Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет92/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 14. Философия тарихы. Астана: Аударма, 2006.

ДАО (қыт. жол) қытай философиясының ең басты ұғымы. Д. бүкіл әлемнің, әрбір заттың даму заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі, әрбір бастаманың басы, Д. әрбір қайталанбас сәттің нәрі. Д. сезім арқылы тануға көнбейді, ол барлық жерде және еш жерде емес, түрсіз және ныспысыз. Заттар әлемі Д. арқылы жасалып, өмір заңына бағынады, яғни, өткінші: барлық заттар ұлы айналымда болады, кейіннен шегіне жетіп, қайтадан өзінің қайнар көзі Д. қайтып, содан жаңадан туылады. Б.з.д. VІ – ІV ғ.ғ. ол Лао Цзы, Чжуан Цзы, Ле Цзы еңбектерінде баяндалып, кейін конфуцийшіл және чань буддашыл ілімдер арқылы дамыған Д. туралы ілімге қытай мәдениетінің барлық филос. діни, саяси, эстетикалық иірімдері өрілді. Авторлығы Лао Цзыға телінетін Д.-Дэ-Цзин (Д. мен Дэ туралы кітап) заманынан бері Д. туралы түсініктемелердің өзі бес мың томға жуық болды.
Лао Цзы бойынша, Д. мәңгілік, негізсіздік, қуыс, құрдым сынды онтологиялық қасиеттері бар мейлінше кең шынайылық. Бірақ қанша тіл жетпес, түсініктен тыс болса да ол Дэ арқылы көрінеді. Дэ дегеніміз ізгілік, әділдік, асыл қуат. Дэ, Д-ның этикалық көрінісі ретінде, адамның қоғаммен, табиғатпен және өз-өзімен қарым қатынасын табиғи жолмен түзеуге бағытталған. Осы заңдылықтар бойынша, Дао мен Дэ «цзы жэнь» табиғилық және «у-вэй» әрекеттенбеу қағидаларын ұстанады. Демек, Д. ғылыми ілімнен гөрі рәсімге ұқсайды. Бірақ қытайлықтар түсінігінше Д. рәсімге де, ырымға да жатпайды. Адамдар ақылгөйліктен бас тартып, әрбір заттың немесе құбылыстың табиғи болмысын таба білуге тиіс.
Әдебиет: Китайская философия.Энциклопедический словарь. М.: Мысль, 1994. – 573 б.; Дао и даосизм в Китае. М., 1982; Кобзев А.И. Категории дао, дэ, ци в истории китайской философии //16-я НК ОГК. Ч.1. М., 1985. Шығыс философиясы. – Алматы, 2009.

Даосизм Қытай философиясының негізгі бағыттарының бірін және дәстүрлі дінін білдіретін термин. Дао цзя, дао цзяо іліміне сәйкес келеді. Даостық философияда маңыздысы дао туралы ілім. Д-де Дао барлық бар нәрсенің субстантық заңдылығы, космос, адам, қоғамның мезгілсіз болмыс заңы; тудырушы бастау, формаға ие болған заттардың генетикалық алғышарты, жол, циклдік уақыт принципі, әлемнің онтологиялық мәнімен бірігуге талпынған адамның өмірлік жолы. Даоға игі күш дэ тән. Д. жетекші концепцияларына цзы жань («табиғилық») және у вэй («әрекетсіздік», мақсатты әрекеттің жоқтығы) жатады. Д. іліміне сай эгоистік ұстанымдар мен даодан бас тарту адамдардың адасуына әкеледі, олар әлемді өзіндік мәні бар деп түсінілетін жеке заттарға бөле бастайды. Бірақ даоның ешқандай шекарасы жоқ: дао-әлемде барлығы теңестірілген, біртұтастыққа біріктірілген. Барлық қайшылықтар үйлесімділікке келтірілген, объект пен субъект бір-біріне қарсы қойылмаған. Осыдан даостық философиядағы релятивизм шығады. («Чжуан-цзы»). Дао – ғарышпен біріккен, ақиқатты таныған данышпан үшін өмір мен өлім туралы қарама-қарсы түсінік жоқ. Д.-де адам біркелкі психосоматикалық тұтастық, руханилық (жан) мен материалдыққа (тән) бөлінбеген. Рухани бастау – «рух» (шэнь) квазиматериалды субстанция «пневманың» (ци) нәзік күйі ретінде түсіндіріледі. «Рух» денемен қоса өледі де әлемдік «пневмаға» жайылып кетеді, бірақ дао-универсум мәңгі, сондықтан, оған ұқсас адам да мәңгі болуы тиіс. Мәңгілік даомен қосылған кезде іске асады.
Д. тарихы екі этапқа бөлінуі мүмкін: пайда болуы мен қалыптасуы; қалыптасқан бағыттың дамуы. Д. пайда болуының алғышарттары ежелгі діни сенімдерде. Оның түптамыры Чу патшалығындағы шамандық сенімдермен және маг, сиқыршылардың ілімдерімен байланысты болуы мүмкін. Б.д.д. ІІІ- IV ғғ. философиялық рефлексияның нәтижесінде алдыңғы ғасырда стихиялық түрде қалыптасқан түсінік негізінде ілім пайда болады. Оны ұстанғандар кейін б.д.д. І-ІІ ғ.ғ. пайда болған «дао және дэ» (даодэ цзя) мектебіне жатқызылды. Бұл ілімнің ескерткіштеріне аты жартылай аңызға айналған данышпан Лао цзы жазды деген «Дао дэ цзин» және IV-ІІІ ғғ. философы Чжуан Чжоудың көзқарастары баяндалған «Чжуан-цзы» трактаттары жатады. Одан басқа Д. негізін қалаушыларға Ле Юйкоу (Ле-цзы, б.д.д. ІІІ-IV ғғ. шамасында) және эклектизмге жақын Лю Аньды (Хуайнань-цзы, б.д. ІІ ғ.) жатқызуға болады.
Діни-философиялық жүйе ретінде даосизм б.д. Лао-цзы мен Чжуан-цзы ілімдерінің; натурфилософтар (иньян цзя); «рух» концепциясының; шамандар мен магтардың сенімдерінің; «өлмейтін қасиетті адамдар» (сянь, шэнь сян) туралы түсініктің синтезі нәтижесінде пайда болады. Даостар ілімін ежелде мифтік «Сары императорға» (Хуан ди) құпия ашылған кезде пайда болды деп есептейді. ІІ ғ. Лао-цзы құдай аталып, «даоның денесі» ретінде қабылданады. Сол кезде институционалданған даостық бағыт – Тяньши [дао] («Аспан ұстаздарының Жолы») пайда болады. Бірінші патриарх Чжан Даолин болған. «Аспан ұстазы» титулы Чжан руында мұраға осы күнге дейін беріліп келеді.
VІІ – VІІІ ғғ. буддизмнің әсерімен даостық монахтық институт және монастырьлар пайда болды, ал діни практикада психотехникалық әдістер (медитация) басымдылыққа ие болды, негізгі зейін ішкі өзіндік жетілдіру жолдарына бағытталады. Д. әдебиетке, өнерге және т.б. қытай мәдениетінің басқа да аспектілеріне өте көп ықпалын тигізді. Д. дәстүрлі медицинаға әсері теория жүзінде де (адам денесінің Әлемнің құрылымына сәйкестігі, организмнің тіршілік етуі мен құрылымы туралы ілімдер), практика жүзінде де (инемен емдеу, фармакология) елеулі. VІІ ғ. Д. Кореяға – Когурё мемлекетіне енді. Жапонияда синтоизмге де ықпалын тигізді. Қазіргі күні ҚХР-да Д. ұстанушылар Ассоциациясы бар. Д. Тайвань мен Гонконгта өте танымал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет