Қр денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет24/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
 
ДМ-нің екінші кезеңі 
Мәліметтерді іздеу.
Бұл кезде іздеудің 2 түрі бар: шынайы түпнұсқа 
(оригинал) зерттеу мен әдістемелік іріктеуден өткен және ДМ-нің 
компьютерлік базалары мен журналдарында баспаға шығарылған түрлері. 
Мәліметтерді іздеудің екі түрінің де артықшылықтары мен кемшіліктері бар. 
ДМ-ге арналған базалардан (ACP Journal Сlub, Cochrane Collaboration Date 
Base, басқада ДМ-ге арналған журналдар мен журнал секциялары) іздеу, 
әдетте, оңайға соғады, кейде басқа жерлерде жоқ ақпараттарды табуға 
мүмкіндік береді және ақпарат көзінің бір жүйеде болуы олардың сыни 
бағалануын жеңілдетеді. Теріс жағына олардың толық еместігі (осы тақырып 
бойынша жүйелі шолудың болмауы бұл салада жұмыс жүргізілмегендігін 
көрсетпейді), қолжетімділіктің төмендігі (Medline - мен салыстырғанда), 


30 
белгілі бір науқасқа сәйкес келетін ақпарат табудың қиындығы және 
ақпараттың баспаға шыққанға дейін ескіріп қалуы жатады (Medline базасы, 
EMBASE, «Ресей медицинасы»). 
Шынайы ақпараттарды іздеу ең жаңа зерттеулерді табуға, сұрақты 
дұрыс құрастыруға, клиникалық сұрақтарға нақты жауап беретін жұмыстарды 
табуға мүмкіндік береді, библиографиялық базалардың жоғары қол 
жетімділігін ұсынады және дәрігерге материал жайлы өз пікірін айтуға 
мүмкіндік береді. Теріс жақтарына іздеуді үйренуге уақыттың көп жұмсалуы, 
қарап шығуды қажет ететін материал көлемінің үлкен болуы және ақпаратты 
жоғалту мүмкіндігі жатады. Қолданылып жатқан стратегия құрастырылған 
сұраққа тәуелді болуы қажет. «Негізгі» сұрақтарға жауапты ДМ-нің 
ақпараттар базасынан, ал «қосымша» сұрақтарға жауапты жалпы 
библиографиялық ақпараттар базасынан іздеген тиімді. Дегенмен, кез келген 
жағдайда дәрігер іздеу түрлерінің бірінен - біріне көше алуға дайын болуы 
керек. Бұл мәселені дұрыс анықтауға, түсінуге, манипуляция жасауға қажет. 
Бірақ басылымдар мен кітаптардағы мәліметтер баспадан жарыққа шыққанша 
ескіріп үлгереді және білімді мамандардың пікірлері бір жерден шықпай 
жатады. Сондықтан, біз өзіміздің студенттерге ақпарат іздеудің жаңа 
принциптерін ұсынамыз. Электрондық ақпараттардың пайда болуына 
байланысты заманауи ақпаратты үнемді, әрі тиімді іздеу мүмкіндігі 
жоғарылады. 
Жаңа ақпарат көздері: MEDLINE, EMBASE, Cochrane Library, Best 
Evidence, PubMed, Medmir. 
Дұрыс құрастырылған клиникалық жеке сұраққа жауап іздеуді әдістемелік 
сапаның белгілі бір талаптарына жауап беретін материалдардан тұратын 
ақпараттар базасынан іздеген жөн. Мысалы: Best Evidence, Cochrane Library 
немесе Clinical Evidence. Арнайы сүзгілерді қолдану зерттеу ақпараттарының 
базасында жоғары әдістемелік сапаның болуын қамтамасыз етеді. Бұл 
ақпараттар базасы қажет мәліметтерді іздеуді барынша жеңілдетуге 
бағытталып ұйымдастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет