3.4 Телімдер жүйесі
Әрқандай пән жүйесінің телімдер жиынтығы
беталды болмауға тиіс, өйткені олар ұғымдар
жүйесіне сәйкесті телімдер жүйесін құруға тиіс.
Мүмкін болғанда, ұғымның бөгенайын яғни
ұғымның мазмұнын телім бейнелеуі керек. Де-
мек, ғылыми-техникалық тұрғыдан алғанда,
бір ұғымға бір телім ғана туралануға тиіс.
Сондықтан қазіргі телімдерге талдау жасау және
жаңа телім белгілеу істерін телімдер жүйесінің
көлемінде жүргізу керек.
3.5 Телім мен ұғымның сәйкесімділігі
Кәсіптік тілдерде ұғым мен телімнің бір-
бірлеп сәйкесіп келуі талап етіледі, жай тілде
мұның бір бөлімі ғана орындалады. Жаңа
телім таңдағанда және белгілегенде, мына
жағдайлардан аулақ болу керек:
1. Көп мағыналы сөздер
Дыбысталуы ұқсас, мағынасы басқа-басқа
сөздер қазақ тілінде көбінше «көп мағыналы
сөздер» делінеді, мұндай сөздердің төркінінде
(этимологиясында) белгілі жақындық болады,
олар көбінше қолданылған орнына қарай өзара
мағына айырады.
2. Мағыналас сөздер
Ұқсас бір ұғымды көрсететін екі неме-
се екіден артық сөздерді «мағыналас сөздер»
дейміз. Мысалы, «адам, кісі, пенде»; «беде,
жоңышқа»; «тартпа, шалғы»; «Құдай, Тәңір,
Жасаған, Алла, паруардигар» т. б.
3.6 Ұқсамаған тілдегі телімдердің тең
өнім ді сәйкесімділігі
Ұқсамаған тілдегі телімдер ұқсас ұғымды
білдіргенде, оның мазмұны мен көлемі өзара
табысып жатады, мұны «телімдердің тең
өнімді сәйкесімділігі» деп атаймыз. Көп тілді
телімдер қызметінде тең өнімді сәйкесімділік
өте маңызды табыс болып есептеледі.
3.7 Телімдерді таңдау және жасау жөніндегі
талаптар
1. Тіл-жазуы өлшемді, дұрыс болу
а) Белгіленген телімдер мемлекеттің тіл-жазу
жағындағы қатысты белгілемелеріне қайшы
келмеуі керек. Мысалы, мемлекет жағынан
жарияланбаған жазуды қолданбау, өз алдына
жазу жасап алып қолданбау керек.
ә) Белгіленген телімдер тіл білімінің негізгі
қағидаларына, мысалы, лексикология, грам-
матика (морфология мен синтаксисті өз ішіне
алады) ғылымы жақтарындағы белгілемелерге
үйлесуі шарт.
2. Мағынасын дәл бейнелеу
Белгіленген телімдер анықтамада баяндалған
ұғымның бөгенайын барынша дұрыс бейнелей
алатын болуы керек.
а) Дұрыс жасалған телім үлгісі. Мысалы,
магнит таспасы (анықтамасы: магниттік ды-
быс көшірмесін немесе кескін көшірмесін тасу-
шы дененің таспа формасындағы түрі)
ә) Дұрыс алынбаған телім үлгісі. Мысалы,
қара доска (ескерту: қытай тілінде осылай
айтылады. Бірақ доскалар бүгінгі күнде алу-
ан түрлі бояуда жасала береді, соған бұл телім
қазір дәл емес, бірақ осылай атау көпшіліктің
дағдысына айналған).
3. Ықшам әрі түсінікті болу
Телімдер жайшылықта ықшам әрі түсі нік-
ті болуға тиіс. Телім өте ұзын болса, жалпы-
ластыруға қолайсыз болады, оның үстіне оны
көбінше қысқартып қолдануға тура келеді.
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
71
Телімді қысқа алу көбінше дәлдікке қайшы
келеді. Телімде бейнеленген бөгенай көп болған
сайын ұғымның бейнеленуі кемелдене береді,
телімнің дәлдігі де арта түседі. Бірақ бөгенайдың
көбеюі телімді ұзартады, қолдануға тиімсіз бола-
ды. Сондықтан дамыған ұлттарда, қоғамда жиі
қолданылатын ұзын телімдерге бола «қысқарған
сөздер сөздігі» жасалады.
4. Сөз жасауға оңай болу
Телімдердің сөз жасау қабілеті күштірек бо-
луы, соған қатысты жаңа телімдерді жасауға не-
месе туындатуға қолайлы болу керек. Мысалы,
«қызыл...+» формасында мынадай телімдерді
жасауға болады: қызылбояу, қызылқат,
қызылқұйрық, қызылқұлақ (өсімдік), қызылаяқ
(құс), қызыласық (адамның дене мүшесі) және
сол сияқты қызыл сәуле, қызыл ығысу, қызыл
гауһар, қызыл шырақ, қызыл дақ, қызыл ісік,
қызыл қан түйіршігі, қызыл бас торғай, қызыл
нәсілділер, қызыл топырақ, қызыл сынап, қызыл
бұршақ, қызыл галстөк т. б.
«...+«қызыл» формасында да мынадай
телімдер құрамын жасауға болады: алқызыл,
нарт қызыл, ашық қызыл, күлгін қызыл, қан
қызыл, шие қызыл т. б.
5. Мүмкіндіктік барынша дара мағыналы болу
Телімді өлшемдендіру жұмысында бір кәсіп
саласында бір телім тек бір ұғымды ғана көрсетуі
бір ұғымды тек бір теліммен ғана бейнелеу та-
лап етіледі. Кәсіптік телімдерде бұл принципке
қайшылық жасалса, одан ауыр ағаттықтар туы-
луы мүмкін. Сондықтан жаңа телім белгілеген
және қолда бар телімдерді жүйелендірген кезде
мыналарға кепілдік ету шарт:
1) белгілі ұғымға жаңа телім белгілеуден
ілгері, алдымен сол ұғымды көрсететін басқа
телімдердің бар-жоғын анықтап алу керек;
2) егер нешелеген мағыналас сөз белгілі бір
ұғымға тура келсе, онда солардың ішінен 3.7.1
ден 3.7.7 ге дейінгі нешелеген шарттарға бір-
шама толық үйлесетін бір телімді сол ұғымға
таңдап тұрақтандыру керек.
6. Салыстырмалы тұрақты болу
Қолдануға тапсырылған телімдерді, әсіресе,
дағдыға айналып кеткен телімдерді, маңызды
себеп болмайынша, жеңіл-желпі өзгерте салмау
керек.
7. Сәйкесімді біркелкі болу
Көптеген жағдайда мәлім бір телім көп
пәнге тең қолданылады. Сондықтан бір ұғымды
көрсететін телімдер, мейлі ол ішкі телім ретінде
бір кәсіптің ішінде арнаулы қолданылсын не-
месе кәсіптер ара, тараулар ара, салалар ара
айқаспалы қолданылсын, мұндай телімдер
түгелімен сәйкесімді біркелкі болуға тиіс.
Пән аттап қолданылатын телімдерді бекіт-
кенде, сол ұғымның туылып, дамуындағы
«бастау көзі» мен «ағыс арнасына» қарай
негізгі пән жағынан белгіленуге тиіс, сондай-
ақ оның қосымша пәндерде дағдыға айналып
қолданылған жағдайы да толық ескерілуге тиіс.
4 Телімдерді қысқарту
4.1 Телімдерді қысқартудың принциптері:
1. мүмкіндіктің барынша ежелгі мағынасын
бейнелеу;
2. оқуға, жазуға оңай болу;
3. мүмкіндіктің барынша екінші бір телімнің
бұдан бұрын қысқарған формасымен ұқсас бол-
мауы керек, өйтпегенде телімнің қысқарған
формасы мен оның толық аталуын тең ескерту
керек.
4.2 Телімдерді қысқартудың үнемілік әдіс-
тері
Қазақ тілі бойынша телімдерді қысқартудың
кемінде 6 түрлі әдісі бар, яғни бас әрпі бойынша
қысқарту; бас буыны бойынша қысқарту; неше
ұғымды өте бір ықшам үлгімен қысқарту; белгілі
бөлімдері бойынша қысқарту; қытай тіліндегі
қысқарған формасынан пайдаланып қысқарту;
шетелдегі қысқарған үлгісі бойынша қысқарту т.б.
1. Бас әрпі бойынша қысқарту. Бұл әдіс өз
тілімізде де, шетел тілінде де тең қолданылады.
Бұл арада біз өз тіліміздегісін ғана сөз етеміз.
Мысалы, ЖКП, ШҰАР, БМҰ, АҚШ, ҚР т.б.
2. Бас буыны бойынша қысқарту. Мысалы,
аукөм, райкөм, обкөм, паржоскөм
3. Белгілі бөлімдері бойынша қысқарту. Мыса-
лы, ауылкөм, ауылдық (ауылдық халық үкіметі)
4. Неше ұғымды өте бір ықшамды үлгімен
қысқарту. Мысалы, үштендіру, төрттендіру,
бестендіру
5. Қытай тіліндегі қысқарған формасынан
пайдаланып қысқарту. Мысалы, үш жарақсыз
(жарақсыз су, жарақ сыз қоқым, жарақсыз
газ), үшке уәкілдік ету, үшті дәріптеу, төртті
осы замандандыру, бес әдеп, төрт қасиет, үш
сүйіспеншілік қимылы т. б.
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
72
6. Шетелдегі қысқарған үлгісі бойынша алу.
Мысалы: WTO (даблю-ти-оу), VCD (ви-си-ди),
DVD (ди-ви-ди), NATO, APEK, OPEK, RADAR,
AIDS, SARS т. б.
4.3 Қысқарған сөздерді түрге айырып
шешу принципі
Елімізге, автономиялы районымызға, сондай-
ақ ұлтымызға қатысты телімдерді көбінше
Қазақша қысқартамыз, шетелге, халықараға қа-
тыс ты телімдерді көбінше шетелдегі қысқарған
үлгісі бойынша аламыз. Ал «АҚШ», «БМҰ»,
«ПАРЖОСКОМ» сияқты ертеректе қазақша
қысқартылып, әбден дағдыға айналып кеткен
қысқарған телімдер бұның сыртында.
4.4 Қысқартылған телімдердің қолданы луы
Жайшылықта, қысқарған телімді ресми
құжат тарда қолданбау керек. Жиі қолданыл-
май тын қысқарған телімді бір материалда (не-
месе құжатта) тұңғыш рет қолданғанда (мейлі
ол қайсы тілде қысқарған телім болсын), сол
қысқарған телімнің соңына сол телімнің толық
аталуын жақшаға алып, анық ескертіп жазу керек.
5 Басқа мәселелер
1. Телімдерді бағалау
Телімдерді бағалау − телім өлшемдендіру
жұмысының маңызды бөлімі, жоғарыда баян-
далған талаптар негізінде, телімдерге қарата
қолдану дәрежелері белгіленеді.
2. Телім жүйелері арасындағы сәйкесімділік
Ғылым-техниканың зымыран заманы мен
ұқсамаған пәндер арасындағы араластық қыруар
жаңа ұғым мен жаңа телімдерді ортаға шығарады.
Мәлім телімді пән аттатып қолданған кезде
ол телім сол кәсіптің мамандық саласындағы
өзгешеліктер әсерімен өзгеріске ұшырауы не-
месе ауыспалы мағынада қолданылуы ықтимал.
Сондай-ақ мәдениеттің айырмашылығынан,
ұқсамаған тілдер ара аударманың себебінен де
алуан түрлі мағыналық өзгерістерге ұшырауы
мүмкін. Сондықтан қатысты телімдерді дер-
кезінде сәйкестіріп отыру төтенше зор маңыз
алады.
3. Қазақ телімдерін мемлекет ара сәйкес-
тіру, біркелкілеу мәселесі
Бұл түрдегі мәселелер елімізде чаушян, қазақ
сияқты мемлекет шекарасын аттаған ұлттардың
телімжасам жұмысында жиі ұшырайды. Бұл
жұмысты әуелі осы заманданған информациялық
техника тәсілдеріне сүйеніп шешеміз. Одан
қала берсе, мемлекеттің қамқорлығында, ISO
(халықаралық өлшемдендіру ұйымы) сияқты
халықаралық ұйымдардың жақыннан сәйкесуі
арқылы істеледі. Мысалы, еліміздің қатысты
тараулары көп рет тай-уан, шяңгаң, аумын
оқымыс тыларымен қатысты пән атауларын
бірлікке келтіру мәселесін ақылдасудан сырт,
янбян чаушян автономиялы облысының қатысты
тараулары алдымен ортаға қойып, еліміздің
қатысты орган-тараулары оны қолдап, қуаттап,
корея, чаушян, янбян үш жақ бірлесіп, көп рет
электроника, информация, электронды есеп-
теу мәшинесі сияқты пән атауларын бірлікке
келтіргені және бірлікке келтіруді ақылдасқан
сәйкесу мәжілістері ашылғаны баршамызға
аян. Еліміздегі осындай игі құлшыныстардың
да болашақта еліміз қазақтары мен шетел
қазақтары арасында үнемі болып тұраты-
нына сеніміміз кәміл. Демек, бұл – бір тіл-
дегі телімдерді мемлекет ара сәйкестіру, бір-
келкілеу мәселесі жағындағы өте тамаша бас-
тама болды.
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
73
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына орай шетелдік және
оралман қазақ жастарының арасында «Атамекен және шетелдегі қазақ жастары»
атты гобелен және сәндік қолданбалы өнер көрмесінің
ЕРЕЖЕСІ
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы 2012 жылдың қазан айында Алматы
қаласында өтетін Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының құрылғанына және көші-
қонның басталуына 20 жыл толуына орай «Атамекен және шетелдегі қазақ жастары»
атты шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының шығармашылық көрмесін
ұйымдастыруды ұйғарып отыр.
Мақсаты: талантты шетелдегі қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі
шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани ұлттық
нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.
Міндеті: бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыла-
рын шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыздың еңбектерін көпшілікке таныту.
Көрмеге қатысу шарттары:
1. Суретшінің жас мөлшері 20-35 жас аралығында болуы тиіс;
2. Автордың өмірбаяны, толық мекенжайы және оқу орны, жұмысы, телефоны
көрсетілуі керек;
3. Гобелен (кілем, ши, алаша, кесте) шығарма көлемі – 80х150 см;
4. Керамика, зергерлік бұйым, ағаштан, теріден жасалған бұйымдардың
көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс;
Әр автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны 3-5-тен
аспауы керек.
«Атамекен және шетелдегі қазақ жастары» атты көрмеге қатысамын деген талап-
керлер 2012 жылдың 15-қыркүйек айына дейін төмендегі көрсетілген мекенжайға
жеткізілуі керек.
Жеңімпаздар сыйлықтармен және
арнайы дипломдармен мараппатталады.
Мекенжайымыз:
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі
(Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А. Индекс: 480002)
немесе ғаламтор арқылы tugan_til79@mail.ru,
kazaktar.kz@mail.ru
Телефоны: 8 (727) 273 90 25; 8 (727) 2 73 99 97.
ХАБАРЛАНДЫРУ
АТАМЕКЕН ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕГІ
ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ
74
«Біз моңғол қазақтарының артықшы-
лығын көрдік. Олардың бір емес, екі бірдей
Президенті бар еді. Екі бірдей Прези-
денттен жақсылық көру, жылы сөз есту,
екі үлкен мемлекетті тел ему басқаларға
бұйырмай, моңғол жеріндегі қазақтар ба-
сына қонған бақ...»
Қайнар Олжай.
(«Президент пырағы» кітабынан)
Қазақ елі егемендігін алған сәттен бас тап
іргесін бекітіп, қарқынды дамуы мен қатар со-
нау қырғын соғыс, қу ғын-сүргін ашаршылық
сияқты қиын-қыстау кезін де шетелге тарыдай
шашырап, жан сау ғалап жыраққа кетіп, қазіргі
таңда басынан талай қиыншылықты өткізіп,
мұңайып жүрген қандастарына бабасындай
қамқорлық жасап, әке-шешесіндей аялағанда,
оларға жұмсақ алақа нын ашқанда, қандастарын
өздерінен артық көріп, жанашырлық жасағанда,
жанына тартып мәпелегенде, қара шаңырақ иесі
бүкіл қазақстандықтар болғанына біз шексіз
қуанамыз, ішіміз елжіреп, тынысымыз кеңейіп,
масаттанып, шаттанамыз.
Қазақ елінің қамқорлығына бөлене бастаған
шетел қазақтары ел тәуелсіздігін қастерлеумен
бірге еліміздің игілігі арта берсе екен деп
тілеп қана қоймай, қара шаңырағымызға там-
шыдай болса да, өз үлесімізді қосып, елімізді,
жерімізді көздің қарашығындай қорғап,
сақтауға, қадірлеуге бар шамамен өркендетуге
ұмтылуымыз қажет деп санайды. Қазақ елі
егемендігін алып туын көтергенде, бұған
дүниежүзі қазақтарынан, тіпті бойында қазақтың
қаны бар адамдардан қуанбаған, мәз-мейрам
болып тойламаған бірде-бірі, сірә, болмаған
шығар. Біздің ұзақ жылдар бойы енесінен
айырылған ботадай боздап, өз келешегіміз бен
ұрпақ-жұрағатымыз үшін алаңдаумен күн өткізіп
жүргенімізді сезінген қазақ елі ыстық құшағын
айқара ашты. Келешегімізге сенімділік тудырып,
үмітімізді арттырып, күдігімізді үзді. Елбасы
құрған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
күні бүгінге дейін көші-қон ісін ұйымдастыруды
абыроймен атқарып келеді. Тәуелсіздік таңы
атысымен қазақ иісі бар барлық елдерге Елбасы
іссапармен барып, ондағы қандастарымызбен
кезікті, бетпе-бет әңгімелесті.
ДЖҚҚ-ғы шетелдегі қазақтардың ұлы құ-
рыл тайын төрт рет өткізуі үлкен табыс болды.
Төрт құрылтай арасында 1 миллионға жуық
қандасымыз тарихи отанына оралды. Ұлы көш-
тің көлікті болуына үлес қосқан Қауымдастық-
тың құрылғанына 20 жыл толу мерекесін
шетелдік қазақтар қуанышпен қарсы алуда.
ТӨТЕ ЖОЛДЫҢ
БЕРЕРІ МОЛ
Үзбен
ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ
Моңғолия үкіметіне
еңбек сіңірген қайраткер
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
75
Қазақ елінің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
ең алғаш Германия, Англия, Түркияда болған
іссапарында сондағы қазақтармен кездесіп,
қаншалықты толқығанын телевизор, радио, ба-
спа арқылы естіп біліп, Қазақ елінің Елбасының
жүрегінде екенімізге аса қуандық та еліміздің
ерлігіне, Елбасының қаһармандығына сүйсіне
білдік. Тіпті 1993 жылдың күзінде Моңғолияға
іссапармен барған кезде аймағымыздың әйгілі
ақын жазушысы Шынай Рахметұлының арна-
уына байланысты жазушы, журналист Қайнар
Олжай «Президент пырағы» кітабында былай
деп жазған: «Баян-Өлгий аймағының Мизамхан
баста ған азаматтары Қазақтан делегациясына
қонақа сы беруді парыз санапты. «Көк Тәңірі»
резиденциясының ішінен олар да он екі қанат
қазақы киіз үй тігіпті. Үйдің ою-өрнегі айтып
жеткізгісіз. Сол жерде үкілі домбыра алып, өзі
де үлбіреп тұрған Меруеш Башайқызы деген
қарындасымыз Қазақстан Президентіне арнау
айтты. Президент талай арнауды естіп жүргені
белгілі. Бірақ атажұрттан алыстағы жұрттың
сағынышы, аңсауы, өксігі, өкініші, үміті,
болашағы жатқан бұл арнаудың жөні бөлек
болды. Наз да бар, базына да бар, тілек те бар,
қайсарлық та бар. Бәрі-бәрі даусы ерен, әні ерен,
сөзі ғаламат осы арнаудан табылар еді.
Сонау Шыңғысхан заманынан бері осы тау-
ларды мекендеп, әлі де әне жайылып жүрген
бұғылардың өзі бұл дауыстан елең етісті. Туу
төмендегі Тоолы өзені бұл әнді іліп алып, еркін
далаға қарай алып қашты. Ал айнала қалың
жұрт шер тарқатып жатқан қарындасқа ет жүрегі
елжіреп, жанарларына жас алды. Біз Меруеш
толғауын сол жерде үнтаспаға жазып алдық.
Қош келдіңіз, Нұр-аға
Елімізге нұр ала!
Өзіңізді көргенде
Толқымай көңіл тұра ма?
Халықтың сөзін сөйлейін
Болмасын ғұлама.
Уа, дариғай-дариғай!
Жүректі шоқ қариды-ай!
Алты алашқа қол бастар,
Абылайдай аға жоқ,
Жауды жасқап, жол бастар
Жәнібектей дара жоқ.
Азған елге Абайдай
Ақыл айтар дана жоқ.
Өтеміз-ау өксумен,
Басқаларға таба боп, –
Деп аһ ұрып жүруші ек,
Дене де – дерт, сана – дерт.
Келдіңіз бе өмірге
Еліңізге пана боп.
Сол жоба-а-а-а-дан табылса,
Бізде арман, нала жоқ,
Уа, дариға-а-а-а-а-ай, дариға-ай!
Жүректі шоқ қариды-ай!
Сұлтанбысыз, нұрмысыз?
Аман-есен жүрмісіз?
Дұғай сәлем жеткізем,
Сұра елдің тұрмысын.
Қаңқылдайды алдыңда
Сыңар қанат бір құсың.
Құқай ойнап төбемде,
Құдай болып тұр мүсін.
Боданы болып бөтеннің,
Жырта-жырта жыртысын,
Күйзелумен үш ғасыр
Күн өткіздім, күйді ішім.
Тек желтоқса-а-а-ан желінде
Сізді көрдім – Тұңғышым!
Уа, дариға-а-а-а-а-ай, дариға-ай!
Жүректі шоқ қариды-ай!
Қанды бұғау қақырып,
Қайта оралды көк туым.
Алыстағы ағайын,
«Келші», деген жетті үнің.
Сөзіңізді естіді,
Аяқ асты етті кім?
Хат сөзіндей сезіндік,
Қосылса қазақ көптігін.
Керуендер бетке алды.
Көкше белдер шоқтығын.
Қайда қаным жүрсе де.
Дей алмаймын: «Тоқтығым».
Алғыс та ба-а-а-ар, айтар бар,
Шағар сізге көп мұңын.
Уа, дариға-а-а-а-ай, дариға-ай!
Жүректі шоқ қариды-ай!
Желдей ұшып жетер ем,
Жеткізбей жүр шабан ат.
Керей көші кетті алда
Кенерені жағалап.
Емен-жарқын олардың
Тірлігі де аманат,
Бұтағындай бір талдың
Бірлігі де аманат,
Бірлігі де аманат,
Тау суындай тұнық тым
Ғұрпымыз да аманат!
Алтай, Қобда бетінен
Ауған да жоқ әлі Абақ.
Артта қалған аңырап
Жұртымыз да аманат!
Алла Сізге-е-е-ей бақ беріп
Естіртпесін жаманат!
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
76
Алла Сізге-е-е-е-ей бақ беріп
Жеткізбесін жаманат!
«Ақ боз үйдің алдында арнауды тыңдап тұрып,
Президент Нұрсұлтан Назарбаев толқыды. Бұған
дейінгі талай сапарларда бұл кісі таңданысын
да, толқынысын да байқатпайтын. Әлде табиға-
тынан, әлде Президенттік қызметінен болар, өзін
сезім жетегінде жібермейтін. Тұңғиығын тербей
білсе, терең де толқиды екен», – деп жазыпты.
Шынында осы сәтте Нұрағаның көзінен жас
ытқығанын мен өз көзіммен көріп, барлығымыз
іштей елжіредік. Жүректен шыққан сөз
жүрекке жететінін, шынайы сезімнің қанша
толқытатынын осы сәтте аңғардық. Нұраға
екінші реткі сапарында Моңғолия Үкімет
үйі ішінде бір топ қазақтармен жеке кезігіп,
онда тұратын қазақтардың жай-күйін қайта-
қайта сұрап, жағдай-тіршілігімізге, келешек
ұрпағымыз өркеніне аса мән бергенін, «Кәне,
айтыңдар, қолдан келген барлық жағдайды
жасаймын, сендерді Президенттеріңе жеке-
леп тапсырып та кетемін, енді еш нәрсеге
алаң болмайсыңдар, арттарыңда біз бармыз
ғой», – деген сияқты жүрекжарды сөздері күні
бүгінге дейін ұмытылмайды. Күн санап Қазақ
елінің Елбасының қамқорлығына бөленген
шетел қазақтары, біздер, осы елге Елбасына
үнемі арқа сүйеумен келеміз. Алғашқы сапа-
рында Моңғолия қазақтарының зиялыларымен
кезіккенде, Елбасы шетел қазақтары, соның
ішінде Моңғолия қазақтары жайлы жүрекжарды
сөздер айтып, жанында жүрген еңбек министрі
Саят Бейсеновке: «Моңғолия қазақтары үшін
министрлікте бөлек бөлімше ашылсын, – деп
тапсырып, Әрмен бұлардың келіп-кетуіне,
көшуіне, екі еларалық қатынасқа Алтай асу-
лары арқылы салынатын төте жолын көлік
Министрі Нығметжан Есенғаринге тапсыра-
мын, дей келе, осыдан былай Моңғолия Баян-
Өлгей аймағы халқына тиісті көмектерді жасап
отыруды басқа жолдастарға да сенімділікпен
тапсырған. Нұрекеңмен бірге марқұм Қалдарбек
Найманбаев т.б. көптеген адамдар болды. Осы
жолды ашып, екі еларалық қарым-қатынасты
нығайтып, көшіп келуге, экономикалық сау-
да қатынасын дамытуға, жақын жолмен ешбір
бөгетсіз жиі қатынасып тұруға аса маңызды
екенін ерекшелеп айтқан. Сол күннен бастап
Баян-Өлгий қазақтары өгей де, жетім де емес
екенін, қолдау көрсетер қара шаңырағымыз
барын тіпті терең түсіндік. Таудың тауға бол-
маса да, адамның адамға қосылатыны да, ат
оралып қазығын табатыны да шындық болды.
Ұлы көш әрмен жалғаса беретіні, қазақ өзімен
өзі өсіп толғаны, әрмен толатыны да рас. Сол
үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Моңғолия
қазақтарының тіршілігімен жете танысып, екі ел
арасындағы сайрап жатқан талай жылдар бойы
ата-бабаларымыз мал айдап, жүк тасып ШҚО-
дағы Катон-Қарағай арқылы қатынап тұрған төте
жол мәселесін тез арада шешуді, Ресей жерімен
өтетін 57 шақырым дәлізжол салуды армандаған
Баян-Өлгий қазақтарының тілегін орындауды
құп көрген. Бұдан кейін де төте жолды салды-
руды өзінің жанында жүрген басшылар мен ми-
нистрлерге тапсыра келіп, дәлізжол жайын Ресей
басшыларымен өзі келісетінін де айтқан. Өткен
жылы Ресейдің бұрынғы Президенті Медведев-
ке кезіккен сәтте Нұрекең осы мәселені есіне
алып, Ресей жағының келісіміне қол жеткізді.
Өмірдің шындығына тоқтасақ, 20 жылда Қазақ
елі ғасырлық өркениетке қол созып, ғарыш
кемелерін, әуе ұшақтарын игеріп, тіпті адамның
ми тамырларына күрделі ота жасау, бүйрек, ба-
уыр, жүрек сияқты ағзаларды ауыстыру тәрізді
ірі медициналық жетістіктерге жетті. Ал мына
жолды ашу еліміз үшін көп күшке түсе қоймасы
анық. Бұл жол ашыла қалса, Моңғолия жағынан
әскери бекет орнатып, кеден құруды біз өз
мойнымызға алар едік. Қамшының сабындай
57 шақырымға жол салынса, нұр үстіне нұр жа-
уар еді, екі елдің сауда-экономикалық байланы-
сын дамытуға қосылған үлес болар еді. Қазақ
пен Моңғолия елінің арасына төте жол ашыл-
са, халқымыз, келешек ұрпағымыз қаншама
қиыншылықтардан арылар еді? Баян-Өлгийден
шыққан көлік Ресей жерімен 1500 шақырым
жерді 2-3 күн жүріп, жолда көрмегенді көріп,
әрең жетсе, төте жол арқылы небәрі екі-ақ сағат
жүріп Қазақ елі шекарасына жетер еді.
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
77
Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының 20 жылдығына орай шетелдік және
оралман қазақ жастарының арасында «Атамекен және шетелдегі қазақ жастары»
атты жыр мүшәйрасы мен термешілер
Достарыңызбен бөлісу: |