Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет123/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ЗАЛЫМДЫҚ – адам бойындағы рухани жетілмеушіліктен туындайтын рақымсыздық, қаскөйлік, арамдық, қастандық жасаудан тартынбау тәрізді әрекеттер арқылы көрініс беретін, халықтың жек көру, жиіркену, айыптау сезімін тудыратын ең ұнамсыз қасиеттердің бірі. З. тірі жанға жаны ашымайтын қатыгездікпен астасып жатады. Кез келген қоғамда З. әрекет көпшілік тарапынан айыпталып қана қоймай, оған қарсы әлеуметтік және құқықтық ықпал жасалады, оның алдын алу шаралары қолданылады. З. жолға адамның түсіп кетпеуі үшін өзінің табиғи өзімшілдігін шектеуі абзал.


ЗАМАН – сол уақыттағы қоғамның ахуалы мен мән-жайын сипаттайтын, әлеуметтік болмыстың жағдайы мен адамның мақсат-мұраттары сияқты құндылықтарды қоса қамтитын қоғамдық-тарихи үдерістің нақты бір кезеңін бейнелейтін қазақ дүниетанымындағы маңызды философиялық ұғым (категория). Ол тарихи-әлеуметтік шындықтың сол дәуірдегі тұрмыстық-өмірмәнділік сипатын тұтас бейнелеу үшін қолданылады. Бұл ұғым басқа бір кезеңмен салыстыру үшін сол кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен құндылықтарына баса назар аудару арқылы толыға түседі. З. түсінігінде сол дәуірдегі ұлт тағдыры, тіршіліктің келбеті, өмірдің салты, тұрмыстың қалпы т.б. ахуалдар тұтас қарастырылады. Халқымызда «З.» түсінігі: оптимистік (жаңа З., қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған З.), пессимистік (зар З., ақыр З.) және бейтарап рациоаналды (З. өзгерді, есте жоқ ескі З.) жазықтықта көрініс тауып отырған. Асан қайғы дүниетанымынан бастау алған З. туралы толғаныс жыраулар поэзиясында жалғасын тауып, кейіннен «зар заман ақындары» деп аталған ақын-жыраулардың ойтолғамдарымен сабақтасып, бертін келе Абай, Мағжан, Ғұмар Қараш сынды ойшылдарымызбен тұжырымдалып отырды.


ЗАҢ (лат. lex) – құбылыстар арасында қайталанып отыратын қажетті, маңызды, тұрақты қатынас. Ол ақиқат әлем, табиғат, қоғам құбылыстарына іштей тән болады. Ол нақты дамушы жүйенің, адамзат қауымдастығы рухани өмірінің өзінен ұйымдасуының, қалыптасу үдерісі түрінің, оның жалпы сатыларының өзгеруі, қозғалуы, дамуының қажетті үрдісі. Жүйенің өздігінен дамуы оған имманентті қайшылықтардың тигізетін әрекеті ретінде анықталады. Өмір сүріп тұрған қатынас ретінде З., күрделі диалектикалық өзара байланыс, себептілік және функционалдық байланыстардың мәнді қатынастарымен жүзеге асады.
Күнделікті өмірде З. екі түрлі жағдайда қарастырылады: 1) құбылыстардың қажетті байланысы ретіндегі З-дар (мысалы, «табиғат З-дары», «Ойлау З-дары»). Табиғат З-дары стихиялық күш ретінде әрекет етеді. 2) ұғымның ұйымдастырушы және бағыттаушы функциясының өзіндік ерекшелігін бейнелейтін, адамдар үшін міндетті қоғамдық нұсқаулар («мемлекеттік заңдар», «қылмыстық З-дар» және т.б.). Адамның саналы әрекетіне бара-бар қоғамдық-тарихи З-дар, адами қызметтің өзіндік З-дары болып есептеледі. Олар қоғамдық практика үдерісінде пайда болып, жүзеге асады. Табиғат және қоғам З-ның әрекеттері адам санасынан тыс, объективті. Танылған З-дар болашақты болжауға, теорияны практика жүзінде тексеруге табиғи және қоғамдық үдерістерді басқаруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет