Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет167/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ҚОРҚЫТ АТА – (туған және өлген жылдары дәл анықталмаған) шамамен ҮІІІ-ІХ ғасырларда өмір сүрген, Сыр бойында жерленген оғыз-қыпшақ ұлысының данагөйі, әйгілі бақсы, хан кеңесшісі, жырау, қобызшы болған мифтік, әрі шынайы тұлға. Сондықтан, оның келбетін «Аңыз кейіпкер Қ.», «Кітаби Қ.» деп ажыратады. Туған мекені де белгісіз болғанмен, ғұмыр кешкен жерлері, жерленген орны тарихи айғақтармен дәйектелген. Оны Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Сыр бойындағы 1952 жылға дейін сақталған Қорқыт Ата мазары дәлелдейді. Ол ата жағынан – оғыз тайпасының қайы, қият руынан болса, ана жағынан – қыпшақ, әкесінің есімі – Қарақожа. Қ.-тың бүгінгі күнге дейін сақталған, өзі өлгеннен кейін ХҮ ғасырларда жинақталып жазылған нақыл сөздері мен он екі эпостық жырдан құралған шығармасы – «Қорқыт ата кітабы» деп аталады. Бұл туындыдағы жырлар әрбір кезеңдегі оқиғаларды тұтастандыратын түркі халықтарының жалпы тарихы мен дүниетанымының жинақталған мұрасы іспеттес. Әрбір жырының мазмұны терең рәміздік, бейнелік, тұспалды мағынамен байыпты ойтолғамдарды береді. Қ.-тың өзінің өлімнен қашқаны туралы аңыз зерделі философиялық ойға құрылғандықтан әлемге танымал болған. Аңыз мазмұны былайша өрбиді: Қ. желмая мініп, өлмейтін жерді іздеп, ақыры су үстіне кілем жайып, үздіксіз ойналған қобыз үнімен өлімді өзіне жолатпай отырады. Бір уақыттарда шаршап қалғып кеткен сәтте оны жылан шағып өлтіреді. Бұндағы негізгі философиялық сарындар: мәңгілік пен өткіншілік турасында – өткіншіліктің мәңгіліккке жалбарынуы, бар болу мен болмау мәселелері хақында – болудың құндылығы, өлім мен өмір жөнінде – өмірге деген тойымсыздық, пессимизм мен оптимизм хақында – өмірге деген құштарлық, уақыт пен кеңістік туралы – өмір уақытынның әрбір сәтін құрметтеу мен бағалау т.б. нақты арман-мұраттардан құралған.
ҚҰДАЙ – діни ілімдер мен түсініктерде аса құдіретті табиғаттан тыс, бүкіл әлемді жаратушы және басқарушы күш; исламда Алла, иудаизмде Яхве, христиандықта Қасиетті Троица (Қ.-әке, Қ.-ұл және Қасиетті Қ.-рух). Монотеистік діндер өз негізін іздеп ежелгі дәстүрді жалғастырғысы келді (Көне Өсиетті Библияның құрамына ендіру). Бірқұдайылық сенім көпқұдайылық жүйеден өзін мәдени жоғары деп санады. Монотеистік жүйені философиялық негіздеу алғашқы антикадан бастау алады. Аристотель ілімінде бірқұдайылық идея жан-жақты негізделеді (әлемнің түпкі қозғаушы күші туралы ілім). Жаңа заманда түпкі себеп және жаратушы идеясы қолданбалы ғылымдар нәтижелері ауқымында қарастырылады (әлемдік тәртіпті бастапқы қалыптастырушы және реттеуші деп есептеу Декарт, Ньютон). XVIII ғ. Қ. идеясы этикалық принцип ретінде, адамгершілік кепілі түрінде негізделеді (Вольтер, Кант). XIX ғ. бастап Қ. түсінігі болмыстық (онтологиялық) принцип ретінде қарастырыла бастайды (мыс., Гегельдің абсолюттік рухы). Жаңа заманда Қ. идеясын бекерге шығаратын атеистік немесе скептиктік бағыттар да қалыптаса бастайды (француз ағартушылары, Фейербах, Маркс, Ницше, Фрейд, Фромм және т.б.). Алайда, ХХ ғ-да Қ. идеясы қайта жаңғырылып, рухани бастау, тіршілік мағынасы, ғарыш және тылсым дүниемен айрықша қатынас сияқты рәміздік мағыналарға ие бола бастады.
Мәдени-философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова ж.т.б.. Алматы, 2007.

Құдайбергенов Білім Қайнелұлы (1945-2007). Қ. еліміздегі дінтану мамандығының ашылуына себепкер болып, дінтану мамандығының стандартын жасақтауға, дінтанушыларға арналған типтік бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар жасауға зор үлес қосты. Қ. діндер тарихы мен теориясы, дін философиясы саласында шығармашылық ізденістер жүргізді. Ол қоғам және адам өміріндегі руханилықтың мәніне, рухани құндылықтар мен қажеттіліктердің діни философиялық астарын зерделей отырып, дін мен дәстүр, діл мен діннің арақатынасына дінтанулық талдау жасады. Қ-тың жетекшілігімен бірнеше кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды.
Еңбектері: Социально-философские поиски духовности. – А., 1998. Информатизация общества: Социально-философский анализ. – А., 2004

ҚҰНДЫЛЫҚ танымның, белгілі бір обьектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы. Қ. филос.-социологиялық ұғым. Қ. объектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын айқындайды. Қ-қа ешқандай күмән келтіруге болмайды, ол барлық адамдар үшін идеал, эталон қызметін атқарады. Қ. қоғамдық-саяси, рухани, жағымды түрде көрініс табу мүмкін. Қазіргі кезеңде ұлттық, таптық, топтық Қ-тарға қарағанда, жалпы адамзаттық Қ-тар приоритетті (өмір сүру құқы, еңбек ету, білім алу, теңдік, еркіндік, меншік, балаларға деген махаббат, үлкендерді сыйлау, жақыныңа жаның ашу, Отан сүйгіштік, кәсіпкерлік, қауіпсіздік, адалдық т.б.) маңызға ие болып отыр. Жалпы алғанда, Қ-тар деп адам өмірінің бағытын анықтайтын, оған керек, мәнді, оның құрмет тұтатын, керек болса, бас иетіннің бәрін жатқызуға болады. Қ-тар әлемінің өмір сүруінің терең себептері – адамның өзінде, оның саналы пенделігінде, өмірдің мән-мағнасын іздеуінде жатса керек. Өйткені, адам – ерікті пәнде, ол өз тағдырын өзі күнделікті өмірге келетін мүмкіндіктерді таңдау арқылы жасайды. Адамның өзі, бір жағынан, дене болса, екінші жағынан рух емес пе? Дегенмен де, Қ-тар әлемін, негізінен, екіге бөлуге болады. Олар – материалдық және рухани Қ-тар. Қайсыбір рухани құбылыс өмірге келу үшін заттанса, яғни, материалдық қабыққа ие болса, онда шынайы өмірде материалдық және рухани Қ-тарды бір-бірінен қалайша айырып алуға болады? Оларды бөлудің негізінде адамдардың сан-алуан қажеттіктері жатса керек. Қажеттік деп адамның өмір сүруіне, оның жан-жақты дамуына керектінің бәрін айтуға болады. Бүгінгі қоғамдағы адамдардың қайсыбірі рухани қажеттіктерін оятып, ең жоғарғы сатыға көтерілді деп айту шындыққа жатпас еді. Өкінішке орай, материалдық Қ-тарға құмартқан көпшілік бүгінгі таңда соның шырмауынан шыға алмай жатыр. Егер қайсыбір жануардың қажеттіктері оның инстинктері арқылы берілсе, адамның қажеттіктері оның сана-сезімдерінен өтіп, белгілі бір мүдделерге айналады. Жануарлар бір нәрсеге мүдделі деп айту ақылға сыймайды, ол тек адамға ғана тән нәрсе. Өз мүдделерін іске асыру үшін адам алдына неше-түрлі мақсат-мұраттар қояды. Соңғыны іске асыру жолында адам өз ырқын шыңдап, неше-түрлі қиындықтардан өтуге дайын болуы керек. Орындалған мақсат-мұрат келесі сатыда жаңа Қ-тарға бағыттайды т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет