. Сонымен бірге, Германияда келісімшарт қасақана бұзылса, ықтимал, болжалды З.дың қандай мөлшерде болатынына қарамастан, оның міндетті түрде өтелуі талап етіледі. Қазақстанда осы, соңғы үлгі қолданыс тапқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет