8
20-шы ғасырда клиникалық зерттеулердің дамуы, атап айтқанда,
рандомизирленген клиникалық бақылау (РКБ) әдіснамасының жетілуі қазіргі
таңдағы ДМ-нің дамуына негіз болды. 20-шы ғасырдың екінші жартысында
медицина ғылымының қарқынды дамуы диагностика мен емдеу саласындағы
зерттеулер мен ұсыныстарды бағалауда мәселелердің (проблема) пайда
болуына әкеліп соқтырды - деп жазады эпидемиолог Арчибальд Кокран
«Действенность и эффективность» деген мақаласында. Клиникалық
тәжірибеге клиникалық зерттеулердің енгізілуі 1972 жылы баспаға шыққан
«Денсаулық сақтау туралы кездейсоқ ойлар» деген мақаласы түрткі болды.
Оның негізгі принципі – денсаулық сақтау ұйымының шектелген ресурстарын,
дұрыс жүргізілген зерттеулер мен дәлелденген тиімді медициналық көмек
түрлерін орынды қолдану. Ұлыбритания, Швеция, Нидерланд, Канада, АҚШ-
та
жаңа
медициналық
технологияларды
бағалайтын
агенттік
ұйымдастырылды. Бұл агенттіктердің міндеттері – диагностикалау мен
емдеудің жаңа әдістері туралы бар ақпараттарды жан - жақты зерттеп, сын
көзбен бағалау.
20-шы ғасырдың 90-шы жылдары ДМ-нің негізгі талдау әдістері болып
табылатын жүйелі шолулар мен мета - анализді жүргізу әдіснамасы пайда
болды. Медициналық зерттеулерде ғылыми принциптер маңыздылығының
жоғарылауы 20-шы ғасырдың 80-90-шы жылдары дәлелге негізделген
медицина (evidence-based-medicine) немесе дәлелді медицина деп аталатын
бағыттың пайда болуына әкелді. 1990жылы МакМастер университетінің
(Торонто, Канада) ғалымдары (evidence-based-medicine) «Дәлелге негізделген
медицина» - деген ұғым енгізді (Дэвид Сакет ұсынған атау). Қазіргі кездегі
белгілі бір клиникалық мәселені шешу үшін ғылыми ақпаратты жинау, талдау
және бағалау концепциясы бар. Бұл концепция «Дәлелді медицина»- деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: