Қр денсаулық сақтау министрлігі


Оқу мәліметтерінің базасы



Pdf көрінісі
бет25/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Оқу мәліметтерінің базасы.
Жалпы сұрақтарға жауап іздеу барысында 
әдістемелік «сүзгілерден» тұратын электрондық ақпарат көзінің қажеттілігі 
төмен. Жиі жаңартылып отыратын және кең ақпарат көлемін қамтитын оқу 
мәліметтерінің 
базасына 
жүгінген 
тиімдірек. 
Мұндай 
ақпараттық 
ресурстардың мысалы ретінде мынадай мәліметтер базасы: UpToDate, 
Scientific және American Medicine бар. Ондағы жазылымдар толық белгілі бір 
оқулық бөлімінің жазылу уақытын анықтауға мүмкіндік беретін 
библиографиялық тізімдерден тұрады, сонымен қатар, оқушы түпнұсқа 
жарияланымдардың мәтінімен таныса алады. Электрондқ түрдегі қол-жетімді 
басқа да оқу мәліметтері базасының арасында 
Harrison’s Principles of Internal 
Medicine
де ескерген жөн; мұның көмегімен көптеген жалпы сұрақтарға жауап 
табуға болады. Сонымен қатар, тек интернетте ғана бар медициналық 
оқулықтар да пайда болды. (мысалы, 
Emedicine
). Жаңа мәліметтер пайда 
болған сайын жаңарып отыратын дәлелді ақпараттардың көлемі ұлғаюымен 


31 
байланысты электронды ақпарат ресурстары жеке және жалпы сұрақтарға 
жауап беретін маңызды дереккөзге айналды. 
MEDLINE
. Бұл библиографиялық электрондық мәліметтер базасын АҚШ-
тың Мемлекеттік медициналық кітапханасы ұйымдастырған және мақұлдаған. 
Ол арқылы нақты етіп құрастырылған клиникалық сұрақтарға тиімді жауап 
алуға мүмкіндік туады. 
Best Evidence.
Бұл мәліметтер базасында жеке клиникалық сұрақтарды 
шешуге қажетті жүйелі шолулар мен түпнұсқа мақалаларды тез табуға болады. 
Ол компакт-дисктерде, сонымен қатар, интернетте қолжетімді және алдын ала 
өңделген ақпараттардан тұратын 
ACP Journal Club
және 
Evidence-Based 
Medicine
журналдарының біріктірілген электрондық нұсқасынан тұрады. 2000 
жылдың қаңтар айында Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Америкада бұл 
журналдар бір басылымға 
ACP Journal Club
біріктірілген болатын; сол 
уақыттан бастап 
Evidence-Based Medicine
АҚШ-та шығарылмайды. Бұл 
баспалардың редакция алқасы жоғары әдістемелік сапасымен және 
клиникалық маңыздылығымен сипатталатын зерттеулерді 170 медициналық 
журналда (әсіресе, кең тараған аурулар мен жағдайларды диагностикалау және 
емдеуге арналған) үздіксіз және жүйелі түрде іздеу жүргізеді. 
ACP Journal Club
және 
Evidence-Based Medicine 
құрамына жоғары сапалы 
зерттеулердің құрастырылған рефераттары және алынған нәтижелерді 
практикада қолданудың болашағын арнайы мамандардың талқылауы мен 
сипаттамалары кіреді. 
Best Evidence мәліметтер базасының Other articles noted («Басқа мақалалар») 
тақырыбында дәрігер жоғары әдістемелік сапалы зерттеулерден алынған
бірақ онша сенімге ие емес мәліметтерді таба алады. 
Cochrane Library. Кокрандық әріптестік`(Cochrane Collaboration) - бұл әртүрлі 
медициналық іс-әрекеттердің қауіпсіздігін және тиімділігін бағалауға 
арналған жүйелі шолуларды дайындау, жүргізу, тарату, сонымен қатар, 
қажетті ақпараттарды іздеуді тез жүзеге асыратын электрондық мәліметтер 
базасын дайындаумен айналысатын халықаралық ұйым. Бұл базаның 
(Cochrane Library) құрамына емдеудің әртүрлі аспектілерін бағалауға арналған 
ең басты РКИ-лердің жүйелі шолуы кіреді. Онда басқа зерттеулердің 
нәтижелері (мысалы, болжам немесе диагностиканың жаңа әдістерін үйренуге 
арналған) болмайды. Cochrane Library компакт-дисктерде және интернет 
сайттарында жарыққа шығып отырады, әр тоқсан сайын жаңартылады және 3 
негізгі тараудан құралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет