Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Қазақ халқының рухани бастауларында болған ғұламалар



бет169/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Қазақ халқының рухани бастауларында болған ғұламалар Қ-ның мағыналық аудармасынан гөрі мәнін ашуға, хикметін сезуге ұмтылған. Абайдың «Адамды сүй, Алланың хикметін сез!», «Адамның хикмет кеудесі», – деген сөздерінен Қ-ды да, адамды да, әлемді де хикмет кітаптары деп біліп, оларды ажырамас өзара бірлікте, тығыз үйлесімде танығаны аңғарылады. «Қ. рас Алланың сөзідүр ол, Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ» – деген Абай Қ-ның сөздік мағынасынан гөрі ішкі мәніне ұмтылуға үндейді. Қ-ның рухани мәнін, адамзат қоғамындағы орнын түсінуде ондағы адам мәселесін зерделеудің маңызы зор. Қ. – адамзатты қараңғылықтан нұрға бастайтын Құдайлық рахмет – мейірім көзі, (һүд, 17 аят) адамға бақилық бақыт жолын көрсететін Алланың сөзі (Исра, 9). Қ. жеке адам және қоғам тіршілігі үшін қажетті құқықтық, әлеуметтік-экономикалық саяси-басқару, этикалық-моральдық жүйелердегі негізгі қағидалар мен ұстанымдарды негіздеді. Қ-да екі маңызды мәселе – Алланың жалғыздығына сенім (таухид-монизм) және Алланың құдіреті, сол құдіретімен жаратқан әлем, адам, олардың Алламен арасындағы байланыстары жүйеленген. Қ-да адамның көңілі (қалбы-жүрегі) – таным көзі немесе танымға жетудің құралы мағынасында қолданылған. Қ-да адам ақылын – «калб көзі» (көңілдің көзі), Алланың жеке мәндік аяны (ал-уаһи-ул-жузи) ретінде, ал Қ-ды – объективтік аян, әлемді – Алланың танымдық кітабы, универсалдық аян ретінде танытады. Қ-да имандылық адамгершіліктің тұтқасы, негізгі көзі ретінде түсіндірілген. Имандылықтан туатын құндылықтарды әділеттілік, турашылдық, ар-ұят, намыс, сабыр, төзімділік, жомарттық, шыншылдық, мейірімділік, ата-анаға құрмет, отансүйгіштік, қанағатшылдық, тазалық, махаббат, адамды сүю, жүректілік деп тізіп, жалпы парасат (фазилат) құндылықтарына, ал имансыздықтан туындаған зұлымдық, жалғандық, екі-жүзділік, опасыздық, менмендік, қорқақтық, сияқты жаман қылықтарды масқаралық (разилат) сипатына жатқызып, бұлардан аулақ болуды ескертеді. Қ. адамның бағынышты болуы қиын әлем екендігін, оны тек табиғи жолмен, ерікті сұхбат арқылы тәрбиелеуді, оны дінге шақыруда да ешқандай зорлық немесе қысым жасауға болмайтындығын ескертеді. Қорыта айтқанда, Қ-да адамның қандай болмыс екендігі, өмір сүру ортасы мен тіршілігінің мәні, әлемдегі орны мен мақсаты туралы оның болмысын нақтылайтын тиянақты жауаптар айтылған. Бұл жауаптардың барлығы адамның рухы мен көңіліне қатысты психологиялық құбылыстар мен қуаттарды түсінікті әрі қарапайым тілмен берген. Қ-ның үндеуі адам санасына, рухы мен ақылына арналған.
Әдебиет: М. Иса, Д. Кенжетай. ҚҰЭ – 6-том. 127 б.; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 4. Ислам философиясы. Астана: Аударма, 2005; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007

Құт – түркі-қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында береке орнады, байлықтың басы болды дегенді білдіретін киелі ұғым. Көне түркі заманында Қ. сөзі: 1) жан, өмірлік қуат, рух; 2) бақыт, жақсылық; 3) сәттілік, табыс, сыбаға; 4) ұлылық, дәреже; 5) ақиқатқа жету, нұрлану, шаттықа кенелу деген түрлі мағыналарда қолданылған. Қ. ұғымы, а) өсіп-өну құбылыстары мен заңдарына ұқсас; ә) тылсым рухтарға тәуелді негізде; б) көк Тәңірден келетін сыбаға деген наным-сенім ыңғайында қалыптасқан-ды. Тарихқа көз жүгіртсек, түркілерде Қ.-лық пен құтсыздық ұғымының мән-жайы тұрпайы натурализм деңгейінде, жеке адамның этикалық заңдарымен, тіпті елдің әдептілік дәстүрімен ұштастырыла тарқатылады. Қ. мәселесі тағы да адам мен жан-жануарлардың өсіп-өнуі тұрғысынан, байлық-молшылық сипатында сарапталынады. Ислам діні аясында Қ.-тың түп-тамыры Алладан келетін киелі нұр, қуат көзі, күллі береке деген түсініктер қалыптасты. Содан Қ. пайғамбардан халифаларға, халифалардан сопы-пірілерге көшеді деген рухани сабақтастық нышаны орнықты, сопылық дүниетаным етек алды. Осылай пайымдаған Ж. Баласағұни Қ. туралы түсінікті иманмен, ақыл-оймен тығыз байланыста ширатты. Халықтық әдет-ғұрыптарда а) Қ.-ты үлкеннен бата алу, атақонысын әулиедей көріп қастерлеу адамның басына қонатын «Бақыт Құсы» немесе Қыдыр деген рәсіммен бекіді; ә) отбасының, мал-жанның өсіп-өнуі, абырой-беделдің жоғарылауы басқа қонған Қ.-пен байланыстырылды. Содан әулеттің, шаңырақтың берекесін ұстап тұрған қарапайым адамдар (аналар, әйелдер) бүкіл тайпаның, халықтың Қ.-на айналған тұлғалар болады деген ырым орнықты. Тіпті ата-бабаларға қонған Қ. оның ұрпақтарына көшетініне, содан аруақты сыйлау, ата-баба өсиетін қатаң ұстану дәстүрі күш алатынына кәміл сенушілік туды. Қ. ұғымына қарама-қарсы түсініктер, ырым-нанымдар – апат, сор, жұт, аштық, жоқшылық, құлдық, қорлық, бейнет жағымды нәрсенің құлдырауын, кері кетуін білдірді. Қ.-а деген дәмеден қалың жұрттың басынан бағы тайған кезде, жаңа заманды аңсау сарыны да жан-жақты көрініс тапты, жаманнан жирену, үмітке ұмтылу құлшынысы білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет