Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет71/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   267
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

ВЕБЕР Альфред (1868 – 1958) – неміс мәдени әлуметтанушысы және экономисі. Мәдени-әлеуметті кең мағынада алып, әлемдік тарихтың әлеум. философиясы ретінде түсіндірді. Оның көзқарастарының қалыптасуына ағасы М.Вебердің, Шпенглердің, Хайдеггер мен Ясперстің ықпалы зор болды. Шпенглер тәрізді В. әрбір адам онда өзінің орнын, дүниежүзілік тарихтың әмбебапты үлгісін жасағысы келді. Шпенглерден өзгеше ол осы үлгінің теориялық негізінде философия емес, қайта синтетикалық ілім – әлеуметтану жату керек деді. Тарихи процесті В. ерекше бір ырғаққа бағынған көп деңгейлі қозғалыс деп қарастырады. Оның басты деңгейлері: 1) тарихи деңгейлер деп аталатын, экономикалық және саяси құрылымдарды өзіне қосатын тәндік –витальдық және әлеуметтік- экономикалық бірлестіктер; бұл нағыз әлеуметтік аспект болып табылады; 2) ғылым мен техниканың өзіндік дамуы қисынынан туатын рационалды-интеллектуалдық деңгей; өркениеттілік аспект; 3) діни, философиялық, ізгілік трансценденттік негіздерін таба алатын рухани-жандық деңгей; мәдени аспект. В. мәдениет пен өркениетті Шпенглер сияқты қарсы қоймайды. Тарихи прогресс өркениеттіліктің ғылыми-техникалық өлшемдері арқылы да, мәдени құндылықтардың ашықтылығы нәтижесінде де жүзеге асады. В. бюрократтық-әкімшілік жүйенің роботқа айналған тұлғаларының қауіптілігі жөнінде ескертеді. В. әлемдік мәдениеттегі номадтардың рөлін жоғары бағалап, олар тарих катализаторлары болды дейді.
Әдебиет: Философия. Энциклопедическтй словарь. – М., 2004; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

ВЕБЕР Макс (1864 – 1920) – атақты неміс экономисі, әлеуметтанушы, философ, тарихшы және мәдениеттанушы. В. «идеалды типтер» теориясын қалыптастырды. Идеалды типтер – деректемелік материалдарды ұғымды түрде ретке келтіруге мүмкіндігін беретін үлгілер, схемалар, бітімдер. В. оларды өзінің нақтылы зерттеулері мен өмірлік тәжірибе қисындарын жүйелендіру мақсатында қолдана алады. Мыс., антика, феодализм, капитализм ұғымдары осындай үлгілерге жатады. Алайда, идеалды типтер нақтылы өмір байлығын және күрделілігін толық қамти алмайды. Сол себептен ғалым олардың шектілігін де аңғаруы керек деген пікірде. Мәдениеттану тұрғысынан В-дің екі еңбегін: «Протестанттық этика және капитализм рухы» (1904 – 1905) және «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1905) атап өтуге болады. Бұл еңбектердің басты идеясы – әр елдердегі экономикалық өмір оларда қалыптасқан діни-әдептік нормаларға тікелей байланысты өтеді. В. дінді, бір жағынан мәдени жүйенің белгілерін (тұлға мен қоғамның құндылықтары, таңба мағыналары, рәміздері) бойына жинақтайтын әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырса; екінші жағынан, дін әлеуметтік әрекетке мазмұн және мағына беретін дербес құрылымға жатады. Данилевский, Шпенглер және А.Тойнбиге тән өркениеттерді биологияландырылған қарау ұстанымдарына қарсы шығып, В. жаңа ғылымды – ғылым социологиясын жасады. Оны П.Сорокин мәдениет социологиясымен теңестірді. Әлемдік тарихты экономика шешеді деген Маркстен өзгеше, В. адамдар дүниесінде тұтыну емес, ақиқат, ізгілік және әсемдік билеуі керек деді. Адамдық қауымдастықтардың мәдени тағдырына биліктің тигізетін ықпалы зор. В. 3 түрлі бағындыру тәсілі мен билікті атап өтеді: «жария» немесе рационалды тип (демократия, парламентшілдік); дәстүрлі тип (әдетте, монархия); харизматикалық тип (әдетте, диктатура мен «көсемшілдік»). В. бойынша, нақтылы әлеуметтік жағдай мен заман талаптарына сай рационалдылық, дәстүрдің және харизманың бірлігі қоғамдық өмірдің орнықтылығын қамтамасыз ете алады.
Әдебиет: Философия. Энциклопедическтй словарь. – М., 2004; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

ВЕДАЛАР (санскр. veda білім) – үнді әдебиетінің ең көне (б.з.д ІІ мыңжылдықтар соңы – б.з.д. І басы) діни және философиялық мұралары. В. әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан (Ригведа, Самаведа, Яджурведа, Атохорваведа), теологиялық трактаттардан (брахмандар мен упанишадтар) тұрады. В-дан Ежелгі Үндістанның мәдени-әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. В. мифологиясы өте тартымды болып келеді. Оның басты кейіпкерлеріне бір-бірімен ғарыштық қақтығыста болатын Дэвалар мен Асуралар құдайылық кландары жатады. Дэвалар ғарышты ретке келтіруші, үйлестірушісі, құрастырушы, сақтаушы күштерге жатады. Олардың арасында жиі айтылатындары: Агни, Брихаспати, Вануна, Вайо, Вишну, Индра, Митра, Пушан, Савитар, Сурья және т.б. Индра Дэвалардың патшасы ретінде құрметтеледі. Яджурведада Рудру Жоғары Құдай ретінде басқаларынан жоғары қойылады. Ведалық құдайлар пантеонында көпшілігінің анасы түрінде Адите қарастырылады және ол Әлемнің Аналық Өрісі деп алынады. Асуралар қатігез, ашулы ғарышқа бастау болатын ретсіз, стихиялық материяны білдіреді. Дэвалар мен Асуралардың арасындағы шек шартты түрде болады, ғарыштық процесте кейбір Асуралар Дэвалар қатарына өте алады. В. мифологиясында құдайлардан басқа абыздар, батырлар, демондар да әрекет етеді. Олардың барлығы «рита» деп аталатын әлемдік бір заңға бағынады және ақиқат («сатья»), парызбен («врата») байланысты. В-да құдай мен адамның арасындағы үйлесімділікті маңызы дәріптеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет