Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет152/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009; Құран Кәрім аудармасы, Алматы. – Дәуір – 2003

КВАНТТЫҚ механика – микродүние заңдары мен заңдылықтарын суреттейтін қазіргі физиканың іргелі теорияларының бірі. Ол атақты неміс физигі М.Планк 1900 ж. негіздеген кванттық гипотезадан (=h) бастау алады. Кванттық идея фотоэффект заңдылықтарын түсіндіруде өз жемістілігін дәлелдеп, жарықтың фотондық теориясына жол ашады (А.Эйнштейн, 1905): Жарыққа тән корпускулалық-толқындық дуализм туралы түсінік орнығады, яғни ол, бір жағынан, толқындық үдеріс, екінші жағынан, фотондар ағымы, яғни корпускулярлық үдеріс екендігі анықталады. Н.Бордың зерттеулерінде (1913) кванттық түсініктер атомның ядролық моделін негіздеуде, оның құрылымын, сәулеленуінің спектрін есептеуде табысты қолданылып, атомдық-молекулалық құбылыстардың байырғы теориясын құруға зор септігін тигізеді. Бұл теорияның қайшылықтарын шешіп, оны алға бастыруда Н.Бордың сәйкестілік принципінің рөлі зор болды. Осы принципке және физика тарихынан белгілі оптика-механикалық аналогияға сүйене отырып В.Гейзенберг матрицалық механиканы (1925) жасап шықты. 1926 ж. Э.Шредингер Л.де Бройльдің барлық микробөлшектердің корпускулалық толқындық табиғаты туралы гипотезасын дамыта отырып, атомдық құбылыстар теориясының тағы бір вариантын – толқындық механиканы тудырады. Сол жылы Э.Шредингер бұл екеуінің математикалық эквиваленттілігін дәлелдегеннен кейін, олар бір теорияға – қазіргі кванттық механикаға айналды. Көп уақыт өтпей М.Борн толқындық теңдеудегі функцияның ықтималдылықты түсіндірмесін береді. Кванттық механиканың пайда болып дамуына байланысты микрообъектілердің реалдылығы, себептілік, жалпы алғанда детерминизм, статистикалық және динамикалық заңдылықтар арасындағы қарым-қатынас және т.б. туралы мәселелер төңірегінде пікірталас ХХ ғ. бойы толастамай жүріп отырғаны белгілі. Мұнда, әсіресе, А.Эйнштейн мен Н.Бордың арасындағы К.м.-ның гносеологиялық мәселелері бойынша орын алған пікірталасын ерекше атап өткен жөн. К.м. пайда болуы А.Эйнштейннің қатынастылық теорияларымен бірге классикалық емес ғылымның дүниеге келуіне әкеліп соқты. Бұл теориялардың өзара синтезделуіне байланысты теориялық физиканың әлі шешіле қоймаған мәселелерінің өршуі (кванттық электродинамика, кванттық храмодинамика, өрістің кванттық теориясы және т.б.), бірегей өріс теориясын, фундаменталдық өзара әсерлердің бірегей теориясын құруға деген құштарлық қазіргі постклассикалық емес ғылымның ең өзекті мәселелеріне айналуда.
Әдебиет: Бор Н. Дискуссии с Эйнштейном по проблемам теории познания в атомной физике//Бор Н. Избранные научные труды, В 2-х томаз. Т. 2. М.: Наука, 1971. С. 399-433; Фок В.А. Квантовая физика и философские проблемы//Там же. С. 648-650; Джеммер М. Эволюция понятий квантовой механики. М.: Наука, 1985.; Сабитов М. Формирование и развитие квантовой механики: Логико-гносеологический анализ. Алма-Ата: Наука КазССР, 1984.

КВИЕТИЗМ (лат. – тыныштық) өмірден алшақ жатқан іс-қимыл. Барынша түңілген, ешқандай ашу-ызаға берілмеген – аффектісіз, жігерсіз қимыл. К.-нің басты қағидаларының бірі – құдайдың еркіне қарсыласпай, жігерсіз бас ию. К. мәнін Ф. Залес былай сипаттайды: «ештеңеге талпынбау, ештеңені жоққа шығармау».
Келбұғанов Ақылбек Жолмұхаметұлы (1951 – 1987). К. 1951 ж. 7 наурызында Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келді. 1968 ж. орта мектепті үздікке бітіріп, С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетіне оқуға түседі. Студенттік шағынан өзін ғылым мен білімге бейімділігін, құштарлығын танытқан А.Ж. К. оқуын қызыл дипломға тәмамдап, ҚазКСР Ғылым Академиясының философия бөліміне жұмысқа орналасады. 1976 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ге оқытушылық қызметке ауысып, Көне Үнді, Көне Қытай, Батыс Еуропа философиясы, формальды логика пәндерінен дәрістер оқиды. 1977 ж. ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі А.Х. Қасымжановтың жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғайды. 1983 ж. АҚШ-тың Мериленд университетінде біліктілігін арттырады. 1985 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінің деканы қызметіне тағайындалады. 1986 ж. Эфиопияның жоғары партия мектебіне жіберіліп, онда философия, мәдениет тарихы, логика пәндерінен дәрістер оқиды.
Негізгі еңбектері: А.Х. Қасымжанов, К.М Сатыбалдинамен бірге «Круги в познании: ленинское учение о единстве исторического и логического» (1977), А.Х. Қасымжановпен бірге «О культуре мышления» (1981) еңбектерін және көптеген ғылыми мақалалар жариялады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет