Қр денсаулық сақтау министрлігі


- салыстыру тобына зерттелушілерді кездейсоқ жасырын таңдау (жасырын,  соқыр) рандомизация;  - таңдау санының жеткілікті дәрежеде болуы



Pdf көрінісі
бет27/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Байланысты:
Далелді мед

- салыстыру
тобына зерттелушілерді кездейсоқ жасырын таңдау (жасырын, 
соқыр) рандомизация; 
- таңдау санының жеткілікті дәрежеде болуы

- жасырын (соқыр)
бақылау
(ең тиімдісі үшжақты). Нақты нанымды 
зерттеулер зерттеудің дұрыс ұйымдастырылмауынан туындаған жүйелі 
қателерді болдыртпайды, ал статистика (р<..) тек кездейсоқ қателерді 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Әртүрлі жұмыстарды бағалаудың барысын иллюстрациялау үшін D.Sackett 
әріптестерімен ұсынған критерийлердің кейбіреулері берілді: [14]. 
1.
Бақылау тобы болды ма? 
2.
Пациенттерді топтарға бөлу кездейсоқ болды ма? 
3.
Диагностиканың «Алтын стандартымен» тәуелсіз салыстыру болды ма? 
4.
Алғашқыда алынған топтарда барлық науқастар зерттелді ме? 
5.
Емдеуші дәрігер және пациент өзінің қай топқа жататындығын біле ме? 
6.
Барлық топ бірдей емделді ме? (зерттеліп жатқан препараттан бөлек) 
7.
Зерттеудің басында топтар бірдей болды ма? 
8.
Әсер етуі мен кері әсері барлық топтарда бірдей анықталды ма? 
9.
Науқастарды бақылау ұзақ болды ма? Бақылау барысында шығын қанша 
болды? 
10.
Кері әсер күшейген кезде ауру дамуының қаупі жоғарылайды ма? 
11.
Мәліметтер басқа зерттеулермен тексерілді ме? 


33 
12.
Кері әсердің патологиялық әсерін сипаттау мүмкін бе? 
13.
Нәтижені бағалаудың объективті критерийлері қолданылды ма? 
ДМ қолжетімді дәлелдемелердің ең жақсысын қолдануды ұсынады. 
Егер табылған жұмыс жоғарыда көрсетілген критерийлерге толық сәйкес 
келмей, ал жоғары әдістемелік дәрежеде орындалған жұмыс табылмаса, онда 
табылған мәліметтерді қолдануға тура келеді. Дегенмен, мұндай жұмыстарда 
қателіктердің болу мүмкіндігі жоғары болатындығын есте ұстаған жөн. 
Бұл кезең студенттер үшін ең ұнамдысы. Біз басылымдармен, мақалалармен 
жұмыс істейміз, ал студенттер ақпараттың сенімділігін, нақтылығын және өз 
жұмыстарында қолдану мүмкіндігін жоғарыда көрсетілген сұрақтар бойынша 
бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет