Қр денсаулық сақтау министрлігі


Клиникалық сұрақтардың типтері



Pdf көрінісі
бет23/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
Далелді мед

 
Клиникалық сұрақтардың типтері: 

емдеу және емдеу тәсілдерін бағалау туралы. 


28 
Клиникалық нәтиже: 

науқас денсаулығының жақсаруы немесе асқыну мүмкіндігінің төмендеуі 
туралы. 
Профилактика: 

аурудың даму мүмкіндігі және скрининг тура. 
Қауіп факторларын бағалау: 

емдеу әдістерін жүргізген кездегі мүмкін болатын кері әсерлерін бағалау, 
ауру немесе өлім. 
Диагностика: 

әртүрлі диагностикалық әдістерді бағалау. 
Болжам: 

аурудың ағымын әрі қарай анықтау және бағалау. 
Қауіпсіздік: 

кері әсерлері туралы. 
Этиологиясы: 

аурудың себептері мен қауіп факторлары. 
Клиницисттерге негізгі (фондық) және қосымша (фронтальдық) 
сұрақтарға жауап беретін білім қажет. Олардың қарым-қатынасы уақыт өте 
келе өзгереді және белгілі бір ауруды емдеу тәжірибесіне байланысты болады. 
Тәжірибе жеткіліксіз кезде көптеген сұрақтар негізгі (фондық) болуы мүмкін. 
Клиникалық тәжірибе мен жауапкершілік жоғарылаған кезде қосымша ( 
фронтальды) сұрақтардың саны көбейеді. 
Тәжірибеге сүйенсек, сұрақтарды 7 түрлі себепке байланысты дұрыс 
құрастыру керек екендігін көрсетеді: 
1.
Дұрыс құрастырылған сұрақтар бағалы уақытты науқастардың 
клиникалық қажеттілігіне, релевантты дәлелдемелер үшін қолдануға 
көмектеседі. 
2.
Олар бағалы уақытты арнайы білімнің немесе студенттердің талаптарына 
жауап беретін дәлелдемелерді анықтауға көмектеседі. 
3.
Олар іздеудің жоғары пайдалы стратегияларын ұсына алады. 
4.
Олар толық жауаптар алатын сұрақтың түрін (форма) ұсынады. 
5.
Науқасты дәрігердің кеңесіне жіберген кезде және кеңеске келген 
науқасты қабылдау кезінде әріптестермен өзара түсіністіктің артуына 
көмектеседі. 
6.
Студенттерге оқытылып жатқан материалдың мағынасын тереңірек 
түсінуге көмектеседі және әрі қарай оқу үшін кейбір адаптациялық 
процестерді реттейді. 
7.
Жауап табылған жағдайда білім өрісі кеңейе түседі, қызықтырған 
сұрақтарына және алған жауабына қанағаттанады. 
Сұрақ қоя білуді кез келген клиникалық оқыту түрімен бірге науқас 
төсегінің қасында немесе басқа бір жағдай кезінде үйретуге болады және бұл 
қосымша уақытты көп қажет етпейді. Сұрақ құрастыруға бір минуттан да аз 
уақыт кетеді, ал студентке сұрақ қоюды үйрету үшін 2-3 мин. қажет болады. 
Студент сұрақты құрастырған кезде оның клиникалық пайдалы жауап алуға 


29 
ұмтылысын қадағалау керек. Сұрақтарды құрастыру әдісіне қосымша «білімді 
жетілдіру рецепті» немесе «матрица» деп аталатын тәсіл бар. (3 кесте) 
3 Кесте. Білімді жетілдіру рецепті 
R білімді жетілдіру рецепті 
Науқастың аты: 
Оқушы: 
Төрт бөлімнен тұратын клиникалық сұрақ 
Нақты ауру 
Іс-әрекет жасау: 
Салыстыру: 
Нәтиже: 
Орындалу уақыты мен орны: 
Студенттерді оқытудың алғашқы жылында біз сұрақ құрастырудың 
«матрица» түрін қолданбадық, бұл студенттер құрастырған сұрақтардың 
барлығы фондық болуына себеп болды. Сонымен қатар, студенттерде 
нәтижені анықтауда қиындықтар туындады. Мысалы: студенттердің жиі 
құрастыратын сұрақтарының түрі: маммография көмегімен сүт безі қатерлі 
ісігін анықтау үшін скринингтің тиімділігі қандай? Құрастырылған сұраққа 
қарасақ, онда PICO-ның 2 ғана компоненті бар: мәселе - сүт безінің қатерлі 
ісігі, іс-әрекет - маммография көмегімен скрининг жүргізу. Бірақ нәтижені, іс-
әрекет нәтижесін бұл сұрақтан құрастыру мүмкін емес, тиімділікті бағалау 
қиын екендігі анық. Сұрақты мынадай түрде құрастыру дұрыстау болады: сүт 
безінің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау үшін, маммография арқылы 
скрининг жүргізу мен өзін-өзі тексеруді салыстырғанда, анықтау пайызы 
қандай? Келесі кезекте білімді жетілдіру рецептісін қолдану арқылы 
студенттердің PICO-принципі бойынша сұрақ құрастыруы жеңілдеді. 
Сонымен қатар, студенттерге PICO принципі бойынша клиникалық маңызды 
сұрақтарды құрастыруды өлшенетін, саналатын нәтижелерден бастаған дұрыс 
екендігін айту керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет