Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет37/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; ҚҰЭ. Т. 1., 394 б.

АРАБ-мұсылман эстетикасы – мұсылман әлемі ойшылдарының орта ғасырлардағы араб тілінде жазған еңбектері арқылы қалыптасқан эстетикалық талғамдар мен талаптар жүйесі, адамзат өркениеті тарихындағы ислам ренессансы деп аталатын мәдени өрлеу кезеңінің жемісі. Бұл құбылыстың ілімдік негіздерін жасаушылардың қатарында шығыс перипатекасының (қ. Перипатеттер мектебі) өкілдері (әл-Фараби, 870-950, ибн Сина, 980-1037, ибн Рушд, 1126-98) тұр. Олар Аристотельдің «Поэтикасына» сүйене отырып, поэтик. тілді, оның ақиқаттығы не жалғандығына қарамастан, эмоциялық оң және теріс әсерлер туғызатын құрал ретінде қарастырды. Бұл ғұламалар көркем шығармашылықты көне грек тіліндегі «мимесис» (еліктеу) ұғымы арқыл түсіндірді. Көркем шығарма жасаушы табиғатқа еліктеу арқылы қабылдаған бейнесін қиял дүниесімен ұштастырады деп білді. Сопылық бағыт ықпалындағы ойышылдар поэтикалық құбылтулар мен жасампаздық бағытын ұстанды. А.м.э. тән негізгі ұғымдардың бірі – әдеп. Ол антикалық білімділік принципімен қоса кейінгі гуманизм идеясын да өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, адаптық эстетикалық мазмұны айқын – ол жоғарғы құндылықты білдіреді. Әдемілік пен әсемдік – кемел адамды тәрбиелеу мақсатымен тікелей байланысты. Бұл жоғарғы қасиеттер пендешілік пен пайдакүнемдіктен арылуға себебін тигізді және құштарлық арқылы мінсіз жетілуге әкеледі. А.м.э. өкілдері формалар мен әуендер сұлулығынан ләззат алу – сол формалар мен әуендердің адам табиғатына жақындығынан деп түсіндіреді. Бұл ағымның көрнекті өкілдері – Әбу Әли ибн Хазым (994-1064) және ибн әл-Хайсам (965-1039). Философтар, ақындар әлем сұлулығы мен үйлесімділігі туралы жазды( әл-Фараби, ибн Сина, Омар Хаям, ибн Рушд). Сұлулық кейде Пифагор рухында түсіндіріліп, ғарыштың, пластик. формаларыдың, түстердің және дыбыстардың жарасымдылығы тұрғысынан қаралды. «Риясыз ағайындылар» энциклопедиясының авторы, сопылық бағыттағы ойышлдар мен ақындар (ибн әл-Араби, 1165-1240, Руми, 1207-73) болмысқа ұқсатылып жаратылған бүкіл әсемдік пен көркем құбылыстардың ұштастырылуын эстетикалық тұрғыдан баға беру өлшеміне айналдырды. Олар зиялылық пен имандылықты біріктіре білген сұлулықты дәріптеді. Әдебиеттануда өлеідердің мазмұн, пішіні, дәстүр мен жанашылдық, көркемдік талғамдар мен нормалардың өзгеруі, эстетикалық таным проблемалары үлкен орын алды. Исламдағы бейнелеу өнеріне қойылған шектеулер кқркем шығармашылықтың бұл саласын теориялық тұрғыдан жеткілікті зерттеуге мүмкіндік бермеді. Суретші шығармасындағы бояудың тазалығы мен қанықтығы, нәзіктік, үйлесімділік, жеңілдік- шеберлік үлгісі ретінде танылды. Махаббатты, гүлдерді, бақтарды бейнелеген әсем суреттер музыка сияқты көңіл күйді қанаттандырып, қайғы-мұңды сейілте алады, рухани күш беріп, қажыр-қайратыңды шыңдай түседі деп ойлады. Хұснихат өнері жоғары бағаланды. Орта ғасырлардағы мұсылмандардың эстетикалық идеялары әлемдік эстетикаға үлкен ықпал етті.
Әдебиет: Мец А., Мусульманский ренессанс, М., 1966; Т. Ғабитов (ҚҰЭ – 405-бет). Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007.

АРАБ философиясы – Орта ғ-да мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А.ф-ның шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. ІХ ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және философиялық ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. А.ф. кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Мыс: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық Әбу Әли ибн Сина – оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия» деген шындыққа сиымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, ХІІ – ХІІІ ғ-да араб тіліндегі философияның мындай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (ІХ ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. «Таза ағайындар» ілімі – оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопедиялық еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім–шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Қ.А. Иассауи, ибн Араби, т.б. мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі – Әбу-л-Уәлид Мұхаммед әл-Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.
Араб тіліндегі философияны ғылымда «фәлсафа» деп те атайды. Бұл, әсіресе, шығыс перипатетиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның философиядан өзгешілігі – ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда айтылған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл – грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі философияның тарихи маңызы – Ф. Бэконнон (1561-1626) Спинозоға (1632-1677) дейінгі мерзімді қамтиды. Жаңа заман философиясы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен бастыс философиясы арасындағы сабаұтастық схоластар (схластика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады.
Араб философиясының тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. ІХ – Х ғ-да араб философиясы орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты Х- ХІ ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқан, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадан, Отырар сияқты қалаларда ғылым, білім өріс алды. Араб философиясының үшінші орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай араб философиясы тұтастығынан айрылып, ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы Абд әр-Рахман Әбу Зейд ибн Халдун (1332-1406) есімін ғана атаймыз. А.ф. тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Ясауи ілімі бүкіл түркі халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті.
Әдебиет: Избр. произ. мыслителей стран Ближнего и Средного Востока 9 – 14 вв. М., 1961; Григорян С.Н., Средневековая Востока, М., 1966; Соколов В.В., Средневековая философия, М., 1979; Койре А., Очерки истории философской мысли, М., 1985. ҚҰЭ – 407 бет.

АРАЛАСУ – қазақ дүниетанымында адам мен қоғамның, адам мен адамның арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді. Адам болмысының өзі үнемі дамып, өзгеріп және жаңарып отыратын араласу процесі, ол адамның мәндік ерекшелігі. Адам өз болмысының құпияларын өзін қоршаған ортадан оқшау, тұйық жағдайда толық ашуы, көрсете алуы мүмкін емес, адам қоғамда ғана толық қалыптасады. Адам болмысы араласу арқылы, оның өзіндік «Менінің» «Басқамен» үздіксіз жүріп отыратын диалог-сұхбатында ғана айқындалады. Адам өзін қоршаған ортамен: табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен араласуға мәжбүр деуге болады. Ежелден араласуға құмар қазақ халқы оны жоғары бағалады. А. – қазақ халқы үшін өмірдің мәні, басты құндылықтардың бірі және қазірге дейін солай болып қалып отыр. Белгілі қазақ философы Қ.Ш. Нұрланова араласудың бес деңгейін бөліп көрсетті: қарым-қатынас, келіп-кету, сіз-біздесу, араласу, іштесу. А. қазақ үшін терең мазмұнға ие, ол өмір кеңістігінде өзінің туысқандарымен, отандастарымен, адамзаттың басқа өкілдерімен бірге өмір сүру тәсілі. Қазақ халқының араласуға құштарлығының негізінде малдың қамымен ұзақ уақыт бойы табиғат аясында оқшау өмір кешу жатыр. Сол себепті қазақ халқы басқалармен кездесудің, жүздесудің әрбір сәтін қастерледі, өз ұрпағын «кісі-киік» болып, жалғыз өмір сүрмей, араласу арқылы адам қоғамында бақытты өмір сүруге шақырды. Осы қасиет қазақ халқының қазіргі заманда бүкіл адамзат қауымдастығымен тіл табысып, ынтымақтаса өмір сүруінің себептерінің бірі.

АРАМ – араб тілінен аударғанда «рұқсат етілмеген», «таза емес» деген мағынаны білдіретін сөз. Этикалық тұрғыда адамның жағымсыз моральдық сапасын айқындайтын категория. Мұсылмандық аксиологияда адамның ас-суын ғана емес, іс-әрекетін, мінез-құлқын, тәртібі мен әдетін, ниеті мен пиғылын да адал, арамға бөлген. Құранда: «Әй, муминдер, сендерге ризық етіп бергендердің тазасын жеңдер. Алла тағалаға пенде болғандарыңа шүкірлік етіңдер. Әлбетте, ол сіздерге өлексені, қанды, шошқа етін және Алладан басқаның атын айтып сойылған хайуандардың еті арам қылады» (Бақара сүресі, 172-173 аят.) – делінген. Енді бір тұста: «Алланың діні өзгермейді. Өйткені дін өзгертілмеген. Шариғаттар болса өзгертілген. Сондықтан кейбір нәрселер бір адамдар үшін адал болса, Алла оны басқаларына арам еткен. Біраз бұйрықтардың орындалуын Алла кейбіреулерге әмір етсе, кейбіреулерге тиым салған» –деп айтылады. Діни этика бойынша, байлықты жұмсаудың өзі адал мен арамға бөлінеді. Бұл орайда о дүниеде байлық Аллаға арыз айтып: «…Харамға жұмсасаңыз: «Иә, Алла! Бұл пендең мені жаман жолға жұмсады» десе Алла сол адамның дәрежесін төмендетіп қояды екен деген түсінік бар. Адамдардың іс-қимылы мен әдеттеріне қатысты елге, халыққа көрсетілген қызметтен көз бояушылықпен, алдап арбаумен, зорлықпен, ұрлық-қарлықпен, парамен алынған пайда арам саналған. Біреуге зиян келтіру, өш алу мақсатымен немесе күндестік, қызғаныштан өтірік айту, алдау, қулық жасау да арам ойлы, арам ниеттілік саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет