Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет118/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ЖЕКЕ адамға табынушылық – саяси немесе діни билік иерархиясында жоғарғы лауазымды адамның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау, асыра дәріптеу болады. Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде қолданылатын идеология бойынша «көсемдерге» пайғамбарлар мен көріпкелдерге тән қасиеттер таңылып, жеке адамға табыну жүзеге асырылады. Ж. а. т-тың негізі, тірегі – мемлекет басшысын ұлттың көсемі ретінде қабылдайтын сана мен «әділ патшаға» үміт артуға негізделген құлдық саяси мәдениет болады. Қоғамдағы бар билік тармақтарының бүтіндей бір адамның қолына шоғырлануы, адам тағдырының жеке бас жетістіктері мен мүмкіндіктеріне емес, өз іс-әрекетінен гөрі басшылықтың оң қабақ көрсетуіне тәуелділігі жоғарғы мансап иесіне табынудың басты себебі. Саяси тұлғаға тәуелділік сезімін халық санасына жан-жақты сіңіруден, «құдіреті күшті» басшыға деген құлдық сезім, жарамсақтық, жағымпаздық психологияны ұстанғандар қалыптасады. Азаматтық құқық аяққа басылып, халықтың өзін-өзі басқару мүмкіндігі ескерусіз қалатын Ж. а. т. авторитарлық және тоталитарлық жүйені ұстанған мемлекеттерге тән. Дегенмен ол аракідік демократиялық мемлекеттерде де кездеседі, оған мысал ретінде Ш. де Голь басқарған кездегі Францияны айтуға болады. Ж. а. т.-тың әр түрлі ауыр зардаптар әкелетініне қарамай, оның белгілері кейбір дамушы мемлекеттерде (Солтүстік Корея, Куба және т.б.), қазіргі посткеңестік елдерде өріс алып отыр.

ЖЕКЕ ТҰЛҒА белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Ж. т. өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Ж. т. – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни «Ж.т.» ұғымы «азамат» деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Ж. т.) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар. Азаматтық құқықтық қабілет туылған сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар. Әрекет қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экон. қызметке қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді. Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен дәрменсіз (банкрот) деп танылады. Шет елдің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның азаматтары сияқты өзіндік беймүліктік құқықтары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет