Қр білім және ғылым министрлігі әЛ – фараби атындағЫ ҚАЗҰУ



бет3/7
Дата02.12.2022
өлшемі0,89 Mb.
#54353
1   2   3   4   5   6   7
Либералдық стиль - Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақтаушылық-ты, толқуды көрсетеді. Сыныпта ауытқымалы микроклимат, жасырын қақтығыстар байқалады»

Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты:


а) оқу-тәрбие материалдарын білім алушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және олардың жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті;
ә) білім алушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда тұлғаның белсенділігін көтеру сынды ұйымдастырушылық қабілеті;
б) білім алушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті.
  • ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕП

педагогикалық еп

  • Балалармен психологиялық байланыс орнату және дамыту мүмкіншілігін сипаттайтын басты талаптың бірі – педагогикалық еп. Еп (такт) әсер ету, қол тигізу деген мағына береді. Бұл адамдардың өзара әрекеттесуін реттеуге көмектесетін адамгершілік категориясы. Ізгіліктік ұстанымына негізделе отырып, педагогикалық еп кез-келген күрделі де қиын ситуацияда адамға деген құрметтің сақталуын талап етеді. Еп – жоғары адамгершілікті мақсатқа жету үшін адамның моральдық ымыраға (компромисс) келетін іс-әрекет формасы. Бұл басқа моральдық талапқа нұқсан келтірмей, нақты адамгершілік талаптың жұмсаруы, саналы түрде әлсіреуі. Еп – қиындықтардан бас тарту емес, мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау, көру. Епті болу - әрбір адамға, әсіресе педагогқа, қойылатын адамгершілікті талап.

Қазіргі жасөспірімдердің жас ерекшелік психологиясын, жеке ерекшеліктерін білу. Жасөспірімдермен қарым-қатынас стилінде құрметтеу, тану, сенім арту, кәсібилік, салмақтық реңдері болғаны жөн. Әрине, оқушыларға ықпал ету тәсілдерін білу керек. Олар:
балаларды сүю, өз махаббатын орынды көрсету;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет