Қр денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 
СҰРАҚ: ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ ЖӘНЕ 
ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАҒА КІРІСПЕ 
 
Медицинаның негізі Гиппократтан бастап осы заманға дейін сол 
бұрынғы қалпынан өзгеріссіз қалып отыр. Дәрігерлер мен пациенттің 
алдындағы осыдан мың жыл бұрын тұрған сұрақ осы күнге дейін сақталған. 
Мысалы: Қандай диагноз? Қалай емдеу керек? Аурудың болжамы қандай?
Сол сияқты медицинаның мақсаттары да өзгеріссіз қалды: 
1) аурудан азап шегуді жеңілдету; 
2) ағзалардың қызметін қалпына келтіру; 
3) мезгілсіз өлімнің алдын алу. 
Осы сұрақтарға жауап бергенде негізгі зерттеулер мен жеке 
клиникалық тәжірибеге сүйенеміз, бірақ барлық клиникалық ақпаратқа тән 
белгісіздіктің салдарынан қателерді болдырпау, кейде мүмкін болмайды. 
Клиникалық сұраққа жауапты дұрыс табу дәрігердің алдында тұрған міндеттің 
қаншалықты ауырлығына және оның тәжірибесіне байланысты. Дәрігердің 
күнделікті жұмысы - нақты науқастың проблемасын шешу
20 - шы ғасырдың соңында денсаулықты жоғары сапада сақтауды 
қамтамасыз ету үшін әлемнің барлық мемлекеттері медициналық көмекке 
кететін шығынды бақылауда көптеген қиындықтарға кездесті. Медициналық 
көмекке қойылатын талаптар мен денсаулық сақтау ресурстарының арасында 
сәйкестік болмауына байланысты іс-шараларды таңдағанда олардың 
клиникалық ең тиімдісін қолдану керектігін түсіну қажет. Осы күнге дейін 
ғылыми ізденістердің стратегиясын құру кезінде де фармацевтикалық 
фирмалардың ықпалы бар. Мысалы, бірде-бір ғылыми конференция, тіпті, 
халықаралық конгрестердің өзін өткізу үлкен фармацевтикалық фирмалардың 
демеушілік көмегінсіз болмайды. Кейде олар ғылыми форумдардың 
тақырыбын өздерінің жаңа препараттарын жарнамалаумен байланыстырады 
және көптеген әртүрлі ғылыми зерттеулерге тапсырыс береді, сондықтан оны 
орындаушылар сол фирмалардың препараттарын еріксіз жарнамалайтын 
болады. Бұл жағдай медициналық аппаратуралар мен құрал-жабдықтар 
жасайтын фирмаларға да қатысты. 
Осы проблемалардың шешімін табу үшін ХХ ғасырдың 90 - шы 
жылдары «evidence based medicine» - дәлелдерге негізделген медицина немесе 
дәлелді медицина (ДМ) пайда болды. ДМ дәрігерге өзінің күнделікті 
жұмысында ғылыми зерттеулердің ең тиімді нәтижесін таңдауға мүмкіндік 
береді. 
ДМ №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасында «Жалпы медицина»,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет