Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет45/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Августин. Исповедь. – М., 1991 Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 18. Таным теориясы. Астана: Аударма, 2006.

АУРА (грек. аura ұшқындау) 1) жай көзге көрінбейтін адамның биоэнергетикалық қабыршығының сәулелік ұшқындауы; 2) заттар мен тұлғалардың маңайынан ұшқындар шығатын болып көрінетін ерекше бір қалып, көңіл-күй, райлылық; 3) бейнелеу өнерінде нимб, ореол. А. ұғымы индуизм мен буддизмде қалыптасқан. А-ның түстері сана бастауларына, адамның көңіл-күйі, сезімі және ойларына қатысты өзгеріп тұрады. Ізгі ниеттер жарығырақ түстерді тудырса, төмен ойлар қараңғылау бояуларды әкеледі. А-ны көру қабілеті спонтанды тылсымдық түрде немесе рухани тәжірибенің арқасында пайда болады. Адамның даму деңгейіне байланысты ол әр түрлі болады: ұлы мистиктерде өте айқын, инстинктілерде бұлыңғыр. Санскритте А. прабхамандала «сәулелі шеңбер», немесе диантачакура «жарық дөңгелегі» деп аталады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006: Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

АУТИСТІК ОЙЛАУ (грек. autos өзім) тұлға немесе мәдени феноменнің тұйық, терең үңілген типі, А. тұлғаға қатысты «шизоид» термині де қолданылады. Оны «шизофреник» түсінігімен ауыстыруға болмайды. Шизоид туысқандарының қанында шизофреникалық гендердің болуы мүмкін, бірақ, өзі шизофрениямен ауыра алмайды, өйткені, бұл орынды оның сипаттамалық типі алып қойған, оның басты белгілері: өзіне өзі сіңу (интроверсия) және материалды өмірмен салыстырғанда рухани өмірді басты деп есептеу. Бұл мағынада А.о. идеализмнің синонимі. Бірақ А.о. философиялық емес, психологиялық ұғым болып табылады. Шизоид-аутист міндетті түрде ақын не философия профессоры емес, маңыздысы оның санасы белгілі бір бағытта жұмыс істейді. А.о. ұғымын швейцариялық психолог және психиатр Эуген Блейлер енгізген, ал Эрнест Кречмер «Тән құрылымы және мінез-құлық» деген кітабында оны суреттеп берген. Әдетте, ол арық және ұзын тұра, салқынқанды, тарамысты болып келеді. Әр мәдениеттің, өнердің әр түрінің өзіндік адам типі бар. ХХ ғ-да аутист-шизоидтар жиі кездеседі. Сыртқы тұрқымен аутистік типке жататын ХХ ғ. мәдениетінің ұлы өкілдері: Джеймс Джойс, Густав Малер, Арнольд Шенберг, Дмитрий Шостакович, Карл Густав Юнг. ХХ ғ. А.о. тек жеке тұлғалар емес, сонымен бірге тұтас ағымдарға да тән. Неомифологизм және авангардшылдық өнерге аутизм тән емес, оның сипаттамалық белгісіне полифониялық мозаика жатады. Аутистер екі типті болады: авторитарлар бұлар, әдетте, жаңа бағыттардың негізін салушылар (Н.С.Гумилев, А.Шенберг, В.Брюсов) және дефензитивтілер (агрессияшыл емес, қорғанушы ұстанымдағылар); мысалы, олардың қатарынан Ф.Кафканы қорғансыз, әйелдерден және әкесінен қауіптенетін, өзіне өзі сенімсіз, бірақ өзінше тұтас көруге болады. Классикалық аутистер қоршаған орта жағдайларына мүлдем бейтараптық танытады және осы арқылы төтенше жағдайларға тез икемделе алады. Мысалы, социалистік қоғамға іштей жат композитор С.Прокопьев компартияға арнап опералар жазды. Ол бұл ісіне нашар ауа-райына төзімділік танытқан тәрізді қарады, ал ішкі рухы таза күйінде қала берді. А.Швейцер сияқты тынымсыз шизоидтар өзінің ішкі дүниесінің үйлесімділігіне сүйеніп, жанқиярлық әрекеттерге барады. Л.Витгенштейн «Логикалық-философиялық трактатын» жазғаннан кейін философ кедей болуы керек және философ балаларға көмек беруі қажет деген өзінің аутистік адамгершілік императивіне сүйеніп, әкесінің миллинодаған мұрасынан бас тартып, алыс ауылға мектеп мұғалімі болып аттанды. А.о-дың мәнісін Гессе өзінің «Ақын» деген нақыл әңгімесінде дәл суреттеп береді. Онда қытай ақыны отанынан алыста бір ұстаздан тәлім алады. Отанын сағынған оны ұстазы үйіне қайтарады. Төбе басынан үйін көріп, оны лирикалық сезінуден кейін, ол ұстазына қайтып келеді. Өйткені, ақынның ісі күнделікті өмірден гөрі, өз сезімдерін жырлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет