Қр білім және Ғылым министрлігі



бет2/2
Дата16.12.2023
өлшемі43,07 Kb.
#140059
1   2

Ат пен есек

Біреудің Есегі мен бар еді Аты,


Апарар бір қалаға болды заты.
Аты мен Есегіне артып алып,
Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Жүк ауыр, Есек сасып, алақтады,
Иесі демалуға қаратпады.
Әл кетіп, жығыларға таяғанда,
Жалынып Атқа Есек сөз айтады:

«Ат достым, жүгім ауыр, халім бітті,


Емеспін жүре алатын енді тіпті.
Зорығып, жолда өліп қалатынмын,
Алмасаң ауыстырып біраз жүкті».

Ат оған ешбір жауап қайтармайды, Ауырлап жүгін, Есек қайқаңдайды.


Ентігіп, ішін соғып, дымы құрып,
Жүруге онан әрі жайы қалмайды.

Жығылды Есек байғұс дымы құрып, Тұрмады айдаса да иесі ұрып.


Сойды да, жүгін, терісін атқа салып,
Қалаға келе жатты тағы жүріп.

Қараңдар, шара бар ма мына сорға,


Аяғын Ат келеді басып зорға.
Қысымды Есек көрген бұ да көріп,
Болдырып, былғақтайды оңды-солға.

Өкініп өткен іске Ат келеді:


«Мен қате еткен екем… Аһ! — деді.
— Есектен аз жүк алып, қарасқанда,
Қиындық мұндай маған болар ма еді?».

* * *


Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек?
Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек,
Көрерсің рақатын көлеңкелеп.

Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде


— Біреуге қысылғанда жәрдем бермек. Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.
Берілген мысал өлеңдер көркем-әдебиет стильде жазылған. Сеебі, шынайы өмір шындығын аңдар арқылы көрсетіп, оқырман сезіміне әсер етуге, ой тудыруға негізделе жазған. Бұл мәтіндердің көркем- әдебиет стильде екеніне арыстан мен түлкі, ат пен есектің тілдесімдері көз жеткізеді. Арыстан мен түлкі арасындағы қарым-қатынас достың, жалаң жел берудің, жөнсіз ақылдың әрқашан шынайы бола бермейтінін көркем түрде көрсеткен. Қазақ мысалдарында түлкі- қулықтың, арыстан- көзсіз ерліктің нышаны бола отырып, талай ғибратты оқырманға ұқтырғандай. Өмірде түлкідей қу әрі пайдакүнем, өзі үшін өзгені орға жығатындар көп, әрине. Арыстандай батыл, қайсар бола тұра сондай желікпе сөзге ойланбай еретін аңқау батырлар да аз емес. Өмірде кездесетін осы екі түрлі мінезді Ахмет мысалына арқау етіп, дос таңдауда сақтаныңдар деп үндеу тастайды.
“Басында, сірә, Ахмет, болса миың”- деп жазушы өзіне де ескерту жасайды. Мысалда тұнып тұрған өнеге, ғибраттан бөлек экспрессивті-эмоциялықты арттыратын сөздер мен сөз тіркестері қолданылған. Зырқырап атқан оқтай, сидиған жаман Киік, таза жолдас, Түлкідей сөз беретін жарға жықпа тіркестері ойдың әсерлілігін, шынайылығын арттырып, оқырманға осы сөздерді беру арқылы образдардың бейнесін ашып береді. “Сидиған жаман Киік” деп Түлкі әдейі Арыстанның шамына тие сөйлейді. Түлкідей сөз беретін жарға жықпа тіркесінде жарға жықпа жалған дақпырт сөздердің болатындығы және оны түлкідей қулар келістіре айтатынын жазушы ашық айтады.Таза жолдас қолданысының астарында досты да таза алтынды, таза күмісті іздегеннен кем іздемеу керек деген сыр жатқандай.
Ал, ат пен есек мысалында жақсылық, қайырымдылық, рақымшылдық қасиеттері сөз етіледі. Жазушы мұнда да жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар деп жалаң үгітке салмай, сол кездегі қазақ шаруасына етене жақын болған ат пен есекті мысалға ала отырып, шеберлікпен үлкен ғибрат қалдырған. Басына іс түскен есектей жандардың үніне құлақ салмаған, жауап қайырмағандар өмірде бар. Ат Есекке жамандық жасамады, бірақ оның үнсіздігі, қайырымсыздығы оның да түбіне жетті. Есекке түскен күй атқа да түсетіні секілді, әлсізге, зардап шегушіге келген кесапат күштіні де түбі бір айналып келмесіне кім кепіл. “Сондықтан, дер кезінде қимылдап, жақсылық ет, қайырым қыл”- дейді ақын.
Көркем-әдебиет стилінің де мақсаты оқырманға ой тастау не сезіміне әсер ету.Берілген мысалдарда жалаң жалықтырма сөздер жоқ.Бейберекесіз ұран да тасталмаған. Қазақтың тұрмысына, дүние танымына таныс болған сіңісті мақлұқтар мысалға алынып, кішкене ғана өлең жолдарымен бар тіршілікке пайдаға асатын, керекті болатын, көп айтыла бермейтін, жанашыр ұлт ұстазының ақыл-өсиеті келтірілген. Мысалы,
Еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек,
Көрерсің рақатын көлеңкелеп. –жолдарында метафора ретінде келген бәйтерек, терек, көлеңке сөздері автордың тілдік қолданысын көркемдей түскен. Дәл қолданылған метфора, теңеу жазушының ой ұшқырлығанан хабар берсе, Байтұрсыновтың бұл қолданысы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін дәл әрі орынды, жинақы етіп тұр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет