Қр білім және ғылым министрлігі әЛ – фараби атындағЫ ҚАЗҰУ


Үгіттеуге қойылатын талаптар



бет6/7
Дата02.12.2022
өлшемі0,89 Mb.
#54353
1   2   3   4   5   6   7

Үгіттеуге қойылатын талаптар:


басқаны үгіттей отырып, тәрбиеші өзінің айтқанына сенуі керек.
үгіттеуде жалпылама қағидалармен (ұстанымдар, ережелер) қатар нақты фактілер, мысалдар, көрнекілік, үлгі қолданылуы тиіс;
үгіттеу бірізділікке, қисындылыққа, дәлелдікке ие болуы шарт;
үгіттеу оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылуы тиіс;
үгіттеудің мазмұны мен формасы тұлғаның жас ерекшелік деңгейіне сәйкес болуы, оқушыларға түсінікті және қол жетерлік деңгейде ұсынылуы;

Үгіттеудің тиімді шарттары:


1.Үгіттеудің күштілігі оның мазмұндылығына және үгіттеушінің беделіне тәуелді.
2.Үгіттеудің тиімділігі үгіттелушінің психикалық ерекшеліктеріне (қызығушылықтары, қажеттіліктері, талғамы, ойлау ерекшеліктері), олардың үгіттеуде есепке алынуына тәуелді.
3.Үгіттеуші мен үгіттелушінің өзара әрекеттесуі барысындағы интеллетуалдық-эмоциональдық күйіне тәуелді.
4.Үгіттеудің мораль оқудан айырмашылығы – үгіттеуде белгілі бір қағида дәлелденсе, моральда тек ұсынылады, мысалы: «оқушы міндетті...», «ұят болады...» және т.б.
5.Сендіру, немесе суггестия (латын сөзі – сендіру) – бір адамның басқа адамға немесе адамдар тобына психологиялық ықпал етуі. Оның мақсаты – айтылған сөздерді, ондағы ойларды және ерікті сынға алмай қабылдау және сіңіру.

Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық үрдіс ретінде мынадай қызметтерге ие:


адамдардың бірін-бірі танып-білуі – қарым-қатынас үрдісінде адамдар бірін-бірі көзбен қабылдайды, бағалайды, яғни «әлеуметтік перцепция» (А.А.Бодалев) жүзеге асады.
ақпаратпен алмасу – қарым-қатынас материалдық және рухани құндылықтармен, интеллектуалдық-эмоционалдық ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. іс-әрекетті ұйымдастыру;
рольдермен алмасу;
тұлғаның өзін-өзі бекітуі;
бірге әсерленушілік.

Қорытынды

  • Кәсіби шеберлік құрылымындағы педагогикалық
  • қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың тіл табысуын, өзара түсінісуін, өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, тұрақтандыру және дамытудың көпқырлы үрдісі. Қарым-қатынас арқылы педагог оқушылардың іс-әрекетін, тәртібін ұйымдастырады, олардың жұмысы мен әрекеттерін бағалайды, болып жатқан құбылыстар, оқиғалар жайында ақпарат береді, белгілі бір әрекеттері бойынша қажетті толғаныстарын тудырады, қиындықтарды жеңуде көмек береді, өз мүмкіншіліктеріне сенімін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет