Д. философиясыдуалистік ілім, өйткені ол дүниеде екі объективті мәннің бар екенін мойындайды. Біріншісі созылмалы (res extensa) және зерделі (res cogitans), дегенмен ойланатын жандағы олардың өзара әрекеті мәселесі оның философиясында шешілмеген күйінде қалды. Кәдімгі материядан басқа Д. көзге көрінбейтін нәзік материяның кең көлемін бөліп көрсетеді: солардың көмегімен жылудың, тартылыстың, электрдің және магнетизмнің қызметін түсіндіруге тырысады. Д. философияға қосқан басты үлесі танымның әмбебап әдісі ретіндегі рационализм философиясын классикалық құрастыруы болды. Д. пікірінше, зерде тәжірибенің берген мәліметтерін сыни бағалайды да олардан табиғатта жасырын болатын математикалық тілде айтылатын шынайы заңдарды шығарады. Тиімді қолданған жағдайда зерденің қуатында шек жоқ. Д. тағы бір маңызды қыры механицизм. Материя (оның ішінде нәзік материя) элементарлық бөлшектерден тұрады, олардың жергілікті механикалық өзара әрекеті барлық табиғи құбылыстарды тудырады. Сондай-ақ Д. философиялық дүниетанымы үшін скептицизм және алдыңғы схоластикалық философиялық дәстүрді сынау тән. Сананың өзіндік дәйектілігі, cogito – ойлау (декарттық тезис – «ойлаймын, демек, өмір сүремін» – лат. Cogito, ergo sum), сол сияқты туа бітті идеялар теориясы да картезиандық гносеологияның бастапқы бабы болып табылады. Д. дүниетанымы картезиандықтың бастауы болды және ол мына бағыттардан көрінді: голландиялық (Барух Спиноза), неміс (Готфрид Вильгельм Лейбниц) және француздық (Николь Мальбранш).
ДЕКОНСТРУКЦИЯ – француз ойшылы Ж. Деррида ұсынған ұғым, постструктурализм заманының сыни-философиялық ұстанымы. Оның өзгешелігі– егер модернизм кезеңінде сын дәстүрді құлату, жою, күйрету құралы болса, Д. сынаса да сын объектісін жоюға тырыспайды. Керісінше, оның бүге-шігесіне жетіп, қайта тірілтуге бейім болады. Әрине, тірілткенде, ол шартты түрде тірілтеді. Бірақ постструктурализмның ең үлкен жеңісі – ойлау процессінің шарттылығын ұғыну, метафизикадан бас тарту. Егер Платоннан бері нақты дүние Идеялар әлемінің көшірмесі деп саналса, қазір бұл байланыс жоққа шығарылып, ойлау дегеніміз таңбалау әрекеті деп әйгіленеді. Демек зерттеушінің мақсаты әр ғасырдағы әр қоғамның, әр өркениеттің, әр автордың таңбалау ерекшелігін айқындау. Міне, Д. дегеніміз осындай айқындаудың құралы. Д. метафизикалық дәстүрді бірнеше бағыттан сынайды. Біріншіден, бар болуметафизикасы ретінде сынау.Себебі Хайдеггердің болмыс дегеніміз бар болу деген тұжырымы батыс метафизикалық жүйелерінің темірқазығына айналған еді. «Мән, тірлік ету, субстанция, субъект, ой аттамы, сана, Құдай, адам сынды негіз, бастау, орталықтың барлық атаулары бар болудың өзге түрі ретінде таңбаланған» (Деррида). Ойлап қарасаңыз, бар болу, сәйкестік, әңгіме, сана сияқты метафизиканың негізқалаушы ұғымдары жоқ болу, өзгешілік, хат, дене іспетті қудаланған қосалқы терминдердің ізі екенін пайымдау қиынға соқпайды. Батыс философиясының метафизикалығы уақытты, тарихты қарадүрсін зерделейтінінен де байқалады. Тарих белгі біртекті құрылым, белгілі бағыттағы ой жобасы ретінде ұғынылады. Уақыт концепциясына сүйенген метафизиканың тарихын қардүрсін деуге болады, себебі метафизика түсінігінің өзі уақытқа тәуелді. Демек метафизиканы жою үшін, уақыттан тыс болу керек. Д. мақсаты терминді қайта тірілту емес, осындай әрекеттің мүмкіндігін, немесе мүмкін еместігін анықтау. Әдетте Д. объектісі ретінде метафизикалық жүйелер, философ. дискурстар көрінеді. Деррида Д. мақсатын төмендегідей түсіндіреді: «философиялық мәтінді оның формалық құрылымында зерттеу, оның мәтінді типтерінің өзгешілігін және көпнұсқалығын көрсету, философиялық мәтіннің саханалық кеңістігін, оның синтаксисын ұғыну». Д-ғы жалпы даму екі негізігі әрекетке байланысты. Бірінші әрекет – айналдыру, екіншісі – қайта тірілту. Айналдыру – аттап өтуге болмайтын әрекет, себебі бинарлық оппозицияның күшін жою дегеніміз тек қана оппозиция мүшелерінің орнын ауыстыру емес. Олай істегенде Д. жасалатын аймақ қозғалусыз қалады. «Мәселе әрбір сатылы тәртіптен (иерархиядан) бас тартуда емес, себебі анархия әрқашанда тірлік етуші билікті күшейтеді. Белгілі иерархияның терминін өзгерту, немесе, орнын ауыстыру қажет емес, иерархияның өзіндік құрылымын өзгерткен жөн» (Деррида). Екінші әрекет предикат пен ұғымдар иерархиясын қайта жасап, жаңаша қортындылауға байланысты. Бұл сатыда ұғымдардың аласталуы, иеліктері мен мүмкіндіктері қайта жандаңып, жаңа ұғымдар айналдырудың бірінші адымындағы үстемдік құрған дәстүрлі ұғымдарға енгізіледі. Сонда ғана Д. толық жүргізілді деп айтуға болады. Д. қос амалды ілім. Бірақ мәселе уақыт тізбегіндегі жалғастықта емес. Деконструкцияның екі ағымы – айналдыру мен қайта тірілту – бір уақытта жасалады. Сөйтсе де олардың арасындағы өзгешілік сақталады.