Сабақ үстіндегі және сабақтан тыс оқу іс-әрекетінің формаларын пайдаланатын оқытушының қызметін талдай отырып, қарым-қатынастың әр түрлі деңгейлерін бөліп алуға болады:
3. төмен – түсінбеушілік, бір-біріне жат болу, суық қарау, өзара көмектің болмауымен сипатталады.
Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы (В.А.Кан-Калик):
Болашақ қарым-қатынасты модельдеу (жобалау кезеңі). Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру (коммуни-кативті шабуыл). Дамып отыратын педагогикалық үрдісте қарым-қатынасты басқару. Жүргізілген қарым-қатынас жүйесін талдау және оны келесі іс-әрекетте модельдеу.
Педагогтардың қарым-қатынас стилдері:
Авториталы стиль- бұл стилде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас тең дәрежеде емес, педагогиклық әсердің обьектісі ретінде қарастырады.Мұғадім шемімді өзі қабылдайды, оқушыладың жағдайын және олардың шешімдерін ескермейді.Бұл стилді ұстанған мұғалім өте қатал, талапшыл,өзі айтқанаын екі етпей орындатуды қалайтын, оқушылардың өз ойы мен пікірін ескермейтін болып келеді.
Демократиялық стиль - Оқушы қарым-қатынастағы тең серіктес, бірігіп білім іздеудегі әріптес ретінде қарастырылады. Мұғалім оқушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды, оқушылардың тек оқу үлгерімін ғана емес, сондай-ақ олардың тұлғалық сапаларын да есепке алады. Әсер ету әдістеріне әрекетке түрткі болу, кеңес, өтініш жатады. Басқарудың демократиялық стилін ұстанған мұғалімдердің оқушылары байыпты қанағаттану, өзін-өзі жоғары бағалау күйін сезінеді. Осы стильдегі мұғалімдер өзінің психологиялық іскеріктеріне көбірек назар аударады. Мұндай мұғалімдер үшін үлкен кәсіби орнықтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.